Сейсенбі, 10 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Шөлдегі сынақ

10.03.2026
- Ғибратты әңгімелер, Таңдаулы
0
8
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Рамазан айының аптапты күндерінің бірі еді. Көкжиекке дейін созылған шексіз шөл даланың үстінде күн оттай күйіп тұрды. Құм қызарып, аспаннан төгілген ыстық ауаны толқытқандай. Осындай ауыр сапарда бір топ жолаушы ілгері жылжып келе жатты. Олардың арасында ұлы әулие, дана ұстаз – Абдулқадир Гейлани хазіретте бар еді.

Жолаушылардың жүзі шаршаңқы. Оразаның аштығы мен шөлі бойларын әлсіретіп, қадамдарын баяулатқан. Кейбірінің ерні кеуіп, тамағы құрғап кеткен. Бірақ олар сабыр сақтап, ниеттерінен таймай, сапарын жалғастырып келе жатты.

Бір уақытта күтпеген жағдай болды. Кенет олардың алдында жарқыраған бір нұр пайда болды. Ол нұр шөлдің ортасында тұрған жұлдыздай көз қарықтырып, айналаны сәулеге бөлеп жіберді. Жолаушылар таңырқап тоқтай қалды. Сол нұрдың ішінен анық әрі салмақты дауыс естілді:

– Мен сендердің Раббыларыңмын. Рамазан айында ішіп-жеу сендерге харам еді. Бірақ сендердің халдеріңді көріп тұрмын. Енді мен оны сендерге халал еттім. Жеңдер, ішіңдер!

Аида Балаева: Жаңа Конституция сөз бостандығына кепілдік береді

Аида Балаева: Жаңа Конституция сөз бостандығына кепілдік береді

10.03.2026
Рамазан: 8261 мұқтаж жанға көмек көрсетілді

Рамазан: 8261 мұқтаж жанға көмек көрсетілді

10.03.2026

Бұл сөздерді естіген кейбір жолаушылардың жүрегі дүрсілдеп кетті. Шөлден құрғаған тамақтары суға ұмтылып тұрғандай еді. Бірі дереу су құтысына қол созды, бірі дорбасындағы азығын шығаруға асықты.

Дәл сол сәтте олардың арасында тұрған Абдулқадир Гейлани хазіреттің дауысы қатты естілді:

– Тоқтаңдар! Оразаларыңды бұзбаңдар!

Барлығы аң-таң болып, ұстаздарына қарады.

Сосын ол баяу ғана әлгі нұрға қарай бұрылып, нық дауыспен былай деді:

– «Әғузу билләһи минәш-шайтанир-ражим. Әғузу билләһи мин шәрри зәлик!»
– «Қуылған шайтаннан Аллаға сыйынамын. Бұл көрініп тұрған нәрсенің жамандығынан Аллаға паналаймын!» – деп дұға етті.

Осы сөздер айтылған сәтте таңғажайып нәрсе болды. Жарқырап тұрған нұр бір мезетте өшіп, қап-қара түнекке айналып кетті. Әлгі әсем көрініс әп-сәтте бұзылып, жаман бір бейне байқалғандай болды.

Сонда ғана жолаушылар бәрін түсінді.

Бұл – өзін нұр етіп көрсеткен шайтанның айласы еді.

Шайтан адамдарды әлсіреген сәтінде алдамақ болған. Бірақ Абдулқадир Гейлани хазіреттің иманы мен көрегендігі оның жоспарын әп-сәтте әшкереледі.

Жолаушылардың жүрегі дүрсілдеп тұрды. Олар өздерін үлкен күнәдан Алланың сақтап қалғанын сезінді.

Абдулқадир Гейлани хазірет жай ғана:

– Раббыңды таныған адам шайтанның айласына алданбайды, – деді.

Сапар қайта жалғасты. Бірақ сол күннен бастап жолаушылар бір ақиқатты терең түсінді: Шайтан кейде қорқынышты бейнемен емес, нұрға оранып келуі мүмкін. Ал оны танитын көз – иман көзі.

Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

Таңбалар: Ғибратораза
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Рамазан: 8261 мұқтаж жанға көмек көрсетілді
Жаңалықтар

Рамазан: 8261 мұқтаж жанға көмек көрсетілді

10.03.2026
Сұрақ-жауап

Адам құлшылыққа қанша уақыт бөлгені дұрыс?

08.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Рамазан: 8261 мұқтаж жанға көмек көрсетілді

Рамазан: 8261 мұқтаж жанға көмек көрсетілді

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120546 бөлісті
    Бөлісу 48218 Твитерге 30137

Соңғы жарияланымдар

Аида Балаева: Жаңа Конституция сөз бостандығына кепілдік береді
Жаңалықтар

Аида Балаева: Жаңа Конституция сөз бостандығына кепілдік береді

10.03.2026
Рамазан: 8261 мұқтаж жанға көмек көрсетілді
Жаңалықтар

Рамазан: 8261 мұқтаж жанға көмек көрсетілді

10.03.2026
Шөлдегі сынақ
Ғибратты әңгімелер

Шөлдегі сынақ

10.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00