Абай мұрасы бүгінгі дін саласында да өзекті. Алланың сипаты, діни көзқарастары туралы жазған еңбектері қазақты жан-жақтан жұлмалаған сәләфилер мен тәңіршілдерге керемет жауап. Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы қазақтың бас ақыны Алланың сипаты туралы матуриди ақидасы аясында қалам тербегенін айтады. Ал оның «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген өлең жолдары «ислам – арабтың діні, қазақтың сенімі – тәңіршілдік» дейтін адасқан тобырлардың сөзін жоққа шығарады.