Сейсенбі, 17 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Әлеуметтік желідегі жат ағым: олардан қалай сақтанамыз?

17.03.2026
- Ағымдар ақиқаты
0
Суретті ЖИ жасаған

Суретті ЖИ жасаған

2
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазіргі цифрлық дәуірде ғаламтор өмірдің бір бөлшегіне айналып, әлеуметтік желілер ақпарат алмасудың басты алаңына айналды. Бір күнде миллиондаған ақпараттар таралып, оның ішінде пайдалысы да, зиянды тұстары да көп. Осы мүмкіндікті теріс мақсатқа пайдаланып, жат ағым идеологиясын насихаттайтын арамза топтар көбейіп кетті. Бұл – жеке тұлғаға да, қоғамға да қауіп төндіретін құбылыс.

Жалпы жат ағым деген не? Жат ағым – дәстүрлі ислам қағидаларынан алшақ, қоғамға, мемлекетке және адам өміріне қауіпті діни бағыттар. Олар діни сауаты жоқ адамдарды алдап, өздерінің жалған түсініктерін  «шын Ислам» деп көрсетеді. Фанаттық көзқарас пен радикалды ой қалыптастырады.

Қазіргі қоғам интернет желісіне тәуелді болып, көкейдегі сұрақтарды осы ғаламтордан іздеп табу қалыпты жағдайға айналды. Бірақ интернетте барлық  ақпарат көздері шындыққа жанаса ма? Оны тексеріп жатқан ешкім жоқ. Жат ағым өкілдеріне осы әлеуметтік желі басты қаруға айналып, оны өте тиімді пайдаланып отыр. Себебі, қолжетімділігі жоғары, жалған «діни білімді» оңай таратады. Жасырын аккаунттарды пайдалана отырып, эмоционалды  әсер беретін видео, аудио, мотивациялық мәтіндер арқылы адамдарды сендіреді. Әдетте олар адам  психологиясын меңгерген, қалай сөйлесу керек екенін біледі және жанды жеріне тигізе отырып, өз топтарына кіргізуге тырысады. Ол үшін әртүрлі тәсілдерді қолдана отырып, адамның сеніміне кіреді.

Күйзелісте, қаржылық қиындықта, жалғыздықта жүрген адам болса, бұндай жолға тез түсіп кетеді. Себебі деструктивті діни ағым өкілдері жылы сөйлеп, қолдау көрсетіп, жұмсақ үгіт-насихатын жүргізеді. Тіпті ақшалай да көмек қолын созады. Қиын сәтте жүрген адам бұндай қолдаудан кейін оларға кәміл сеніп, оларды өзіне жақын тарта бастайды. Алайда бұндай әдемі көріністің артында өте жауыз, қоғамға қауіпті топтар тұрады. Мұндай топтарға кірген адамның санасы уланып, радикалды көзқарастар пайда болады. Отбасымен, туыстарымен араларын суытып, тіпті қоғаммен байланысуды қояды. Мемлекетке, заңға қарсы шығып, ақыр аяғы теріс әрекетке ұласады. Осындай ағымдардан зардап шеккен көптеген жастар кейін өкініп, қайта қалыпты өмірге оралуға қиналады.

Интернет кеңістігіндегі заңсыз миссионерлік

Жалған діни үгіт-насихаттың психологиялық әсері

13.03.2026
Жасөспірімдерді радикалды идеологиядан қалай қорғаймыз?

Жасөспірімдерді радикалды идеологиядан қалай қорғаймыз?

13.03.2026

Ал мұндай экстремисттік көзқарасты топтардан өзімізді қалай қорғаймыз?

Ең алдымен әлеуметтік желіні ақылмен пайдаланып, сыни көзқараста болу. Кез-келген адамның уағыздарын тыңдамау, белгісіз топтар мен жабық каналдарға тіркелмеу, діни сұрақ туған кезде тек ҚР ҚМДБ имамдарына немесе ресми ақпаратқа жүгіну және интернеттегі ақпараттардың дереккөзін  тексеру керек. Шетелдік уағызшылардан білім алу да адасушылыққа әкеледі. Және олардың уағызын әрі қарай тарату әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады.

Біздің елде рұқсатсыз уағыз айту заңмен тыйым салынған. Егер рұқсатсыз уағыз айтса ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің 490-бабының 3-бөлігі бойынша: Рұқсатсыз діни қызметпен айналысу, оның ішінде діни уағыздарды тарату – жеке тұлғаларға айыппұл салынады. Ал егер қайталанса  немесе жат ағым белгілері болса, онда іс Қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша қаралуы  да мүмкін. Сол үшін қолында рұқсат қағазы бар, ҚМДБ рұқсат етілген ұстаздардан, ресми мешіт, медреселерден білім алу қажет. Бұл әрі тегін, әрі қауіпсіз.

Діни жат ағымдардың алдын алу – тек мамандардың емес, барлығымыздың ортақ міндетіміз. Ақпаратты дұрыс сүзу, күмәнді контенттен сақтану және ресми діни орталықтарға жүгіну – қауіпсіз қоғамның кепілі. Бірлігіміз бекем, көзқарасымыз айқын болса – ешқандай теріс ағым біздің қоғамды бұза алмайды.

Әлия ЖАКЕЕВА,

«Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ

 «Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығы» КММ теолог маманы

Таңбалар: әлеуметтік желідеструктивті діни ағымсекта
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Әлеуметтік желілердегі діни контентпен жасалатын манипуляциялар туралы онлайн-семинар өткізді
Жаңалықтар

Әлеуметтік желілердегі діни контентпен жасалатын манипуляциялар туралы онлайн-семинар өткізді

15.03.2026
Ағымның артында саяси күштер бар
Видео

Ағымның артында саяси күштер бар

13.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Исламда дін ұстану еркіндігі бар ма?

Қазақ қоғамындағы дәстүрлі Ислам ұстанымы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121031 бөлісті
    Бөлісу 48412 Твитерге 30258
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1600 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Исламда дін ұстану еркіндігі бар ма?
Ислам

Қазақ қоғамындағы дәстүрлі Ислам ұстанымы

17.03.2026
Әлеуметтік желідегі жат ағым: олардан қалай сақтанамыз?
Ағымдар ақиқаты

Әлеуметтік желідегі жат ағым: олардан қалай сақтанамыз?

17.03.2026
Қазақтың әскери өнері қандай болған?
Қоғам

Қазақтың әскери өнері қандай болған?

17.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00