Әбу Ханифаның жомарттығы

    0
    1

    Бір күні ғұламаның дүкеніне барып:

    – Маған киім керек боп тұр, — дедім.

    – Қандай түсті? — деп сұрады. Мен көйлектің реңін айтып түсіндірдім.

    – Қазір жоқ. Сабыр ет, сәті түссе, саған арнап алып қоямын, — деді.

    Бір апта өтпей жаңағы мен сұраған көйлек түсіпті. Дүкенінің жанынан өтіп бара жатып, мені шақырып алды.

    – Өткенде сұраған киіміңіз дүкенге түсті, — деп көйлекті көрсетті. Маған киім қатты ұнады.

    – Қанша төлеп кетейін, — деп едім:

    – Бір дирхам, — деп жауап берді. Таң қалып:

    – Бір дирхам ба? — деп қайта сұрадым.

    – Ия, бір дирхам, — деді.

    – Менімен әзілдеседі деп ойламаппын.

    – Жоқ, әзіл емес. Бұл киімдерді 20 динар, бір дирхамға сатып алдым. Біреуін 20 динарға сатып жібердім. Енді мына қалғаның бір дирхамға сатып отырмын. Достығымды пайдаға қолдана алмаймын, -деді Әбу Ханифа.

    Асылхан ЖАҚЫПОВ

    Пікір жазу