Бейсенбі, 22 Қазан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Рухани келісім күніне орай іс-шара өтті

20.10.2026
- Жаңалықтар
0
4
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

2026 жылғы 19 қазанда Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстандағы Рухани келісім күніне орай «Діндер диалогы: рухани келісімнен ортақ әрекеттерге» атты халықаралық конференция өтті.

Іс-шараның ұйымдастырушысы – Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы.

Конференция мемлекеттік органдарының, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары, Қазақстан Халық Кеңесі, дипломатиялық корпус өкілдерін, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің және оның институттарының қатысушыларын, халықаралық ұйымдар, діни бірлестіктер мен ғылыми-сараптамалық қоғамдастық өкілдерін біріктірді.

Конференция пікір алмасу алаңы ғана емес, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша және 2025 жылғы Астана бейбітшілік декларациясын дамыту аясында әзірленген «Діндердің климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі рөлі», «Дін саласындағы жасанды интеллектті қолданудың этикалық кодексі», «Жазылмайтын дертке шалдыққан баланың құқықтары жөніндегі хартия» үш халықаралық құжатты тәжірибеде жүзеге асырудың нақты қадамдарын талқылайтын маңызды орынға айналды.

Сауд Арабиясы бес ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсірді

Сауд Арабиясы бес ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсірді

21.10.2026
Имамдар біліктілігін арттыруға арналған семинар

Имамдар біліктілігін арттыруға арналған семинар

20.10.2026

Аталған құжаттар қоршаған ортаны қорғау, жасанды интеллектті пайдаланудағы өнегелік жауапкершілік, адам қадір-қасиетін қорғау және халықтың ең осал топтарын қолдау мәселелері бойынша халықаралық өзара әрекеттестіктің жаңа бағыттарын айқындайды.

Өз сөзінде Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы Басқармасының Төрағасы Гүлсана Қожабай осы құжаттардың ережелерін іс жүзінде жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардың, діни бірлестіктер мен халықаралық серіктестердің күш-жігерін біріктіру басты қадам болуға тиіс екенін атап өтті. Гүлсана Қожабай әзірленген қағидаттарды халықаралық аренада жүйелі түрде ілгерілету үшін сараптамалық жұмыс топтарын құруды және кешенді жол картасын әзірлеуді бастауды нақты қадамдар ретінде жариялады.

Қазақстан Православие Шіркеуі Астана шіркеулік округінің қызметкері, архимандрит Сергий Карамышев Халықаралық орталықтың бастамаларына қолдау білдірді. Атап айтқанда, ол қабылданған құжаттарды іске асыру бойынша нақты қадамдар әзірлеу үшін бейінді университеттермен, экологиялық ұйымдармен, медициналық мекемелермен және жасанды интеллект платформаларын әзірлеушілермен ынтымақтастық орнату туралы Орталықтың бастамасын қолдады.

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі, наиб-мүфти Сансызбай Құрбанұлы ШоқановПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаевтың салиқалы мемлекеттік саясатының стратегиялық маңыздылығына ерекше тоқталды. Діни қайраткердің айтуынша, Мемлекет басшысының дәйекті әрі жасампаз саясаты жаһандық бейбітшілікті нығайту мен ішкі келісімді сақтаудың қуатты іргетасы болып табылады.

Конференция қатысушыларының атына Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі ХХІV Секретариатының қатысушылары – Англикан қауымдастығы Бас хатшысының орынбасары, Англикан қауымдастығының епископтық қызмет мәселелері жөніндегі епископы Джо Бейли Уэллс, Мысыр Араб Республикасы Уақыптар министрлігі Мешіттер және Қасиетті Құран істері жөніндегі орталық департаментінің басшысы, доктор Усама Фахри, Қасиетті Тақтың Дінаралық диалог жөніндегі дикастериясының бөлім басшысы Лоран Басанезе, Мәскеу Патриархаты Сыртқы шіркеулік байланыстар бөлімінің дінаралық қатынастар жөніндегі хатшысы, Ресей Дінаралық кеңесінің Атқарушы хатшысы, діни қызметкер Илия Кашицын өздерінің бейнеқұттықтауларын жолдады.

Қазақ ұлттық өнер университетінің «Кескіндеме және мүсін» кафедрасының профессоры Лейла Махат адамгершілік құндылықтар мен қоғамдық сананы қалыптастырудағы өнердің ерекше рөлін атап өтті. Оның айтуынша, өнер адамның ішкі әлемін көрсетеді. Сондай-ақ ол өнердің дамуы мен зорлық-зомбылық деңгейінің төмендеуі арасындағы байланысқа назар аударып, бейбітшілік пен рухани келісім идеяларын ілгерілету үшін өнер мүмкіндіктерін белсендірек пайдалануды ұсынды.

Қазақстандықтарды Рухани келісім күнімен құттықтай отырып, конференция қатысушылары бұл күнді ел бірлігінің іргелі символы деп атады. Олар  өзара құрмет және мәдениеттер мен діндердің бейбіт диалогы Қазақстанның басты байлығы мен тұрақтылығының кепілі болып қала беретінін мәлімдеді.

Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар ниет декларацияларынан оларды іс жүзінде жүзеге асыруға батыл көшу қажет делінген ортақ мәмілеге келді. Бірінші кезеңнің стратегиялық басымдықтары ретінде төрт негізгі бағыт бекітілді, олар: ауқымды ақпараттық насихаттау, бірлескен экологиялық бастамаларды іске қосу, жасанды интеллектті жауапкершілікпен енгізу мәдениетін қалыптастыру және жазылмас дертке шалдыққан балалардың құқықтарын ымырасыз қорғау.

Таңбалар: рухани келісім күні
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Діни конфессиялар басшылары кездесті
Жаңалықтар

Діни конфессиялар басшылары кездесті

17.10.2026
Толеранттылық – тұрақтылық негізі
Видео

Толеранттылық – тұрақтылық негізі

16.10.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
«Нұр-Мүбарак» университетінің 25 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

«Нұр-Мүбарак» университетінің 25 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Рамазанда жұмыс уақытын қысқартуға бола ма?

    2027 жылдың діни күндер кестесі бекітілді

    781
  • Йемен: Хуситтер шабуылынан үш бейбіт тұрғын қаза тапты

    510
  • Меккеден алған өмірлік сабақ

    361
  • Намаз уақыттарын білу үшін қандай кесте дұрыс?

    269
  • Пәкістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

    261

Соңғы жарияланымдар

Салт-дәстүрді жоққа шығаратындар кімдер?
Сұрақ-жауап

Діни азғындануға алып баратын себептер қандай?

21.10.2026
Имамдар – имандылықтың қорғаны
Видео

Имамдар – имандылықтың қорғаны

21.10.2026
Сауд Арабиясы бес ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсірді
Жаңалықтар

Сауд Арабиясы бес ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсірді

21.10.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00