Сұрақ: Имам Әбу Ханифаның ақидаға байланысты қандай еңбектері бар?
Жауап: Қазақ халқы ХІІ ғасырдан бері дәстүрлі Ислам дінін ұстанып келеді. Ханафи мәзһабы алғашқы құрылған сунни фиқһ (ислам құқық) мектебі. Бұл мазһаб Имам Ағзам Әбу Ханифаға тән болғандықтан Ханафи мазһабы деп аталады. Ханафи мәзһабының негізін қалаушы Имам Әбу Ханифаның толық есімі – Нұғман ибн Сәбит 699 жылы дүниеге келіп, 767 жылы дүниеден өткен. Әбу Ханифа сахабалардан дәріс алғандықтан «табиғин» мәртебесінде. Өз ғасырының ислам құқығы және сенім мәселесіндегі ірі ғалымы болған. Әбу Ханифа мәзһабы өзге мәзһабтармен салыстырғанда өз жамағатына көп жеңілдік беруімен де ерекшеленіп тұрады.
Халқымыздың бұл мәзһабты қабылдауының себебі өз дүниетанымы, бітімі мен болмысы, жүрегі мен ділінен орын тапқан. Үкім беруде Құран аяттары мен хадистерден бөлек, жергілікті халықтың салт-дәстүрі шариғатқа қайшы келмесе оны дәлел ретінде санаған. Мұсылман елдерінің басым көпшілігі ханафи мәзһабын ұстанады.
Әбу Ханифа сунни ақиданың қалыптасуына үлкен ықпал еткен. Ақида іліміне қатысты жазған еңбектері «Әл-Фиқһул-Әкбар» ұлы Хаммад ибн Әбу Ханифа арқылы жеткен. «Әл-Фиқһул-Әбсат» еңбегі Әбу Мутиғ әл-Балхи арқылы жеткен. «Китаб әл-Уәсия» еңбегі Мулла Хусайн ибн Искандир әл-Ханафидің шархымен бірге жарық көрген.
Имам Ағзамның еңбектерінде Алла Тағаланың сипаттары, иман ақиқаттары, Алла Тағаланы ақылмен немесе нақылмен (аят және хадистер) тану керектігі, жақсылық пен жамандықтың жаратылуы, тағдыр және өзге де сенім мәселелері қарастырылған. Әбу Ханифаның кезеңінде ақида өзі дербес ғылым саласы ретінде әлі қалыптаспаған. Ол кезеңде фиқһтың (ислам құқығы) ішіне ақидамен (сенім) қатар әдепке қатысты мәселелер де кіретін. Ал дәстүрлі сунниттік ақида ілімін жүйелеп-дамытқан ханафи мәзһабының ізбасарлары имам Әбу Мансур Әл-Матуриди, т.б. ғалымдар Абу Ханифаның діни көзқарасы негізінде ілімін жалғастырды.
Икрам АЙТАЕВ
Нұрдың кітабы: «Мәңгілік бақыттың құпия кілттері», 2 – том. Бұл том атауы – “Таңғажайып
Құран”. («Мәңгілік бақыттың құпия кілттері», 2 – том: Адам сыры, адамзат жаралуы, Жазмыш пен болмыстың құпиясы, Жан болмысы, Қызыр ата өмірі т.б. рухи тақырыптар жайлы ғылыми әңгімелер)
Еңбекте Құранның, ісләмнің (жалпы Аллаһи діннің, себебі ісләмға дейін де АллаҺ Тағала адамзатқа дұрыс, оң жолға бастайтын хақ дінді үйреткен пайғамбарлар жіберіп отырған) тереңірек немесе ой – сана тұрғысынан алғанда кеңірек мағынасы зерттелген. Еңбек авторы – Нұр – догматикалық және дәстүрлі діни ой – сана шеңберінен асып, кеңейтілген рухани сана тұрғысынан ислам діні мен Құранның тереңірек мағынасы бойынша бүгінгі күнге дейінгі адамзаттың түсіне алу қабілетінен биік болғандықтан да жалпы адамзатқа беймәлім, жасырулы болып келген сырларын түсіндірмекке тырысады. Алғашында, аталған еңбек идеялары әдеттегі ой – ұғымдарымыздың кейіне сай емес боп көрінуі мүмкін. Дегенмен, түпкі шындықты тек АллаҺ Тағала біледі. Құрандағы «Әрбір ілім иесінің үстінде бір білуші бар» (12 – «Жүсіп» сүресі, 76-аят) дейтін сөзді ұмытпалық. Сонымен бірге, Құранның «Кеһф» сүресінің 65 – 82 аяттарында баяндалған адамдардың көпшілігінің сана шеңберінен кеңірек те заңғар санаға ие Рухани Ұстаздар бар екенін де қаперге алайық.
Мазмұны:
1- Тарау. Құран құрылымы
2- Тарау. Тағдырды қайта жазу мүмкін бе
3- Тарау. Құдай сырлары
4- Тарау. Жаратылыстың адамға беймәлім тұстары
5- Тарау. Адам құпиясы
6- Тарау. Жаннат қақпасының кілті
7- Тарау. Бақи өмір бастауы
Ұлы Шақыру
Құдай Ақылындағы Нұр нүктесінен
Адамдар ақылына Нұр ағылсын
Иә, Нұр Жерге түссін.
Құдай Жүрегіндегі махаббат нүктесінен
Адамдар жүректеріне махаббат ағылсын,
Иә, Мәди Жерге оралсын.
Құдай еркі белгілі орталықтан
Мақсат адамдардың кіші еріктерін бағыттасын
Ұстаздар біліп, оған қызмет етер мақсат.
Біз адамзат деп атайтын орталықтан
Махаббат пен Нұрдың жоспары орындалсын
Және зұлымдық қақпасы мөрленсін.
Және Нұр, Махаббат әрі Құдірет
Жерде жоспарды қалпына келтірсін.
(Жоғары Рухи энергияларды Жер бетіне әкеп, бекітер ұлы тілек – Ғалами Ұстаз …. арқылы адамзатқа берілген. Кез-келген уақытта іштей қайталауға болады. Айтолысу мезеттерінде қолдану ерекше игі болмақ.)
«Анығында Құран тура жолға бастайды»
Құраннан.
«Әрбір ілім иесінің үстінде бір білуші бар»
Құран, 12 – «Жүсіп» сүресі, аят 76.
«Нендей көркем Ие! Неткен көркем жәрдемші!»
Құран, Аллаһқа мақтау
1- Тарау. Құран құрылымы
… Құран Карим яғни Қасиетті Құран мәңгілік әлемдерден келген. Мұнда бүкіл болмыстың – соның ішінде (с.і.) адам мен адамзаттың – тіршілік етуінің басты механизмдері мен принциптері баяндалады… … Мәңгіліктің Кітабы 114 сүреден (тараудан) тұрады… Әр сүре сөйлем не сөз тіркестері болып табылатын аяттардан құралады… … Қасиетті Құран Мәңгілік Болмыстың тылсым рухи қабаттарының арғы бетіндегі, заңғар шыңи деңгейіндегі Лаух Махфуздан яғни Тағдыр тақтасынан көшірілген…
…Динамикалық, қарқынды сана кеңейту «мүридтің» – оқушының – өмірінде 4 – Ағару алғанға дейін үздіксіз түрде жалғасуы тиіс. Бұл «Білімді Қытайдан болса да іздеңдер» деген пайғамбар ғ.с. сөзінің ұлылығын білдіреді. Ілім алу 40 парыздың бірі – сонымен қатар, әуелгісі – деп неге саналарының да мәні енді айқынырақ болуы керек…
…Лаух Махфуз – АллаҺ Тағала ілімі мен сырларына толы жазу беті. Одан көшірілген зат адамға тек шарапат, рахмет пен барлық қиыншылықтардан құтқару әкелетінін осыдан–ақ түсінуге болмас па?! …Лаух Махфуз не? Ол – саны таусылмайтын, шетсіз бітпейтін өлшемді кеңістік кітабы. Түпкі Даналық тақтасы әрі таңғажайып сырлар сандығы, барша мәңгілік тұрақты игілік пен дәулет қоймасы…
…Қасиетті Құран Лаух Махфуз деңгейінен адамзат өмір сүретін мына әлемге жеткенге дейін 7 рухи ернеуді басып өтті. Соның ішінде Бәйтүл – Мағмұр мен Бәйтүл – Изза деп аталатын мәңгіліктердегі пейіштік таңғажайып ғибадатхана–сарайларға жеткізілді… …Құрандағы тығулы, жасырулы ақпарат көлемі ты–ы–ым көп болғандықтан, сөзді ықшам идеялар түрінде жалғайық…
…«Адам ақыл–ойымен – ақ Жаратушыны таба алады», деген ислам ғалымы Матуриди сөзінде ұлық шындық бар… Құран – АллаҺ Тағаладан адамзатқа келген рахмет (соның ішінде, құтқарылу мен барлық қазыналар тығылған жерге апарар қақпа), шипа мен тура жол. Оның заңғар мағынасының бергі шетін түсінуді кемелдеу үшін медитацияның яғни оған ақыл–ой жіберудің, соның ішінде (намазды қоса алғанда) арнайы медитациялық жаттығудың мәні зор…
…Исламдағы Ашура күні, Бараат, Ләйләт–үл–Рағайб пен Қадір түндерінде ораза ұстау – адамды рухи еркіндендіре түспек…
…АллаҺ Тағала түсірген Құранда бүкіл Болмыс туралы шетсіз мол ақпарат шифрленгені бірінші томда айтылды… Құранда «Біз өзіңе қайталанатын 7 – ні бердік» дегенмен мағыналас сөз айтылады. Кейбіреу мұнда Фатиха яғни Құранның 1- сүресі айтылды дейді. Рас, дегенмен, тек «Фатиха сүресі айтылды» деумен тыну, өңге мағына іздеп, ой жібермеу – бұл көбіне діннің сыртқы жолын ұстанушыларға тән нәрсе.
Негізінде іштей, тереңірек рухи мән тұрғысынан алғанда бұл сөзде көп мағына бар. Соның ішінде адамзаттың рухани эволюциясының сатылы түрде 7 ғаламшар – глобуста кезеңмен жүретіні меңзелген. Бұл орасан – алып уақыт периодтарын алатын, эйион немесе эондарға созылатын процесс. Төмендегі сызбада (1 – сызбада) эволюцияның қайталанып келетін бағыты көрсетілді. A, B, C, D, E, F, G ғаламшарының әрбірінде адамзат өзінің әр ғаламшар яғни планетадағы тіршілік ету ахуалына сай ортада тіршілік етеді, материалдық әрі рухи тәжірибе жинап, соңында бір саты биігірек көтеріледі де дамудың келесі сатысына яғни келесі тұрған ғаламшарға өтеді (Адамзат эволюцияляқ сапарының соңында, яғни G ғаламшарында осындай 7 әлемнен тұратын, алайда рухи деңгейі бұдан да заңғарырақ, Мәңгілік эволюция барысында келесі боп келетін 7 ғаламшар–глобус тізбегіне өтуге даяр болады… Кейін сонда адамзат жаңа эволюцияны жалғастырады)…
…Эволюция – бұл екі бағытта өтетін құбылыс. Дұрыстап зерделегенде, сызбада A планетасының G, ал B планетасының F, C планетасының E планетасымен деңгейлес боп тұрғаны көрінеді. D ең төменгі деңгейде тақ тұр.
…Ғаламшар деңгейі сызбада неғұрлым биігірек болған сайын ондағы эволюция да соншалықты рухтанған тіршілік ортасында яғни атмосферада өтеді. Эволюцияның әуелгі бағытында – A, B, C, D глобустарында – адамзат дамуы үсті–үстіне, бұл тізбектегі әр келесі планетаға өткен сайын затшылдана, материалистене береді. Рух адамзат эволюциясының бұл бағытында үсті – үстіне көлегейлене береді, оның үстінен тұмшалап тұрған материалистік сыртқы киім – қабықтары қалыңдай түседі (Рух, жан мен олардың материалистік қабаттары туралы қараңыз: Нұр. «Мәңгілік бақыттың құпия кілттері», 1 – том)…
…1 – томда былай делінді: «Адам 7 денеден құралады. Бұлар – кәдімгі физикалық (көзге көрініп тұрған), эфир, астрал (сезім), ментал (ой), буддхи (интуиция немесе Нұр-Мұхаммед), атма (Рухи Жан) және монада (Рух) денелері. Адамның физикалық денесі әдетте киім киіп жүретіні тәрізді, ең жоғары адам – монада (Рух) – та қалған денелерді (яғни, физикалық, эфир, астрал (сезім), ментал (ой), буддхи (интуиция немесе Нұр-Мұхаммед), атма (Рухи Жан) денелерін) бірінің үстінен бірін қабаттап киіп жүреді. Монада (Рух) өз сыртынан – кәдімгі адамның сыртына киім киері тәрізді – атма денесін киеді. Кейін Атма денесі өз кезегінде буддхи (интуиция немесе Нұр-Мұхаммед) денесін киеді. Одан соң ой денесі буддхи сыртынан киіледі, осы тәрізді: ментал дене астрал денені, ал астрал дене физикалық денені киеді.
Көзге көрінетін физикалық денеден өзге денелер нәзік нұрдан тұрады, сондықтан әдетте олар көрінбейді. Өз бойында бұларды көру қабілетін ашқан адамдар ол денелерді байқай алады (Жоғары айтылғанды тереңірек түсіну үшін адам құрылысы бейнеленген 1-cызбаға назар аударыңыз).
7 дене сәйкес әлемдерде қолданылады. Мәселен, физикалық денені біз айналамыздағы физикалық әлемде жүріп-тұруға қолданамыз. Бұл әлемнен өзге – эфир, астрал (сезім), ментал (ой), буддхи (интуиция немесе Нұр-Мұхаммед), атма (Рухи Жан) және монада (Рух) әлемдері бар.»…
…D глобусында адам мен адамзат болмысының материялизмі өзінің шеткі даму шебіне жетеді. Мұнда сыртқы өмірде рух неғұрлым көлегейленіп, затшылдық тіршіліктің барша саласында үстемдік құрады. Қазір адамзат осы D глобусында өз тіршілігін жалғастырып жатыр. Оқырманға, айнала ортада материализмнің қаншалықты етек алғанын айтпаса да түсінуге болады. Дегенмен, адамзат осы D глобусындағы төменге (үсті–үстіне затшылдыққа) – биікке (үсті–үстіне рухшылдыққа) бағытталатын әрі төмендегі сызбамен дәл сай болатын дерлік дөңгелек пішінді эволюцияның ең төменгі нүктесінен өтті. Енді адамзат эволюциясы үсті – үстіне рухтанып келеді.
…D глобусынан кейін адамзат эволюциясы біртіндеп үсті – үстіне рухтана беретін бағытта – E, F, G ғаламшарындағы тіршілікке – өтеді. Рух адамзат эволюциясының бұл бағытында үсті – үстіне манифестациялана яғни көрінеулене береді, оның үстінен тұмшалап тұрған материалистік сыртқы киім – қабықтары сирей түседі. G ғаламшарында адам мен адамзат болмысының рухшылдығының дамуы өзінің шыңына жетеді. Мұнда – өңге барлық планеталармен салыстырғанда – сыртқы (көз үшін көрінеу, заттық) әрі іштегі (рухани) өмірде рух неғұрлым көрінеуленіп, рухшылдық тіршіліктің барша саласында үстемдік құрады. Әр ғаламшардың тіршілік ету ортасы алуан түрлі екенін осы арада айта кету дұрыс…
Сызбаны зерделегенде, A планетасының G, B планетасының F, C планетасының E планетасымен мөлшермен сай түрде деңгейлес болғаны көрінеді. Дегенмен, G – A–дан биігірек, F – B–дан, E – C–дан биігірек энергетикалық деңгейде қоныс тепкен.
Яғни, адамзаттың төменгі бағыттағы эволюция барысында жинаған тәжірибесі мен атқарған эволюциялық еңбегі оған – эволюциялық дөңгелекпен оралу барысында – биігірек сатыдағы ғаламшарға көтеріліп, эволюция тәжірибесін әрмен жиюына жол ашады… A планетасы едәуір ғаламшарлардан биігірек тұрса да, G ғаламшары одан биігірек тұр. Яғни, бұл эволюциялық сапар барысында адамзат 7 ғаламшардағы ұлы эволюцияны бастан кешіп, жаңа тіршілік тәжірибесін жинап, түбінде эволюциялық сапарын бастау нүктесіне (деңгейіне) қарағанда – А ғаламшарындағы – әлдеқайда тәжірибелі де рухи кемелденген жаңа тіршілік деңгейіне көтеріледі – ол G ғаламшары. Өңге сөзбен айтқанда, адамзат АллаҺ Тағалаға бір саты таяй түседі. G ғаламшарының сызбада А ғаламшары деңгейінен биігірек тұруының мәні осында. «Жаннаттан қуылу» және мүміндердің (рухи және материалдық тіршілігі мен парыздарын дұрыс атқарған адамдардың) жаннатқа оралатыны туралы Құран сөзінің тағы бір мәні осыны да меңзейді… … Құрандағы: «Аллаһқа қайтасыңдар» сөзінің тағы бір мәні де осы…
1 – сызба. Адамзат эволюциясының жолы. (мына сайттың мүмкіндіктері шектеулі болғаны себепті, сызба мұнда көрінбейді. Сызбаны интернеттен көшіру сілтемесі сәл кейінірек беріледі.)
Бұл ғаламшарларда эволюциядан өту адамзат үшін көптеген миллион жыл алады.
(Жалғасы бар.)