Сұрақ: Имам Әбу Ханифаның ақидаға байланысты қандай еңбектері бар?
Жауап: Қазақ халқы ХІІ ғасырдан бері дәстүрлі Ислам дінін ұстанып келеді. Ханафи мәзһабы алғашқы құрылған сунни фиқһ (ислам құқық) мектебі. Бұл мазһаб Имам Ағзам Әбу Ханифаға тән болғандықтан Ханафи мазһабы деп аталады. Ханафи мәзһабының негізін қалаушы Имам Әбу Ханифаның толық есімі – Нұғман ибн Сәбит 699 жылы дүниеге келіп, 767 жылы дүниеден өткен. Әбу Ханифа сахабалардан дәріс алғандықтан «табиғин» мәртебесінде. Өз ғасырының ислам құқығы және сенім мәселесіндегі ірі ғалымы болған. Әбу Ханифа мәзһабы өзге мәзһабтармен салыстырғанда өз жамағатына көп жеңілдік беруімен де ерекшеленіп тұрады.
Халқымыздың бұл мәзһабты қабылдауының себебі өз дүниетанымы, бітімі мен болмысы, жүрегі мен ділінен орын тапқан. Үкім беруде Құран аяттары мен хадистерден бөлек, жергілікті халықтың салт-дәстүрі шариғатқа қайшы келмесе оны дәлел ретінде санаған. Мұсылман елдерінің басым көпшілігі ханафи мәзһабын ұстанады.
Әбу Ханифа сунни ақиданың қалыптасуына үлкен ықпал еткен. Ақида іліміне қатысты жазған еңбектері «Әл-Фиқһул-Әкбар» ұлы Хаммад ибн Әбу Ханифа арқылы жеткен. «Әл-Фиқһул-Әбсат» еңбегі Әбу Мутиғ әл-Балхи арқылы жеткен. «Китаб әл-Уәсия» еңбегі Мулла Хусайн ибн Искандир әл-Ханафидің шархымен бірге жарық көрген.
Имам Ағзамның еңбектерінде Алла Тағаланың сипаттары, иман ақиқаттары, Алла Тағаланы ақылмен немесе нақылмен (аят және хадистер) тану керектігі, жақсылық пен жамандықтың жаратылуы, тағдыр және өзге де сенім мәселелері қарастырылған. Әбу Ханифаның кезеңінде ақида өзі дербес ғылым саласы ретінде әлі қалыптаспаған. Ол кезеңде фиқһтың (ислам құқығы) ішіне ақидамен (сенім) қатар әдепке қатысты мәселелер де кіретін. Ал дәстүрлі сунниттік ақида ілімін жүйелеп-дамытқан ханафи мәзһабының ізбасарлары имам Әбу Мансур Әл-Матуриди, т.б. ғалымдар Абу Ханифаның діни көзқарасы негізінде ілімін жалғастырды.
Икрам АЙТАЕВ
Нұрдың кітабы: «Мәңгілік бақыттың құпия кілттері», 2 – том. Бұл том атауы – “Таңғажайып
Құран”. («Мәңгілік бақыттың құпия кілттері», 2 – том: Адам сыры, адамзат жаралуы, Жазмыш пен болмыстың құпиясы, Жан болмысы, Қызыр ата өмірі т.б. рухи тақырыптар жайлы ғылыми әңгімелер)
Еңбекте Құранның, ісләмнің (жалпы Аллаһи діннің, себебі ісләмға дейін де АллаҺ Тағала адамзатқа дұрыс, оң жолға бастайтын хақ дінді үйреткен пайғамбарлар жіберіп отырған) тереңірек немесе ой – сана тұрғысынан алғанда кеңірек мағынасы зерттелген. Еңбек авторы – Нұр – догматикалық және дәстүрлі діни ой – сана шеңберінен асып, кеңейтілген рухани сана тұрғысынан ислам діні мен Құранның тереңірек мағынасы бойынша бүгінгі күнге дейінгі адамзаттың түсіне алу қабілетінен биік болғандықтан да жалпы адамзатқа беймәлім, жасырулы болып келген сырларын түсіндірмекке тырысады. Алғашында, аталған еңбек идеялары әдеттегі ой – ұғымдарымыздың кейіне сай емес боп көрінуі мүмкін. Дегенмен, түпкі шындықты тек АллаҺ Тағала біледі. Құрандағы «Әрбір ілім иесінің үстінде бір білуші бар» (12 – «Жүсіп» сүресі, 76-аят) дейтін сөзді ұмытпалық. Сонымен бірге, Құранның «Кеһф» сүресінің 65 – 82 аяттарында баяндалған адамдардың көпшілігінің сана шеңберінен кеңірек те заңғар санаға ие Рухани Ұстаздар бар екенін де қаперге алайық.
Мазмұны:
1- Тарау. Құран құрылымы
2- Тарау. Тағдырды қайта жазу мүмкін бе
3- Тарау. Құдай сырлары
4- Тарау. Жаратылыстың адамға беймәлім тұстары
5- Тарау. Адам құпиясы
6- Тарау. Жаннат қақпасының кілті
7- Тарау. Бақи өмір бастауы
Ұлы Шақыру
Құдай Ақылындағы Нұр нүктесінен
Адамдар ақылына Нұр ағылсын
Иә, Нұр Жерге түссін.
Құдай Жүрегіндегі махаббат нүктесінен
Адамдар жүректеріне махаббат ағылсын,
Иә, Мәди Жерге оралсын.
Құдай еркі белгілі орталықтан
Мақсат адамдардың кіші еріктерін бағыттасын
Ұстаздар біліп, оған қызмет етер мақсат.
Біз адамзат деп атайтын орталықтан
Махаббат пен Нұрдың жоспары орындалсын
Және зұлымдық қақпасы мөрленсін.
Және Нұр, Махаббат әрі Құдірет
Жерде жоспарды қалпына келтірсін.
(Жоғары Рухи энергияларды Жер бетіне әкеп, бекітер ұлы тілек – Ғалами Ұстаз …. арқылы адамзатқа берілген. Кез-келген уақытта іштей қайталауға болады. Айтолысу мезеттерінде қолдану ерекше игі болмақ.)
«Анығында Құран тура жолға бастайды»
Құраннан.
«Әрбір ілім иесінің үстінде бір білуші бар»
Құран, 12 – «Жүсіп» сүресі, аят 76.
«Нендей көркем Ие! Неткен көркем жәрдемші!»
Құран, Аллаһқа мақтау
1- Тарау. Құран құрылымы
… Құран Карим яғни Қасиетті Құран мәңгілік әлемдерден келген. Мұнда бүкіл болмыстың – соның ішінде (с.і.) адам мен адамзаттың – тіршілік етуінің басты механизмдері мен принциптері баяндалады… … Мәңгіліктің Кітабы 114 сүреден (тараудан) тұрады… Әр сүре сөйлем не сөз тіркестері болып табылатын аяттардан құралады… … Қасиетті Құран Мәңгілік Болмыстың тылсым рухи қабаттарының арғы бетіндегі, заңғар шыңи деңгейіндегі Лаух Махфуздан яғни Тағдыр тақтасынан көшірілген…
…Динамикалық, қарқынды сана кеңейту «мүридтің» – оқушының – өмірінде 4 – Ағару алғанға дейін үздіксіз түрде жалғасуы тиіс. Бұл «Білімді Қытайдан болса да іздеңдер» деген пайғамбар ғ.с. сөзінің ұлылығын білдіреді. Ілім алу 40 парыздың бірі – сонымен қатар, әуелгісі – деп неге саналарының да мәні енді айқынырақ болуы керек…
…Лаух Махфуз – АллаҺ Тағала ілімі мен сырларына толы жазу беті. Одан көшірілген зат адамға тек шарапат, рахмет пен барлық қиыншылықтардан құтқару әкелетінін осыдан–ақ түсінуге болмас па?! …Лаух Махфуз не? Ол – саны таусылмайтын, шетсіз бітпейтін өлшемді кеңістік кітабы. Түпкі Даналық тақтасы әрі таңғажайып сырлар сандығы, барша мәңгілік тұрақты игілік пен дәулет қоймасы…
…Қасиетті Құран Лаух Махфуз деңгейінен адамзат өмір сүретін мына әлемге жеткенге дейін 7 рухи ернеуді басып өтті. Соның ішінде Бәйтүл – Мағмұр мен Бәйтүл – Изза деп аталатын мәңгіліктердегі пейіштік таңғажайып ғибадатхана–сарайларға жеткізілді… …Құрандағы тығулы, жасырулы ақпарат көлемі ты–ы–ым көп болғандықтан, сөзді ықшам идеялар түрінде жалғайық…
…«Адам ақыл–ойымен – ақ Жаратушыны таба алады», деген ислам ғалымы Матуриди сөзінде ұлық шындық бар… Құран – АллаҺ Тағаладан адамзатқа келген рахмет (соның ішінде, құтқарылу мен барлық қазыналар тығылған жерге апарар қақпа), шипа мен тура жол. Оның заңғар мағынасының бергі шетін түсінуді кемелдеу үшін медитацияның яғни оған ақыл–ой жіберудің, соның ішінде (намазды қоса алғанда) арнайы медитациялық жаттығудың мәні зор…
…Исламдағы Ашура күні, Бараат, Ләйләт–үл–Рағайб пен Қадір түндерінде ораза ұстау – адамды рухи еркіндендіре түспек…
…АллаҺ Тағала түсірген Құранда бүкіл Болмыс туралы шетсіз мол ақпарат шифрленгені бірінші томда айтылды… Құранда «Біз өзіңе қайталанатын 7 – ні бердік» дегенмен мағыналас сөз айтылады. Кейбіреу мұнда Фатиха яғни Құранның 1- сүресі айтылды дейді. Рас, дегенмен, тек «Фатиха сүресі айтылды» деумен тыну, өңге мағына іздеп, ой жібермеу – бұл көбіне діннің сыртқы жолын ұстанушыларға тән нәрсе.
Негізінде іштей, тереңірек рухи мән тұрғысынан алғанда бұл сөзде көп мағына бар. Соның ішінде адамзаттың рухани эволюциясының сатылы түрде 7 ғаламшар – глобуста кезеңмен жүретіні меңзелген. Бұл орасан – алып уақыт периодтарын алатын, эйион немесе эондарға созылатын процесс. Төмендегі сызбада (1 – сызбада) эволюцияның қайталанып келетін бағыты көрсетілді. A, B, C, D, E, F, G ғаламшарының әрбірінде адамзат өзінің әр ғаламшар яғни планетадағы тіршілік ету ахуалына сай ортада тіршілік етеді, материалдық әрі рухи тәжірибе жинап, соңында бір саты биігірек көтеріледі де дамудың келесі сатысына яғни келесі тұрған ғаламшарға өтеді (Адамзат эволюцияляқ сапарының соңында, яғни G ғаламшарында осындай 7 әлемнен тұратын, алайда рухи деңгейі бұдан да заңғарырақ, Мәңгілік эволюция барысында келесі боп келетін 7 ғаламшар–глобус тізбегіне өтуге даяр болады… Кейін сонда адамзат жаңа эволюцияны жалғастырады)…
…Эволюция – бұл екі бағытта өтетін құбылыс. Дұрыстап зерделегенде, сызбада A планетасының G, ал B планетасының F, C планетасының E планетасымен деңгейлес боп тұрғаны көрінеді. D ең төменгі деңгейде тақ тұр.
…Ғаламшар деңгейі сызбада неғұрлым биігірек болған сайын ондағы эволюция да соншалықты рухтанған тіршілік ортасында яғни атмосферада өтеді. Эволюцияның әуелгі бағытында – A, B, C, D глобустарында – адамзат дамуы үсті–үстіне, бұл тізбектегі әр келесі планетаға өткен сайын затшылдана, материалистене береді. Рух адамзат эволюциясының бұл бағытында үсті – үстіне көлегейлене береді, оның үстінен тұмшалап тұрған материалистік сыртқы киім – қабықтары қалыңдай түседі (Рух, жан мен олардың материалистік қабаттары туралы қараңыз: Нұр. «Мәңгілік бақыттың құпия кілттері», 1 – том)…
…1 – томда былай делінді: «Адам 7 денеден құралады. Бұлар – кәдімгі физикалық (көзге көрініп тұрған), эфир, астрал (сезім), ментал (ой), буддхи (интуиция немесе Нұр-Мұхаммед), атма (Рухи Жан) және монада (Рух) денелері. Адамның физикалық денесі әдетте киім киіп жүретіні тәрізді, ең жоғары адам – монада (Рух) – та қалған денелерді (яғни, физикалық, эфир, астрал (сезім), ментал (ой), буддхи (интуиция немесе Нұр-Мұхаммед), атма (Рухи Жан) денелерін) бірінің үстінен бірін қабаттап киіп жүреді. Монада (Рух) өз сыртынан – кәдімгі адамның сыртына киім киері тәрізді – атма денесін киеді. Кейін Атма денесі өз кезегінде буддхи (интуиция немесе Нұр-Мұхаммед) денесін киеді. Одан соң ой денесі буддхи сыртынан киіледі, осы тәрізді: ментал дене астрал денені, ал астрал дене физикалық денені киеді.
Көзге көрінетін физикалық денеден өзге денелер нәзік нұрдан тұрады, сондықтан әдетте олар көрінбейді. Өз бойында бұларды көру қабілетін ашқан адамдар ол денелерді байқай алады (Жоғары айтылғанды тереңірек түсіну үшін адам құрылысы бейнеленген 1-cызбаға назар аударыңыз).
7 дене сәйкес әлемдерде қолданылады. Мәселен, физикалық денені біз айналамыздағы физикалық әлемде жүріп-тұруға қолданамыз. Бұл әлемнен өзге – эфир, астрал (сезім), ментал (ой), буддхи (интуиция немесе Нұр-Мұхаммед), атма (Рухи Жан) және монада (Рух) әлемдері бар.»…
…D глобусында адам мен адамзат болмысының материялизмі өзінің шеткі даму шебіне жетеді. Мұнда сыртқы өмірде рух неғұрлым көлегейленіп, затшылдық тіршіліктің барша саласында үстемдік құрады. Қазір адамзат осы D глобусында өз тіршілігін жалғастырып жатыр. Оқырманға, айнала ортада материализмнің қаншалықты етек алғанын айтпаса да түсінуге болады. Дегенмен, адамзат осы D глобусындағы төменге (үсті–үстіне затшылдыққа) – биікке (үсті–үстіне рухшылдыққа) бағытталатын әрі төмендегі сызбамен дәл сай болатын дерлік дөңгелек пішінді эволюцияның ең төменгі нүктесінен өтті. Енді адамзат эволюциясы үсті – үстіне рухтанып келеді.
…D глобусынан кейін адамзат эволюциясы біртіндеп үсті – үстіне рухтана беретін бағытта – E, F, G ғаламшарындағы тіршілікке – өтеді. Рух адамзат эволюциясының бұл бағытында үсті – үстіне манифестациялана яғни көрінеулене береді, оның үстінен тұмшалап тұрған материалистік сыртқы киім – қабықтары сирей түседі. G ғаламшарында адам мен адамзат болмысының рухшылдығының дамуы өзінің шыңына жетеді. Мұнда – өңге барлық планеталармен салыстырғанда – сыртқы (көз үшін көрінеу, заттық) әрі іштегі (рухани) өмірде рух неғұрлым көрінеуленіп, рухшылдық тіршіліктің барша саласында үстемдік құрады. Әр ғаламшардың тіршілік ету ортасы алуан түрлі екенін осы арада айта кету дұрыс…
Сызбаны зерделегенде, A планетасының G, B планетасының F, C планетасының E планетасымен мөлшермен сай түрде деңгейлес болғаны көрінеді. Дегенмен, G – A–дан биігірек, F – B–дан, E – C–дан биігірек энергетикалық деңгейде қоныс тепкен.
Яғни, адамзаттың төменгі бағыттағы эволюция барысында жинаған тәжірибесі мен атқарған эволюциялық еңбегі оған – эволюциялық дөңгелекпен оралу барысында – биігірек сатыдағы ғаламшарға көтеріліп, эволюция тәжірибесін әрмен жиюына жол ашады… A планетасы едәуір ғаламшарлардан биігірек тұрса да, G ғаламшары одан биігірек тұр. Яғни, бұл эволюциялық сапар барысында адамзат 7 ғаламшардағы ұлы эволюцияны бастан кешіп, жаңа тіршілік тәжірибесін жинап, түбінде эволюциялық сапарын бастау нүктесіне (деңгейіне) қарағанда – А ғаламшарындағы – әлдеқайда тәжірибелі де рухи кемелденген жаңа тіршілік деңгейіне көтеріледі – ол G ғаламшары. Өңге сөзбен айтқанда, адамзат АллаҺ Тағалаға бір саты таяй түседі. G ғаламшарының сызбада А ғаламшары деңгейінен биігірек тұруының мәні осында. «Жаннаттан қуылу» және мүміндердің (рухи және материалдық тіршілігі мен парыздарын дұрыс атқарған адамдардың) жаннатқа оралатыны туралы Құран сөзінің тағы бір мәні осыны да меңзейді… … Құрандағы: «Аллаһқа қайтасыңдар» сөзінің тағы бір мәні де осы…
1 – сызба. Адамзат эволюциясының жолы. (мына сайттың мүмкіндіктері шектеулі болғаны себепті, сызба мұнда көрінбейді. Сызбаны интернеттен көшіру сілтемесі сәл кейінірек беріледі.)
Бұл ғаламшарларда эволюциядан өту адамзат үшін көптеген миллион жыл алады.
(Жалғасы бар.)
2 – тарау. Тағдырды қайта жазу мүмкін бе?
…Миллиондаған жылдар бұрын, 4 – нәсіл заманында Ригден Джапо, Ғалами Ұстаз, ұлы эволюциялық сапарда адамзаттың 4 – дөңгелектің, 4 – шеңберінің құлдилау бағытымен кетіп бара жатқанын (алда әлі адам мен бүкіл адамзат болмысында материализмнің үстемдігінің есе алуының ең төменгі нүктесі бар екенін) біле тұра – яғни, Жер бетінде материализм жаппай үстем алып кетерін біле тұра – адамзатты рухи азаттық алу ісіне жалынды үндеп, табандылықпен әрекеттенген… 4 – нәсіл заманында ақ пейілді иманды сенім иелерінің жаулары – нағыз материалистер бой алып кетті де, Ғалами ұстаздар көріністен кетіп, бой тасалауға шешім қабылдаған. Бұл нағыз бір бітіспес дұшпандар майданы еді және әлі солай. …Талай қан төгілді… Нәтижесінде әлі күнге дейін Ғалами ұстаздар құпия не жартылай құпияда өмір сүруде. Ал рухи энергияларды нағыз әділетсіздік пен нағыз өзімшіл қиянатқа қолданатын қара магия залымдығының әдісіне сенген топ, «қарабеттер» тобы – Ғалами ұстаздар жаулары – адамзаттың уақытша жаппай материализм заманында екенін пайдаланып, Ғалами ұстаздарды – Иерархияны немесе Нұр Иерархиясын – тықсыра алғанымен, артынан өздері бүкіләлемдік топан су апатынан құрдымға кетіп, жойылған).
…Қара ниет залымдар әр уақытта өз істегені үшін тартатын Аллаһ тарабынан келер жазасынан аман кетпейді…
…Соңғы бірнеше миллион жылдағы әр уақытта Ғалами Ұстаздарға дұшпандары – бүкіл адамзат эволюциясының жаулары – бөгет жасап келеді. Киелі ақпараттың тығулы, жасырулы болатынының тағы бір сыры осында – «арналмағандар» қолына ол ілім тимеуі тиіс…
…Бүгінде, жаңа шарттар аясында Ригден Джапоның ол кездегі ең таяу мүридтері (оқушылары) – адамзаттың ең төменгі эволюциялық нүктені басып өтіп, артқа тастаған, рухи даму сатысы бойынша енді тек көтерілуге бағыт алған шарттар аясында – айқын басымдықпен адамзаттың рухи көтерілу жолындағы рухи бөгеттерді күл – талқан ете, бауырластықты алға тартып келеді. Өңге де Ғалами Ұстаздармен бірге…
…«Және өзіңе бұрынғы пайғамбарларды баян еттік, сондай–ақ пайғамбарлардан өзіңе баян етпегеніміз де бар» (Құран, «Ниса» сүресі, 164 – аят)… Мұнда «баян етілмеген» ретінде – өңгемен қатар – кей Ғалами Ұстаздар айтылып отыр.
«Игі істер істеуде жарысыңдар» дейді Аллаһ Құранда («Бақара» сүресі, 148 – аят)…
… Өткен ғасырдағы бүкіл әлемнің рухи эволюциясын – ғаламға өзінің саяси билігін күштеп матап–таңу арқылы – тоқтатпақ болған тоталитарлық кеңес империясы да іштен берілген қиратушы рухи әсерден күл–талқан боп кеткен… Бұл тепкі мейірімге толы болды – империя ыдырауы қансыз өтті…
… Құранда «Жер жүзінде нақ сенушілерге дәлелдер бар. Сондай – ақ өздеріңде де бар…» (51 – «Зәрят» сүресі, 20, 21 – аяттар) деп айтылады… Мысалы, адам бір өзі естіп көңіліне ұнаған өлең сөзін қайталап айтса, ол өлең сөзінде айтылған ахуалды өзінің келер уақыттағы өміріне ендіруге әрекет еткен болады. Адам неғұрлым жан – дүниесімен беріліп айтқан сайын, өлеңдегі ахуал соншалықты оның өмірінде орын алуға бейім келеді. Яғни, адам бойындағы АллаҺ Тағала сыйлаған рухи қабілетті пайдаланып өз өмірінің желісін өзі жасайды.
…Егер әндегі сөздер қайғылы боп, уайыммен тұмшаласа адамның да келер уақта қиын ахуалға душар боп, уайым жеп жүруі ықтималдығы артады. …Егер әндегі сөздер қуанышты боп, разылыққа бөлесе адамның да келер уақта разы бір ахуалда болуының ықтималдығы артады. Осы арада, ән сөзі материализация, нақтылануға кетіп, өмір шындығына айналуы үшін арада көптеген айлар не жылдар өтерінің мәнісін есепке алу керек… Өстіп, кей адамдар мүлде бөтен біреудің айтқан қайғылы әнін естіп, оны беріле қаншама қайталаймын деп жүріп, өз–өзіне кесір істеп алуы әбден мүмкін. «Игі сөз – жарым ырыс» мақалының бір мәні… Төнген қауіпті дұға, Құдайдан тілеу қайтаратыны жайлы хадис бар… Адамға тіл мен ойды, сезімді АллаҺ Тағала тегін сыйламады – бұлар өмірді игілендіре, жеңілдендіре түсу үшін берілген ұлы құрал…
Әдемі әуенді ести отырып, мысалы, биігірек рухи пландар тіршілігіне ақыл–оймен ынта қоюға болады – яғни, ойды биігірек рухани пландарға концентрациялаған түрде медитация істеуге болады. Медитация (ойды әрі сананы бір нүктеге жиыстыру, концентрациялау) – адамды биігірек пландағы тіршілікке жалғайтын құрал…
…Аяқасты бөтен біреулердің себебінен уайым мен қайғы тудырар әуен естуге тура келсе, онда ондай теріс ойлар мен сезімдерге берілмеу керек – Құранның соңғы екі сүресін («Фалақ», «Нас») іштей қайталау арқылы, іштей: «Жаратқан нәрсеңнің кесірінен қорға», – деп Аллаһтан пана тілеумен рухи серпіп тастау қажет… Теріс зарядты өлеңдердің сөзі мен ондай мелодияны, ондай зарядты сөздерді естіп, сезінбеуге әрдайым даяр тұру керек…
…Рухизат – бірлән (біртұтас)…
.Айтылған не ойға алған жобаны рух күшімен материализациялау жолы бар (ой жіберіңіз, соның ішінде осы сөйлемнің алдында ғана айтылғанға)…
Күн атпай тұрған, қызыл арай бар кездегі таң уақыты – тілектер тілеу үшін ерекше артықшылықты, қолайлы саналады…
…Аллаһ жер жүзіндегі мен көктегінің пешенесін алдын – ала белгілеумен жаратылысты мүлде еріксіз жаратты деген ұғым да кей адам ойына келуі мүмкін. Алайда, тағдырдың бұлай күнілгері анықталып қойылғаны туралы сөз АллаҺ Тағаланың адам парасаты түсініп жете алмайтын, Биік Әділетіне нұқсан келтіре алмайды.
АллаҺ Тағала жер жүзіндегі мен көктегі күллі тіршілік иелерінің тағдырын әуелден Лаух Махфуздың кітабына жазып қойған делінеді. Лаух Махфуз негіз–ана кітап болады да, одан өңге Аллаһ жанында Лаух Маху және Лаух Исбат тағдыр кітаптары бар екені айтылады. Міне, бұл тағдыр кітаптарында Құдай қалағанын өшіріп, қалағанын сол күйінде қалдырады. Осы тәрізді, адам тағдырының бөгделеніп, не бөгделенбей бұрыннан бар қалпында қала беруі де Аллаһ еркінде. Құранда бұл туралы: «Аллаһ қалағанын өшіреді, қалағанын қалдырады. Негізгі Кітап (Уммул Китаб) Оның қасында», – деп анық айтылған (13-«Рағыд» сүресі, 39-аят). АллаҺ Тағала қаласа, пендесінің тағдырын не қазасын бөгделеп, өңге етіп жіберуі мүмкін. Дегенмен, бұл мәселеде пенденің ниеті мен іс – әрекеті басты рөл ойнайды. Келесідей хадистер бұл туралы көп нәрсені аңғартады:
«Бір күні пайғамбар ғалейхис–салам (ғ.с.)* (*ғалейхис – салам (араб.) – «Оған Алланың сәлемі болсын». Пайғамбарлар есімі айтылғанда исламда әдетте бірге қолданылар сөз – тілеу.) жолда келе жатады да құлайын деп тұрған ғимарат маңынан өтіп бара жатып, жылдам жүреді. Сонда, қасындағы серіктері: “Ей, Алланың елшісі, Аллаһтың қазасынан қашып барасыз ба?“ – деп сұрағанда, пайғамбар ғ.с.: “Аллаһтың қазасынан Аллаһтың тағдырына (қадарына) сыйынамын”, – деп жауап береді.»
Мұсылманның әуелгі 4 халифінің бірі болған Омар р.а. («разиаллаһу анһу» – «Оған Аллаһ разы болсын!» тілеуі, пайғамбар ғ.с. – ны көрген серіктеріне айтылады) хижридің 18 жылы Шамға бармақ боп жол жүреді. Жолда Сәрғ атты елді мекенге жеткенде, Шамда оба ауруының таралғанын естіп кері қайтпақ болады. Сонда Шам қолбасшысы Әбу Убайда ибн әл – Жаррах р.а.: «Ей, мүміндер әміршісі! Аллаһ тағдырынан қашпақсыз ба?» – дегенде, Омар р.а. оған: «Ей, Әбу Убайда! Әттең, бұл сөзді сенен өңге жан айтқанда ғой! Иә, Аллаһтың тағдырынан қайтып, Аллаһтың тағдырына қашып барамыз. Тағдырға не жазылғанын бір Аллаһ біледі. Мәселен, сенің жайылымға барған түйелерің, бір тарабы тақыр, оттығы жұтаң, бір тарабы шалғынды сай ішінде енді делік. Сен түйелеріңді шалғынды, шайырлы жотаға жайып тойдырсаң да, немесе шөпсіз, тақыр жотаға жайып аш болған күйі қалдырсаң да, Аллаһ тағдырына сай әрекет еткен болмайсың ба!?» – деп қисынды жауап береді. Омар р.а. ұсынысына Әбу Убайда ибн әл – Жаррах р.а. құлақ аспай,
тағдырда жазылғанын көрермін деген ниетпен Шамға кетеді. Кейіннен осы Әбу Убайда мен өңге де беделді бірқатар пайғамбар серіктестерінің р.а. осы оба ауруынан шейіт болған хабары ол кездегі халифаттың басты қаласының бірі Мәдинеге жетеді. Хижридің 18 жылы осы Шам өлкесінде таралған «Амуас обасы» індетінен 25 мың адам шейт боп, көз жұмады.
Омар р.а. – дың тағдырдың бөгделенуі, қайта қалыптастырылуы үшін Аллаһқа үнемі дұға еткені белгілі. Ардақты халиф р.а. былай деп дұға ететін: «Аллаһым! Егер есімімді жамандар, тамұқтықтар арасында жазып қойған болсаң, атымды ол жерден өшір! Егер сайдтардың (бақыттылар, жаннаттықтар) арасында жазсаң, сол жерде берік қыл. Себебі, сен: “Аллаһ қалағанын өшіреді, қалағанын қалдырады. Негіздік Кітап (Уммул Китаб) Оның қасында (13-«Рағыд» сүресі, 39-аят)”, деп айттың. Сенің бұл сөзің хақ».
Егер тағдыр мен қаза бөгделенбейтін, қайта қалыптастырылмайтын, яғни адам қолынан тағдырын бөгделеу келмейтін болса, Пайғамбар ғ.с. мен Омар р.а. бұлай істемес еді әрі артында әлгідей ғибратты оқиға қалдырмас еді. Яғни, тағдырдың қайта қалыптастырылуы пенде тілеуі (Аллаһтан) әрі Аллаһ қалауымен болатын жайт (Кітап соңындағы пайдаланылған әдебиет тізімінен осы тақырыпқа қатысты «Ислам және өркениет» кәзитінің көрсетілген санын зерделеңіз).
Парасаты кең де өткір мүмін үшін, осы тұста тағдыр, тіршілік, өмір туралы шыңырау терең тамаша бір – Аллаһтың Заңғар Құдіретімен байланысты – сырдың ұшы тағы да қылаң берді. Құдайдың: «Әлбетте көктер мен жерді жарату адамдарды жаратудан зор. Бірақ адамдардың көбі түсінбейді», деп айтатынында қаншама Ұлы ақиқат пен білім жатыр (Құран, «Ғафыр» сүресі, 57)! Расында Аллаһтың рахметі таяу екені, Одан күдер үзбеу (!) жайлы айтылады Құранда…
Үнемшілдіктің де мәнінің ұлықтығы Құранда да, хадисте де айтылған. Үнем – алдыңғы Күн жүйесіндегі (осындай Күн жүйелерінің әуелгісіндегі) материя эволюциясының нәтижесі болып табылады. Біздер қазір Күн жүйесінің 2- шісіндеміз. Күн жүйелерінің саны және оларда адамзаттың игерер рухи қасиеттері жайлы ақпаратпен осы еңбектің 1- томын зерделеп, таныса аласыз.
(Жалғасы бар.)