Сейсенбі, 10 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Абылайхан Қалназаров: Жақсылық – қайырлы тарих жасайды!

10.03.2026
- Қоғам, Таңдаулы
0
Суретті ЖИ жасаған

Суретті ЖИ жасаған

3
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Осы, біз, көп істе хикмет барын білмейміз. Тіптен, кішкене ғана қайырымдылықта да үлкен хикмет жасырынып жатуы мүмкін. Айталық, ел аузындағы әңгімелерге қарағанда, әйгілі Алатау батырдың дүниеге келуіндегі құпия мән осындай ойға жетелейді.

Әлқисса…

Негізінен батырлығы, қолбасылығы, ел басқаруынан басқа алыптығы қазақ-ноғай, қарақалпақ, қырғыз, өзбек пен түрікменге мәшһүр болған: Берке Науан хан Тәуекелдің «Жалғызы» атанған да бір өзі! «Дүрмаһан» шенді, яғни Қазақ хандығының шекара және әскери істерін басқарған биі, әрі Бас сардары, көзі тірісінде-ақ есімі әскери ұранға айналған «Қоңырат, «Әз-Ғараб», Бесайдар Тутіккенұлы Алатау Батыр».

Азан шақырып қойған аты – Әз-Ғараб. Түркістан шәрінде нағашылары атын киелі кітапқа қарап қояды. Анасы – Бағара Қиятқызы, ал әкесі – Бесайдар Тутіккен де құлшығаштағы асқан батыр, қайрат иесі болған. Ол кісіге қатысты «Жас та болса, сөзіне хан тоқтаған» деп айтылады. Ол тұтқиылдан жау шапқан бір шайқаста сегізкөзінен жараланып, соның зардабынан жөнесе керек. Асыл жарымен қоштасып: «Ниеті бір некелесім, егер менен бойыңда бір белгі қалса, тұрмысқа шықпай, отауымды жықпай, Тәңірдің бергеніне шүкірлік ет. Егер де баянды күндерден белгі болмай жатса, бетіңнен жарылқасын! Мен ана дүниеге барсам да ырзамын», – депті. Ерінің қазасына қатты қайғырған жас келіншек бойынан белгі тауып, «Не де болса, пешенемдегіні бауырларым ортасында көрейін» деп, Түркістандағы божбан-төркінін паналайды. Бірақ бәрін басынан бастайық…

Бақытты ана, бабындағы чемпион – боксшы Әйгерім Сәттібаевамен мерекелік сұхбат

Бақытты ана, бабындағы чемпион – боксшы Әйгерім Сәттібаевамен мерекелік сұхбат

09.03.2026
Көпбалалы отбасын Рамазан айымен құттықтады

Көпбалалы отбасын Рамазан айымен құттықтады

09.03.2026

Қажылықтағы қайырымды іс

Сол замандары қажылық парызын өтеп, Мекке-Мәдинаға барған түркістандық қазақтардың еліне ораларында бір қайырымды іс жасауы керек болады. Сол елдегі үлкен халифпен ақылдасқанда:

– «Қожайын есігінде жүрген құл бар. Өте білгір сынықшы, сатып алып, басына бостандық беріңдер. Сол үлкен жақсылық емес пе?», – дейді.

Қажылар оның басына бостандық әперіп, араб жазирасынан өздерімен бірге сарыдала –Түркістанға ала келіп, басына баспана беріп, қамқорлық жасаған.

Міне, сол сынықшы кейін елдің көп қажетіне жарайды. Тіптен, қазақ ішінде шәкірт тәрбиелеп, осы өнердің жергілікті үлгілерімен шебер жымдастырып, саһарада кеңінен тарауына мұрындық болады.

Бірде ол ешкімнің емі қонбай, аяқтан қалып, жүре алмаған жүкті жас ана – Бағараны да амалдап аман алып қалып, бұл есен-сау ұл босанады. Ол ұл ержеткесін қалмаққа да, қызылбасқа да қырғидай тиіп жеңген, Алты Алаштың біріккен әскерін бастаған түркі тарихындағы алапат баһадүрдің бірі – Алатау еді.

Енді қара! Бұл оқиға – жай ғана тарихи әңгіме емес. Бұл – түркі-мұсылман дүниетанымындағы хикметтің айқын көрінісі.

Хикмет деген не?

Исламда «хикмет» – терең білім мен даналық, Алланың істеріндегі құпия үйлесімді тану. Қасиетті Құранда хикмет пайғамбарларға берілген ерекше ілім ретінде айтылады. Ал түркі сопылық дәстүрінде, әсіресе Қожа Ахмет Ясауи мұрасындағы хикмет – адамды кемелдікке жеткізетін рухани таным.

Ясауи бабамыз «Диуани хикметінде» иман мен амалдың бірлігін, жақсылықтың түпкі нәтижесі міндетті түрде қайырлы болатынын ескертеді. Адам бір игі іс жасаса, оның жемісі бірден көрінбеуі мүмкін. Бірақ уақыт өте келе, ол жақсылық – қоғамға, ұрпаққа, тіпті тұтас елге ләкін адамзатқа пайдасын тигізеді.

Бір жақсылық – бір тарих

Сонымен, жоғарыдағы хикаяда қажылардың құлды азат етуі – Исламдағы ең үлкен сауапты амалдардың бірі емес пе? Бұл – бір адамның тағдырын өзгерту ғана емес. Бұл – тұтас тарихи тізбекті іске қосқан әрекет.

Егер сол сынықшы азат етілмесе:

◉ Ол Түркістанға келмес еді.

◉ Аяғы дертті, тағдырлы ана аман қалмас еді.

◉ Көтеріп жүрген анасы аман қалмаса, Алатау батыр да дүниеге келмес пе еді?!

Демек, бір қайырымды іс – себеп салдар сатысымен жанама түрде бір батырдың өмірге келуіне себеп болды. «Құдайдың жазғаны» десек те, түпкі себеп осында!

Алатау батыр және елдік рух

Аңыздарда Алатау батыр «Қырық рет қанды қырғынға кірген» деп сипатталады. Олардағы жиі аталатын «қызылбас» атауы тарихи тұрғыда Сефевилер билігіндегі әскерлерге қатысты қолданылған. Нәсілі жағынан өзіміздің түркілер болса да, түрік ұлыстарының олардан көрген теперіш-зорлығы қисапсыз.

Атақты Жиембет жыраудың Түркістанның төрінде тұрып:

– «Уа, Тоқсан баулы Қоңырат!

Қызылбастан көріп қорлықты,

«Көкбөріден» тілеп жыладың!

Қабыл болып тілеуің,

Әз-Ғараб – Алатау пір болып,

Төрт Құбыланы сұрадың!

Жиембет жырау мен едім,

Көзбен көрген көлеңке емес,

Мәңгілік менің сұрарым!

Е-ей, еһе-ей, ерім-ай!

Айдай-ей, елім-ай!», – деуі тегін емес.

Ол кезеңде Орта Азия аймағы түрлі саяси-діни қысымдарды бастан өткерді.

Батырлар – қазақ қоғамында тек жауынгер емес, олар – ел мен жердің қорғаны, иман мен дәстүрдің тірегі. Егер далада батырлық рух әлсіресе, елдің тұтастығы да әлсірейді.

Сондықтан кейбір зерттеушілердің өткір сауалды төтесінен қойып жүргеніндей, «Алатау батыр болмағанда Орта Азия халықтары Иран-қызылбас бодандығына түсер ме еді?» деген сөз, жай ғана тарихи талдау емес. Бұл – рухани жауапкершілік туралы сұрақ. Рас, кәнігі теологтар мен дінтанушылар мұнда саяси-территориялық басқыншылық қана емес, дін тартысының да жатқанын біледі.

Әрине, тарих бір ғана адамның қажыр-қайратымен шешілмейді. Әлденеше факторлардың шарпысуынан туындайтын алапат салдар ғана. Әйтсе де шешуші сәттерде Жаратушы ел ішінен шекара қорғаушы Толағай тұлғаларды шығарады. Бұл да – хикмет.

Ислам және қайырымдылық мәдениеті

Қажылықтағы сауда бізге мынадай маңызды сабақ береді:

▣ Құл азат ету – сауапты іс (Дәл бүгінгі заманда бұл актуаль болмаса да, мұны кеңінен түсіндіріп жатудың қажеті жоқ. «Көліне қарай – қазы, заманына қарай – сазы».)

▣ Қайырымдылық – қоғамды түзетудің жолы.

▣ Жақсылық – кеңістік пен уақытқа сіңіп кетсе де, қуат-энергиясы жағынан ешқашан жоғалмайды.

Бәлкім, біз жасаған кішкентай ғана жақсылық ертең бір отбасының, бір ұрпақтың, тіпті, бір елдің тағдырына әсер етуі мүмкін?!

Мұсылманшылық – бізге әр істің артында хикмет бар екенін үйретеді. Қазақылықта да солайша-дүр! Кейде біз оны бірден түсінбейміз. Себебі Алланың өлшемі – адамның өлшемінен кең.

Тұжырым

Өмірден алынған бұл тәмсіл бізге мынаны ұқтырады: «Жақсылық – тарих жасайды. Жай тарих емес, игі де ізгі, қайырлы тарихқа себеп болады».

Ең әуелі, бір құлды азат ету – өзенге тасталған тас секілді, толқыннан толқын тудырып, іс-қимыл, жағдайларды бірінен-бірін өрбіте отырып, бір батырдың дүниеге келуіне себеп болды.

Ал ол батыр – бір елдің ғана емес, тұтас орталықазиялық түркі-мұсылманның сілтесе алдаспаны, қорғанса қалқанына, бас қосып, біріксе, соңынан еретін байрақ-туына айналды.Ақыры соңында, ақсақал жасында Маңғыстауда ел қорғап жүріп, ат үстінде, майдан даласында шейіт болды.

Демек, хикмет – адамның шынайы ниеті мен Құдіреттің жоспары тоғысқан жерде көрінеді. Әлгіндегі жастай жесір қалған Бағара ананың ғайыптан тайып аман қалуында да осындай сыр жатыр!

Бүгін біз қандай қайырымды іс жасап жүрміз? Мүмкін, ертеңгі тарих сол игі амалдардан басталар!

Таңбалар: Алатау батыржақсылық жасауқажылық
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Қажылық: Уағызшы имамдарға арналған семинар
Жаңалықтар

Қажылық: Уағызшы имамдарға арналған семинар

06.03.2026
Сұрақ-жауап

Қағбадағы қара тасты сүю парыз па?

09.02.2026
Тағы жүктеу

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120526 бөлісті
    Бөлісу 48210 Твитерге 30132

Соңғы жарияланымдар

Абылайхан Қалназаров: Жақсылық – қайырлы тарих жасайды!
Қоғам

Абылайхан Қалназаров: Жақсылық – қайырлы тарих жасайды!

10.03.2026
Бақытты ана, бабындағы чемпион – боксшы Әйгерім Сәттібаевамен мерекелік сұхбат
Сұхбат

Бақытты ана, бабындағы чемпион – боксшы Әйгерім Сәттібаевамен мерекелік сұхбат

09.03.2026
Көпбалалы отбасын Рамазан айымен құттықтады
Жаңалықтар

Көпбалалы отбасын Рамазан айымен құттықтады

09.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00