Жұма, 10 Сәуір, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Референдум

19.02.2026
- Қоғам, Таңдаулы
0
Суретті ЖИ жасаған

Суретті ЖИ жасаған

203
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Референдум – мемлекеттегі аса маңызды мәселені халықтың тікелей дауыс беру арқылы шешуі. Яғни белгілі бір заңды, Конституцияға өзгерісті немесе стратегиялық шешімді қабылдау не қабылдамау мәселесін билік халықтың өзіне ұсынады. Азаматтар «иә» немесе «жоқ» деп дауыс береді, ал көпшілік қалай шешсе, сол шешім заңды күшіне енеді.

Заңгерлер референдумды, парламент қабылдаған заң жобасын, халықтың дауыс беру арқылы қабылданады деп қорытындылайды. Саясаттанушылардың пікіріне келер болсақ,референдумдар, тек өзгеріс қана емес, сонымен қатар, әсіресе демократиялық елдерде, заң менбиліктің және жергілікті халықтың бірігуін көрсетеді деген тұжырымдама жасайды.

Референдумдардың бірнеше түрі болғандай, жіктелуі, жүзеге асырылуы және нәтижелері туралы да әртүрлі пікірлер бар. Мысалы, референдумға ұқсас тәжірибе плебисцит (plebisit)мүлдем өзгеше. Екеуі де форма жағынан ұқсас сипаттамаларға ие болғанымен, референдум заңды немесе нақты бір мәселені шешуге бағытталған, ал плебисцит мәселені алға шығарған адамның аты бойынша дауыс беруді қамтиды.

Сонымен қатар, референдум негізінен демократиялық рәсім екеніне, ал плебисциттің өзі демократияға қарсы екенін және оны демократияға қарсы билеушілер немесе диктаторлар пайдаланады деуге толық негіз бар. Бұндай жағдайда сайлаушылар плебисцит процесінің маңызды бөлігінде пассивті болып табылады. Өйткені қатысушыларды биліктегілердің немесе қоғам өкілдерінің манипуляциясына ұшырайтынын негізге ала отырып түсіндіреді. Бұған қоса алғанда Адам Пжеворский сияқты саясаттанушылар бұл мәселе бойынша ұқсас көзқарастарға ие. Марк Уокер тіпті одан әрі бұл пікірді дамытып, әртүрлі елдерден алынған мысалдармен референдумдарды, плебисциттер сияқты, әртүрлі мақсаттарға жету үшін саясаткерлер әдейі манипуляциялай алатынын дәлелдейді.

Алладан кешірім тіле…

10.04.2026
Орта Азия – діни білім ошағы

Орта Азия – діни білім ошағы

10.04.2026

Референдумдардың ең көп таралған түрлерінің қатарына міндетті референдум және ерікті референдум жатады. Мәжбүрлі референдум конституцияда немесе заңда анықталған белгілі бір шарттар орын алған кезде сайлаушыларды автоматты түрде дауыс беруге шақыруды міндеттейді. Референдумда дауыс берілетін мәселелер әдетте жергілікті азаматтар үшін өте маңызды екенін естен шығармаған абзал. Мұндай мәселелерге соғыс жариялау, халықаралық шарттар, қолданыстағы мемлекеттік өкілеттіктерді халықаралық ұйымдарға өткізу, конституцияға түзетулер енгізу, тіпті тәуелсіздік туралы декларациялар мен егеменді мемлекет болу туралы шешім де кіруі де әбден мүмкін. Мәжбүрлі референдумдардың нәтижелері міндетті және тиісті органдардың орындауын мәжбүрлей алады.

Ерікті референдумды, парламент немесе атқарушы билік тарапынан да сұрай алады. Мұндай референдумдар көбінесе нақты нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігі өте аз, сол себептенқоғамды бөлетін мәселелер бойынша өткізіледі. Сонымен қатар, ерікті референдумдардың заңды күші жоқ. Дегенмен, олардың нәтижелерін саяси тұрғыдан елеусіз қалдырмайды, алайда аса маңызды деп айтуға да болмайды. Сондықтан, кейбір сарапшылар бұндай күші жоқреферендумдар мен міндетті деп саналатын референдумдар, яғни, қолданыстағы ережені немесе заңды өзгертуге бағытталған референдумның бір түрі деп санаса, кейбір саясаткерлер ерікті референдумды мүлдем референдум деп санамайды. Референдумдар көбінесе қабылдау/қабылдамау немесе иә/жоқ сияқты екі нұсқаны ұсынғанымен, сайлаушыларға екіден көп нұсқа ұсынатын тәжірибелерді де кездестіруге болады.

Жалпы алғанда, референдумдар қоғамның оң бағытқа бет бұру мақсатында өткізіледі.Референдум дұрыс және демократияның рухына сәйкес өткізілген кезде, жергілікті халықтың саяси ой өрісінің кеңеюіне оң әсерін тигізіп, сайлаушылардың саяси жүйеге қатысуға деген ынтасын оңтайлы түрде арттыра алады. Сонымен қатар, референдум қоғамдық пікірдің дәрежесін көрсететіндіктен, үкіметің қолданыстағы заңдарын нығайтуда оң рөл атқара алады. Егер билеушілер мен халық арасында келіспеушілік болса, референдумдар екі тарап арасындағы пікір айырмашылықтарын көрсету арқылы халықты тыңдайтын үкімет жүйесін қалыптастырады. Елімізде 15 наурызда болатын республикалық референдумның басты мақсаты – халықтың пікірін тыңдау.

Референдумның ең пайдалы деген аспектілерінің ішінде біріншісі – мәселелерді жеңілдетуге бейімділік. Бұл тәжірибе әсіресе бір-бірімен тығыз байланысты немесе тығыз қарым-қатынаста болған мәселелерді бір қолшатырдың астына топтастыруға бейімділігін айта аламыз. Дауыс берілетін мәселелер бойынша соңғы шешім қабылдауды сұрайтын сайлаушылардың көпшілігінен бұл тақырып бойынша көп білім немесе тәжірибе күтілмейді. Сондықтан, сайлаушылардың шешімдері тек олардың тікелей қалауларын көрсететіндіктен, қабылданған шешімдер ұзақ мерзімді атқарылатын жобаларға оң әсерін бермеуі де мүмкін.

Сонымен қатар, референдум процесі мен оның нәтижелерін популистік, антидемократиялық немесе диктаторлық режимдер манипуляциялауы мүмкін деген қауіп әрқашан бар. Бұл мәселені сынға алушылар, әсіресе, 20-шы ғасырдағы диктаторлардың әртүрлі антидемократиялық тәжірибелеріне назар аударады. Сонымен қатар, бұндай референдумдар, атап айтқанда, дауыс берілетін мәселе бойынша нақты пікірі бар адамдардың қатысуының артуына байланысты қоғамның оң бағытта дамуының нәтижелерін көрсетеді.

Президент Қ.Тоқаев 2026 жылғы 11 ақпанда, Қазақстан Республикасы Конституцияның 44-бабының 10) тармақшасына және «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 18-бабына сәйкес 2026 жылдың 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы шешім шығарды. Референдум өткізілуінің негізгі тақырыбы мынадай: «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы: «Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сауал қойылып, республикалық референдумға шығарылсын» деп баян етілген.

Еліміздің тәуелсіздігі мен болашағы, бейбітшілігі мен тыныштығы, құқықтығы мен адалдығы жолында жасаған қадамдарымызды жаратқан Алла оң қабылдап, мерейімізді үстем етсін.

PhD, Исатай БЕРДАЛИЕВ

Таңбалар: дауыс беруконституциялық реформаРеферендум
Бөлісу5Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Еxit poll: Халықтың 86,7 пайызы жаңа Ата заңды қолдады
Жаңалықтар

Еxit poll: Халықтың 86,7 пайызы жаңа Ата заңды қолдады

16.03.2026
Референдум: 2 миллоннан астам адам дауыс берді
Жаңалықтар

Референдум: 2 миллоннан астам адам дауыс берді

15.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Зайырлылықтың үш үлгісі

Дінтанушы: Зайырлылық – сенімге еркіндік берген мемлекет формуласы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    122465 бөлісті
    Бөлісу 48986 Твитерге 30616
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1604 бөлісті
    Бөлісу 642 Твитерге 401
  • Ораза айт: Еліміздің қалаларындағы айт намазының уақыты

    530 бөлісті
    Бөлісу 212 Твитерге 133
  • Шәууәл айының ораза кестесі (қалалар бойынша)

    452 бөлісті
    Бөлісу 181 Твитерге 113

Соңғы жарияланымдар

Ислам

Алладан кешірім тіле…

10.04.2026
Орта Азия – діни білім ошағы
Видео

Орта Азия – діни білім ошағы

10.04.2026
Рұқсатсыз қажылыққа барғандарға айыппұл салына бастады
Жаңалықтар

Биыл үлкен қажылық 15 мамырда басталады

10.04.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00