Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) әр адам өзінің досының дінінде екенін айтқан. Өйткені адам кіммен араласса, жақын жүрсе, соның бойындағы мінез-құлқын жұқтырады. Бұл дін саласына да қатысты мәселе. Дәстүрлі діни жолымыздан ауытқыған, теріс ағымға түскен адамдардың жанында жүрген жан да біртіндеп көзқарасын өзгерте бастауы мүмкін. Сондықтан адам кіммен дос болғанына мән беруі керек.