Дүйсенбі, 23 Ақпан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жақсылықта жарысу

23.02.2026
- Ислам, Таңдаулы
0
0
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Адам баласы табиғатынан жарысқа құмар келеді. Біреу байлық жинауда, біреу қызметте, енді біреу атақ-даңқта озуға тырысады. Алайда мұсылман үшін ең қайырлы жарыс – дүниелік мақсаттар емес, Алланың разылығына жеткізетін ізгі амалдардағы бәсекелестік.

Абай атамыз өзінің 18-ші қара сөзінде:

«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақшылық», – деп, қандай қасиеттер адам баласы тырысуы керек екенін атап өткен.

Алла Тағала қасиетті Құранда:

Аида Балаева: Жаңа Ата заң адам құқығы мен бостандығын басты орынға қояды

23.02.2026
Исламда аманатқа қиянат жасау туралы не айтылған?

Исламда аманатқа қиянат жасау туралы не айтылған?

23.02.2026

«… жақсылықта жарысыңдар…», – деген («Бақара» сүресі, 148-аят).

Сол себепті баршамыз жай ғана жақсылық жасау емес, сол жақсылықты бірінші болып, ыждағаттылықпен, кешіктірмей жасауға тырысуымыз тиіс. Себебі уақыт қайтарылмайды, бүгін қолымызда тұрған мүмкіндік ертең ғайып болуы әбден мүмкін. Сондықтан жасауға мүмкіндігіміз бар жақсылықты ертеңге қалдырмай, дереу іске кіріскеніміз жөн.

Бірінші: жақсылыққа асығудың маңыздылығы

Алланың Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өз үмметіне қатты жанашыр, әрі қамқор еді. Сондықтан ол мүміндерге уағыз-насихат айтып, оларды ізгі амалдар жасауға бағыттайтын. Оларды құлшылықта босаңсудан және бүгінгі ғибадатты ертеңге қалдырудан сақтандырып, мұның қауіпті екенін ескертетін. Өйткені мұсылман адам ертеңгі күннің өзімен бірге не алып келерін білмейді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің хадисінде:

بَادِرُوا بِالأَعْمَالِ…

«Жақсы амал жасауға асығыңдар…», – деген (имам Мүслим).

Сахабалар (Алла оларға разы болсын) осы өсиетті терең түсініп, ізгілік жолында шынайы жарысқа түсетін. Мысалы, Омар ибн әл-Хаттаб (Алла оған разы болсын) Әбу Бәкірден (Алла оған разы болсын) озу үшін мал-мүлкінің жартысын садақа еткенде, Әбу Бәкірдің (Алла оған разы болсын) барлық дүниесін әкеліп, «Алла және Оның Елшісін ғана қалдырдым» дегенін естіп: «Мен ешқашан сенен оза алмайды екенмін», – деп мойындаған.

Неге жақсылық жасауға асығуымыз керек?

Адам өмірі қамшының сабындай қысқа. Бүгін бар адам, ертең жоқ. «Кейін жасаймын», «қартайғанда намаз оқимын», «байығанда садақа беремін» деген сөздер, шайтанның алдауы ғана. Хасан әл-Басри (Алла оған разы болсын): «Егер біреудің сенен дүние ісінде озғанын көрсең, сен одан ақырет ісінде оз», – деген. Өйткені дүние жарысының соңы қабірмен бітеді, ал жақсылық жарысының соңы Жәннатқа жетелейді.

Екінші: жақсылықта жарысудың мысалдары

Жақсылықта жарысу дегенді тек үлкен қажылыққа бару немесе мешіт салу деп түсінбеуіміз тиіс. Әрбір ұлы іс кішкентай ғана әрекеттерден бастау алады. Сол сияқты жақсылықта жарысу да қарапайым нәрселерден басталады. Кішігірім мысалдар келітіріп өтер болсақ:

  1. Кешірімді болуда жарысу:

Біреу сізге жамандық жасаса, сіз бірінші болып кешіріп, сәлем беріп, араны түзетуге асығыңыз.

  1. Көмек қолын созу:

Көршіңізге, мұқтажға, жетімге қол ұшын беруде бірінші болу.

  1. Мінез-құлықта озу:

Ашуды жеңуде, жұмсақ сөйлеуде, уәдеге берік болуда өзгелерге үлгі болу.

  1. Отбасыға жақсылық жасау:

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің хадисінде:

خيرُكُم خيرُكم لِأهْلِهِ ، وَأَنَا خيرُكم لِأَهْلِي

«Сендердің ең жақсыларың – отбасына жақсы болғандарың», – деген (имам Термизи). Үй ішін қуантуға асығу – үлкен сауап.

Құрметті жамағат!

Әрбір атқан таң – бізге берілген жаңа мүмкіндік. Бүгінгі күнімізді бос өткізбей, кішкентай болса да бір жақсылық жасап қалуға тырысайық. Өздеріңізге мәлім, дінімізде біреуге жылы сөз айтудың өзі – садақа.

Алла Тағала баршамызды жақсылықта жарысушылардан, ізгілікте алда болушылардан еткей! Елімізге тыныштық, отбасымызға береке берсін! Әумин

Таңбалар: жақсылықта жарысусауап
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Сұрақ-жауап

Игі істердің сауабы қандай?

15.01.2026
Сауабы мен күнәсі тең түскен адам қайда барады?
Сұрақ-жауап

Қандай үлкен күнәлардан сақтанғаным дұрыс?

25.09.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Аида Балаева: Жаңа Ата заң адам құқығы мен бостандығын басты орынға қояды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева: Жаңа Ата заң адам құқығы мен бостандығын басты орынға қояды

23.02.2026
Ислам

Жақсылықта жарысу

23.02.2026
Исламда аманатқа қиянат жасау туралы не айтылған?
Сұрақ-жауап

Исламда аманатқа қиянат жасау туралы не айтылған?

23.02.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00