Мәжіліс депутаттары «Психологиялық қызмет туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан соңғы уақытта коучтар мен тренерлер кеңесі азаматтардың жеке өміріне кері әсер етіп жатқанын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
«Қазір екінің бірі өздерін ақылгөй деп санап, отбасы құндылығын дәріптейтін коучтар мен бизнес-тренерлер пайда болды. Олардың сабақтарының салдарынан қаншама отбасыларда шырғалаңдар болып жатыр. Кейбір бизнес-тренерлер сотқа тартылып жатыр. Олар азаматтардың қарапайым қаржысын пайдаланып, алаяқтық жасаған», деді депутат.
Сондай-ақ Жанарбек Әшімжан әлеуметтік желіде уағыз айтатындардың да әрекетін заңмен реттеу маңызды екенін жеткізді.
«Мүфтияттың бекітілген қағидалары бар, сол нормалардан тыс әрекеттерге жол бермеу керек. Бұл заң жобасы өте маңызды», деді ол.










