Сұрақ: Мейрімнің діндегі орны қандай?
Жауап: Мейірім – иманның белгісі. Адам осы қасиетті бойына сіңіруі қажет. Кім өзгеге мейірімділік танытса, Алла да оған мейірім етеді. Кешірімді болу, қиын жағдайда көмектесу, жақсы сөз айту, ата-анаға құрмет көрсету, қамқорлық ету, балаларға жұмсақтық таныту, жануарларға зиян келтірмеу, қоғамдық орындарды ластамау, т.б. сынды дүниелер – мейрімділік сипаттарынан.
Адамның бойында жақсы қасиеттер болса, ол қоғамның рухани тұрақтануына әсер етеді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадисінде: «Кімде-кім мейірімділік етпесе, өзі де мейірімділікке бөленбейді», десе, тағы бір хадисінде: «Алла Тағала адамдарға мейірімділік етпеген кісіні рахметіне бөлемейді», деген.
Демек, жақсылыққа үміт етіп, мейірімді болу Алланың рахметіне бөлейтін сауатпы амалдардан екен.
Икрам АЙТАЕВ











