ҚМДБ Алматы аймағы өкілдігінің Әйел-қыздар секторы арнайы жиналыс өткізді.
Өкілдікке қарасты сектор жетекшісі Майгүл Аринованың ұйымдастыруымен өткен жиынға аймақтың бас имамы Қуаныш Наржанов, сондай-ақ аудандардың әйел ұстаздары қатысты.
Бас имам әр ауданда әйел-қыздар секторы жетекшілерінің жұмысын жандандырып, әйел жамағатына онлайн және офлайн дәрістер мен уағыз-насихатты көбейту керек екенін айтып өтті. Ал Майгүл Айтбайқызы жиынға қатысушыларға осы жылы атқаратын жұмыс жоспарын түсіндіріп, әр ауданға нақты тапсырмалар берді.