Бір күні ғұламаның дүкеніне барып:
– Маған киім керек боп тұр, – дедім.
– Қандай түсті? – деп сұрады. Мен көйлектің реңін айтып түсіндірдім.
– Қазір жоқ. Сабыр ет, сәті түссе, саған арнап алып қоямын, – деді.
Бір апта өтпей жаңағы мен сұраған көйлек түсіпті. Дүкенінің жанынан өтіп бара жатып, мені шақырып алды.
– Өткенде сұраған киіміңіз дүкенге түсті, – деп көйлекті көрсетті. Маған киім қатты ұнады.
– Қанша төлеп кетейін, – деп едім:
– Бір дирхам, – деп жауап берді. Таң қалып:
– Бір дирхам ба? – деп қайта сұрадым.
– Ия, бір дирхам, – деді.
– Менімен әзілдеседі деп ойламаппын.
– Жоқ, әзіл емес. Бұл киімдерді 20 динар, бір дирхамға сатып алдым. Біреуін 20 динарға сатып жібердім. Енді мына қалғаның бір дирхамға сатып отырмын. Достығымды пайдаға қолдана алмаймын, -деді Әбу Ханифа.
Асылхан ЖАҚЫПОВ