Сұрақ: Рамазан айы ең ұзақ уақыт ауыз бекітетін шілде айына қанша жылдан кейін келеді?
Жауап: Һижри жылында он екі ай бар. Он екі айдың ішінде Рамазан айы келгенде мұсылмандар оразасын ұстайды. Ораза ұстау – Исламның бес парыздың бірі.
Адам жылда ораза ұстаса, отыз үш жылда төрт мезгілді және он екі айдың оразасын ұстап шығады. Әр мұсылманға сол күндер нәсіп ете берсін.
Һижри күнтізбесінде бір жылда 354 немесе 355 күн болады. Біздің милади күнтізбемізде бір жылда 365 не 366 күн бар. Мұсылман күнтізбесі күнмен емес, аймен есептелгендігі себепті біздің қазіргі жыл санағымыздан біршама айырмашылығы бар. Осы себепті бір жылы 10, екінші жылы 11 күнге қысқа болып жатады. Жылда ораза айының 10 немесе 11 күннен жылжып отыруы осыдан.
Биыл ораза 19 ақпанда басталды. Яғни енді 21 немесе 22 жылдан кейін Рамазан айы шілде айына тура келеді екен.
Оразадан оразаға аман-есен жетуді Алла нәсіп ете берсін.
Икрам АЙТАЕВ









