Индонезиялық мұсылман Мұхаммед Фаузан қасиетті сапарға велосипедпен баруға шешім қабылдады.
Ол Орталық Явадағы Магеланг қаласынан 2021 жылдың 4 қарашасында жолға шыққан. 7 айдың ішінде 5 мың шақырымды артқа тастап, Меккеге табан тіреген Мұхаммед умра қажылығын өтеп үлгерді. Енді басқа да қажылармен бірге үлкен қажылыққа дайындалуда.
Бұл жылы 100 мың индонезиялық бесінші парызын атқармақ. “Қажылықтан кейін мен өз сапарымды одан әрі жалғастырып, Палестинаға сапар шексем деп отырмын. Мақсатым – “әл-Ақса” мешітіне бару”, – дейді Мұхаммед Фаузан.
“Осы сапарыма шығар алдында көп адам бұны мүмкін емес деп айтқан еді. Алайда, Алла тағала мен үшін мүмкін қылды”, – дейді индонезиялық мұсылман.