Сұрақ: Қажылықта «лаббайка» деп жиі айтылатын қандай сөз?
Жауап: Исламның бес парызының бірі – қажылық.
Қажылық немесе умра кезінде «Лаббайк Аллаһумма лаббайк….» дұғасын жиі айтады. Толық мәтіні «Ләббайк Аллаһумма ләббайк, ләббайка ләә шәрика ләкә ләббайк, инналхамда уанниъматә ләкә уалмулка ләә шәрика ләк», (Аллаһым, мен сенің әміріңді орындауға келдім, сенің әміріңе бой ұсындым (2-рет). Сенің серігің жоқ, сенің әміріңді орындау – менің борышым. Күмәнсіз барлық мадақ саған тән және жалпы иелік пен нығмет сенікі. Сенің еш серігің жоқ).
Талбия дұғасы ихрамға кірер алдында айтылады. Талбия дұғасын айту уәжіп. Ихрам қажылық немесе умраға барған адамның киіміне берілген атау. Ихрамды көбіне қасиетті жерге жақындаған кезде киеді. Шариғатта ихрам кию үшін белгілі бір мекен белгіленген. Бұл жер «миқат» деп аталады. Тігіссіз арнайы ақ жамылғы киіледі. Белден төмен оралатын мата «изар» десе, иық, көкірек және арқаның оң жағынан байланып, үстін жабатын кең мата «рида» деп аталады.
Демек, бұл амал ниетпен бірге болуы қайырлы екен. Қосымша ҚМДБ-ның ресми сайттарынан кең ақпараттар алуға болады.
Икрам АЙТАЕВ










