Сұрақ: Адам пайғамбар қанша тіл білген?
Жауап: Адам пайғамбардың қанша тіл білгені жайында нақты ақпарат жоқ. Алайда дін ғалымдары бұл туралы пайым жасаған. Мысалы пайғамбарлар өз қауымына келгендіктен сол қауымның тілін білген. Құдай Тағала «Ибраһим» сүресінің төртінші аятында: «Әр пайғамбарды ашық түсіндірсін деп елінің тілінде ғана жібердік» деп хабар береді.
Сондықтан да Ислам догмасына сәйкес Адам пайғамбар араб тілінде сөйлеуі, яһудилер мен христиандардың ойынша арамей тілінде сөйлеген болуы мүмкін. Қалай болғанда да Адам пайғамбар өз қауымының тілінде сөйлегені анық. Сонымен қатар кейбір ғалымдар Құрандағы: «Алла Адам (ғ.с.) ға барлық атауларды үйретті» деген «Бақара» сүресінің отыз бірінші аятын алған тартып, оның барлық тілді білгені туралы ой топшылаған. Аяттағы «барлық атаулар» сөзі «барлығын қамтып отыр» деген.
Жалғас САНДЫБАЕВ
Құрандағы «Бақара» сүресінің 31-аятында: «Алла Адам (ғ.с.) ға барлық атауларды үйретті» дегенде, Адам (ғ.с.) – ың жоғарғы ментал (ақыл–ой ) денесі арқылы жоғары телепаттық жолмен оқытылғаны, сонымен қатар, ақыл-ой деңгейінен биігірек деңгейдегі (асаадами – сверхчеловеческий яғни a superman – тіршілік деңгейіндегі ) рухи танымға (таным? – бұл асаадами өмірдің ұғымдары ақыл–ой деңгейінде дәлме-дәл суреттеле алмайды) телепатиядан да биік рухани жолмен (бір түрі – уаһи) баулынып (үйретіліп), оған тиісті таным құбылыстары берілгені баяндалған.
Түсіну үшін келесі сілтеме ашып, комментарийлерді оқыңыз:
https://kazislam.kz/qudajdyng-razylyghyn-qalaj-alugha-bolady/#comment-7352
https://kazislam.kz/zhanuarlar-adamnyng-kormejtinin-kore-me/
https://kazislam.kz/duniede-pajghambar-zhetpegen-qauymdar-bar-ma/#comment-7632