Сұрақ: Рамазан айындағы он күндіктердің ерекшелігі қандай?
Жауап: Рамазан – өзіндік қасиеті бар ай. Бұл айдың күндерінде ораза ұсталып, түндерінде құлшылық амалдары жасалады. Рамазанда құлшылық ету арқылы күнәлардан арылып, Алланың ризашылығына бөленуге болады.
Сонымен бұл ай үш онкүндікке бөлінеді және әр онкүндіктің өзіндік қасиеттері мен рухани ерекшелігі бар.
Алғашқы онкүндігі – Рахмет (мейірім) күндері. Бұл кезең Алланың ерекше мейірімі түсетін уақыт.
Ортасы – Кешірім күндері. Бұл күндері пенденің күнәлары кешіріледі.
Соңғы онкүндігі – тозақтан құтылу күндері. Бұл күндері тозақ отынан қорғану және үлкен сауапқа бөлену.
Бұл жайлы пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадисінде: «Рамазанның басы – рахмет (мейірім), ортасы – кешірім, соңы – тозақ отынан құтылу», деген.
Демек, бұл айда рухани тазарып, Алланың ерекше мейріміне бөленіп, дұға-тілектердің орындалаты белгілі екен. Шынайы ықыласпен ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын!
Икрам АЙТАЕВ











