Баланы медресеге дін оқуына берер алдында ол жердің заңдылығын тексеру керек. Медресе ҚМДБ-ға қарай ма, біздің дәстүрлі дініміз оқытыла ма? Заңды түрде тіркеуден өткен бе? Соның бәрін анықтағаннан кейін ғана баланы беруге болады. Бұл туралы Алматы облысы Дін істері басқармасының бөлім басшысы Айбар Айдарұлы айтты.










