Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жетісу облысы, Үштөбе қалалық мешітінде жергілікті имамдардың ұйымдастыруымен «Ислам және адал қоғам» жылы аясында дін мен дәстүр құндылықтарын дәріптеуге бағытталған тағылымды сайыс өтті.
Шара барысында жамағат екі бағыт бойынша өзара бақ сынады. Спорттық бағытта қатысушылар гір көтеру, қол күрес және тоғызқұмалақ бойынша сайысса, білім бағытында Алланың 99 көркем есімін жатқа айту және тарихтан білімдерін көрсетті. Сонымен қатар, ақсақалдар арасында бата беру дәстүрі бойынша арнайы сайыс ұйымдастырылды.
Тағылымды шараға арнайы қатысқан облыс имамы Керімбек Сәрсембайұлы жеңімпаздарды марапаттап, жиналған жамағатқа қасиетті Рамазан айының қадір-қасиеті, берекесі мен артықшылықтары туралы насихат айтты.










