Күндердің күнінде Вашингтон қаласында иудей әйел мен христиан дінін ұстанушы жұп бір күнде исламды қабылдап жергілікті халықты таң қалдырған екен. Олардың бір-біріне деген қарым-қатынасы және өзгемен болған жылы байланысы көпшіліктің көңілінен шығады. Ол жұптың кенет мұндай өзгеріске түсулеріне не түрткі болғанын білу үшін жергілікті көсемнің бірі оларға келіп:
– Сіздер мұсылман болғалы түбегейлі өзгердіңіздер. Бұл өзгеріске ислам діні себеп пе, әлде басқа нәрсе тағы бар ма? – деп сұрайды. Сонда екі жұп бастарынан өткен оқиғаны былай баяндайды:
– Мен иудей дінін ұстанушы ортада өстім. Күйеуім болса христиан дінін ұстаyды. Екеуміз дініміздің екі түрлі екеніне қарамастан тату-тәтті ғұмыр кештік. Алайда, екі жыл бұрын күйеуім кенет жұмыс барысымен Сауд Арабияға кету керек болды. Мен онымен еріп жолға шықтым. Ол жақта жұмыс біткенше бірнеше уақыт болуымыз керек еді. Содан уақыт өтіп Жидда қаласына келіп қоныстандық. Ол жақтағы жағдай мүлде басқа болды әрі бізге қатты әсер етті. Ақ жамылған (ихрам киген) мұсылмандар Меккеге қарай күні-түні ағылып жатты. Бізді бұл қатты қызықтырды.
Мен бір күні күйеуіме Меккеге барып мұсылмандардың жиналған ордасын көргім келетінін айттым. Ол кезде қасиетті Қағба туралы ештеңе білмейтінбіз. Ол маған Меккеге тек мұсылмандар кіретінін айттып, бізге рұқсат жоқтығын білдірді. Содан екеуміз қалай да Меккеге баруды көздеп, жергілікті дүкеннен ихрам сатып алып, бар денемізді жауып Меккеге жол тарттық. Жолда бізді ешкім тоқтатпады да мазаламады. Содан Мекке қаласына кіріп, тура мұсылмандар шоғырланған Харам мешітіне бет алдық.
Аталмыш мешітке кіре бере алдымыздан қара жамылғы Қағба көрінді. Екеуміздің денеміз бірден жылып кетті. Көзіміз жәутеңдеп Қағбаға ұмтылған мыңдаған адамды көріп көзімізге еріксіз жас келді. Сол уақытта екеуміз бір- бірімізге қарап, өмір бойы іздеген ақиқатты тапқандай сезімде болдық. Ондағы көріністі айтып жеткізу тым қиын болғасын үн қатпастан біраз уақыт табжылмай тұрып қалдық.
Төрт бұрышты қара тастың мұнша адамды бір жерге жинауы тектен-тек еместігін білдік. Өз-өзімізге келген соң, ойланбастан мұсылмандықты қабылдап, анадан жаңа туған баладай Жиддаға қайттық. Сол уақыттан бері екеуміз исламды жіті зерттеп, ондағы адами қағидаларды бойларымызға сіңіріп, өзіміз әрі өзгемен барынша тату болуға тырысып жүрміз. Себебі, ислам бізді бір атадан тарағанымызды дәріптеп, қашанда мейірімді, рақымды болуды үйретеді.
Жалғас АСХАТҰЛЫ,
дінтанушы