Күндердің күнінде бір ақсақал судың жағасында немересімен серуендеп жүреді. Кенет алдарынан суға батып, тырмысып жағаға шыға алмай жатқан шаянды көреді. Ақсақал көп ойланбастан жеңін түріп, дереу құтқаруға кірісіп шаянды ұстау үшін қолын созады. Алайда, шаян ақсақалдың қолын шағып алады. Ауырғанына қарамастан ақсақал тағы қолын созады. Шаян қайта шағып алады. Енді тағы қолын созғалы жатқанда немересі:
– Ата, бұл шаян сізді шағып жатыр ғой. Неге қолыңызды соза бердіңіз, – деп жаны ашып кетеді. Сонда атасы:
– Балам, шағу шаянның табиғатында бар. Ал адамның табиғатында қандай жағдай болмасын біреуге қол ұшын беру қасиеті ертеден қалыптасқан, – деп шаянды құтқарып алған екен.
Жалғас АСХАТҰЛЫ,
дінтанушы