Жексенбі, 12 Сәуір, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Орамалдың қызметіне зияны тиген кезі жоқ

12.04.2026
- Сұхбат, Таңдаулы
0
3
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазіргі кезде әлеуметтік желілерде «орамалды блогер» ретінде танылып жүрген ару қыздарымыз көбейіп келеді. Олардың бәрі бірдей шариғатты айтып, дін уағыздайды дей алмаймыз. Діни саланың әйел ұстаздарынан бөлек, ас пісіріп, мәзір түрін бөлісіп жүрген, инфобизнес, коуч, фудблогерлікпен айналысатын аруларымыз да бар. Ал көпшілікке спорт журналисі ретінде танылған Назерке Сұлтанбектің әлеуметтік желідегі жеке парақшасы өзінің сүйікті жұмысы спорт журналистикасымен тығыз байланысты.

Кейіпкеріміз әлемнің 32 елін аралап, 84 қалада болса да, өзін тревел блогер санамайды екен. Оның себебін өзінің сөзімен жеткізейік.

«Мен өзімді блогермін деп айта алмаймын. Өйткені менің парақшамды блогерлер секілді жүргізетін нақты контент-жоспарым жоқ. Тек өзімнің негізгі қызметіме қатысты жұмыстарды, үлкенді-кішілі жобаларды жариялап отырамын. Мәселен, ұлттық құрама спортшыларымен әрдайым біргеміз. Желі қолданушыларына рингтен тыс сәттер қызық көрінеді. Соны жұртшылық назарына ұсынып, құраманың ішкі атмосферасын көпшілікке көрсетіп отырамын.

Негізі бұрын әлеуметтік желіге жұмысыма қатысты контенттер жарияламаушы едім. Соңғы уақытта ғана мұны қолға алдым. Оған спортқа қызығатын жас тілшілер, журналистика факультетінің студенттері себепкер болды. Өйткені олар бокс федерациясының баспасөз қызметінде екенімді, ресми парақшасын жүргізетінімді біліп, жеке өзіме хат жаза бастады. Осылайша, спорт журналистикасындағы жиырма жылға жуық тәжірибемді ізімізден ерген іні-сіңлілеріме бөлісейін, оларға бұл саланың қызық және қиын тұстарын да көрсетейін деген мақсатпен жұмысымды жеке парақшамда да жариялап жүрген жайым бар».

ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қоры 13 000 түп сексеуіл екті

ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қоры 13 000 түп сексеуіл екті

12.04.2026
Әлемде суицид саны үш есеге қысқарды

Суицид – ауыр күнә

12.04.2026

Өзінің айтуынша, жеке парақшаға қызмет барысынан контенттер ұсынып, атқарған жұмысын баяндап отырудың пайдалы тұсы да аз емес. Мәселен, Назерке Сұлтанбекті бұрын, яғни, жеке парақшасын жұмысына қолданбай тұрған кезде тек сала мамандары, спорт тақырыбында жазатын журналистер мен ізденушілер ғана таныса, қазір әлеуметтік желіде танымалдығы артқан. Бұл өзінің жеке имиджінен бөлек, қазақ боксының насихатына, ұлттық құрама сапындағы спортшылардың да танымалдығына оң әсерін тигізген. Бұған бір жағынан кейіпкеріміздің кәсіби біліктілігі мен коммуникацияға ашықтығы да сеп болғаны айдан анық.

Мароккоға саяхатым естен кетпейді

Назерке Сұлтанбек спорт саласымен қатар саяхаттағанды ұнатады. Кейіпкеріміздің сөзіне сүйенсек, әсіресе, мұсылман мемлекеттеріне бару ерекше сезімге бөлейді.

«Қанша елге саяхаттасам да Марокко Корольдігіне сапарымның орны бөлек болып қала бермек. 2020 жылы әпкем екеуіміз саяхаттап, Маркокконың алты-жеті қаласын араладық. Бұл ел өзінің тарихи келбетін сақтап қалуымен ерекшеленеді. Мешіті өте көп, тарихи әрі зәулім ғимараттары сол күйі сақталған. Адамдарға, жалпы мұсылман қауымға өте қолайлы жағдай жасалған. Мешіттері көп бола тұра, кез-келген жерінде ерлердің бөлек, әйелдердің бөлек дәрет алып, намаз оқуына кішігірім болса да орын табылады. Вокзалда пойыз күтіп отырсаң да, уақыты келіп тұрса, емінеркін намазыңды оқи аласың. Одан бөлек халқынан мұсылманға тән көркем мінезді байқадық. Жергілікті халық қандай да бір қиындық туғанда көп көмектесті. Жол нұсқауда, қызмет көрсетуде ешқандай ақысыз жәрдемдесіп, тамақ ұсынса, жанына сыйлығын қосып беріп бауырмалдық танытты.

Марокко қалаларының басқа елдің қалаларына ұқсамайтын, аутентика дейді ғой, сондай өзіндік әдемілігі бар. Одан кейін Касабланка қаласындағы мұхиттың жағасында орналасқан мешіт қатты ұнады. Жалпы саяхаттағысы келетін жандарға Марокко мемлекетін ұсынар едім. Оған арнайы екі апта арнап, асықпай аралап көрген ерекше әсер сыйлайды деп ойлаймын. Бұдан бөлек араб елдеріне де саяхат жасадым. Қазіргі уақытта Сауд Арабиясы спортқа көп көңіл бөліп жатыр ғой. Алдағы уақытта жұмыс бабымен барар болсам, мен үшін үлкен тәжірибе болғалы тұр».

Пікірлердің 1%-ы орамалыма қатысты жазылады

«Мен өзімді әлеуметтік желіде спорт журналисі, саяхатшы-жиһанкез ретінде ғана көрсетем. Яғни, контенттерімнің дені мамандығыма және әлемді шарлаған саяхаттарыма қатысты әзірленеді. Енді сол посттарым Инстаграмда көптің назарына ұсынылған сәтте жазылған пікірлердің 99%-ы жағымды екенін байқаймын. Ал қалған 1%-ы негатив пікір десек, ол да контенттерімнің сапасына, түсірілуіне немесе менің сөз саптауыма емес, орамалыма қатысты жазылады. Көбінесе танымал спортшылармен, елге белгілі азаматтармен кездесіп, ірі жобалар жасағаныма қарап оқырмандар «Қалайша орамалды қыз осындай жерде жүр?» деген сарында түсінбей жазып жатады.

Бұл меніңше орамалдағы аруларға қатысты қалыптасқан жағымсыз стереотип секілді. Яғни орамал таққан арулар білімді, іскер бола алмайды деген түсінік шығар. Әйтпесе, мені жақсы танитындар қайда, қалай білім алып, қандай жерлерде жұмыс істегенімді жақсы біледі. Іздену мен тұлғалық дамуға көп көңіл бөлемін. Мысалы, кәсіби мамандығымнан бөлек ағылшын тілін меңгеріп, қазіргі уақытта кез-келген ортада, халықаралық іс-шараларда ойымды еркін жеткізе аламын. Маған жұмыс беруші тарап әрқашан өмірлік ұстанымыма, жеке қағидаларыма құрметпен қарап келеді. Менен тек жұмысыма қатысты кәсіби шеберлік талап етіледі. Орамалға қатысты теріс пікірлерді әлеуметтік желіден тыс та естіп-көріп жүрміз. Кейде жауап беруге тура келетін кездер де болады. Бірақ оған жүйкемді, күшім мен уақытымды құртқым келмейді. Бастысы, айналамызда білімімізді, жұмысымызды бағалайтын жандар бар және солар қызмет етуімізге үлкен мүмкіндіктер беріп отыр».

Бұрын спорт журналисі, комментатор десе, бірінші еске түсетін марқұм Амангелді Сейітханды көзкөргендер «Спортшылардың қайрағы» деуші еді. Өйткені ол өзі арнайы репортаж жасап барған Олимпиада, әлем және құрлықтық жарыстарда қатардағы журналист қана емес, спортшыларды қайрап отыратын психолог-мотиваторы, бейресми кеңесшісі болатын. Ал бұл күнде кейіпкеріміз Назерке Сұлтанбек әсіресе, қазақ елінің көк туын әлемдік ареналарда желбіретіп жүрген боксшы арулардың досы, сенімді серігі һәм жанашыр әпкесі іспетті. Амангелді Сейітханға қаншама дарынды бала еліктеп комментаторлықты таңдаса, Назерке Сұлтанбекке еліктеп, қазіргі кезде оның қызметін әлеуметтік желілерде бақылап жүрген талантты қыздар спорт журналистикасына келіп жатыр. Бұл Назеркенің көпке пайдам тисе игі, пайдалы болсам игі деген ниетінің жемісі іспетті.

«Иман» журналы, №3, 2026 жыл

Ермұрат НАЗАРҰЛЫ

Таңбалар: орамалхиджаб
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Пәренже – парыз емес
Қоғам

Пәренже – парыз емес

06.08.2025
Сұрақ-жауап

Орамал таққан қыз қандай болуы керек?

14.07.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Әлемде суицид саны үш есеге қысқарды

Суицид – ауыр күнә

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    122537 бөлісті
    Бөлісу 49015 Твитерге 30634
  • Ораза айт: Еліміздің қалаларындағы айт намазының уақыты

    530 бөлісті
    Бөлісу 212 Твитерге 133
  • Шәууәл айының ораза кестесі (қалалар бойынша)

    453 бөлісті
    Бөлісу 181 Твитерге 113

Соңғы жарияланымдар

Отбасылық жанжалдарды шешу орталығы жұмысымен танысты
Жаңалықтар

Отбасылық жанжалдарды шешу орталығы жұмысымен танысты

12.04.2026
ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қоры 13 000 түп сексеуіл екті
Жаңалықтар

ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қоры 13 000 түп сексеуіл екті

12.04.2026
Әлемде суицид саны үш есеге қысқарды
Қоғам

Суицид – ауыр күнә

12.04.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00