Түркияның Қызылырмақ Чанкыры деп аталатын аймағындағы Халлачлы ауылында тұратын 90 жастағы Осман Эрол туған жерін гүлдендірумен аты шыққан жан.
Ауыл шаруашылығы саласында еңбек еткен ол осыдан 35 жыл бұрын туған ауылының айналасына ағаш отырғызуды бастайды. Арнайы орындарға бадам, қараөрік және алмұрт секілді жеміс беретін ағаштарды, сондай-ақ қарағай, терек ағаштарын отырғызған. Бүгінгі таңда оның отырғызған ағаштарының саны 40 мыңнан асқан.
Қазір жасы үлкейгеніне қарамастан Эрол өзі отырғызған ағаштарды баптап, қарап тұрады.
Отаншылдық өзгелерге “Не істедің?” дегеннен емес, “Өзім не істедім?” деген сауалдан бастау алса керек.