Шымкент қаласы Дін істері басқармасының басшысы Әлжан Тұяқбаев дінаралық татулық пен конфессияаралық келісім тұрғысынан Шымкент өзге өңірлер үшін үлгі екенін айтады. Жүргізілген ақпараттық-түсіндіру және оңалту жұмыстарының арқасында 270 адам радикалды райынан қайтып, «Жусан» операциясымен елге оралған әйелдердің 90 пайызы қоғамға бейімделген. Қазіргі күні өз кәсіптерін ашып, еңбек етіп жатыр.