Жексенбі, 8 Ақпан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қайырлы амал – мұсылманның ең үлкен қазынасы

07.02.2026
- Ислам, Таңдаулы
0
4
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Имандылық адам баласын тек қана игілікке жетелейді. Егер иман – тамыры терең ағаш болса, ізгі амал оның саялы жапырағы мен тәтті жемісі іспетті. Байқасаңыздар, қасиетті Құранда Алла Тағала қай жерде «Иман келтіргендер…» деп тіл қатса, артынша дереу «…және ізгі амал жасағандар» деп, бұл екеуін егіздің сыңарындай қатар атаған. Бұл бізге нені аңғартады? Бұл мұсылманның дәрежесі тек жақсылығымен, қоғамға тигізген пайдасымен өлшенетінін білдіреді.

Алла Тағала қасиетті Құранда:

إِنَّ الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ إِنَّا لَا نُضِيعُ أَجْرَ مَنْ أَحْسَنَ عَمَلًا

«Сондай-ақ иман келтіріп, игі іс істейтіндерге келсек, Біз игі істер істейтіндердің сауабын әсте зая етпейміз», – деген («Кәһф» сүресі, 30-аят).

«Жошы» ансамблі Қатардағы Қазақстан мәдениеті күндерінде өнер көрсетті

«Жошы» ансамблі Қатардағы Қазақстан мәдениеті күндерінде өнер көрсетті

08.02.2026
Имам Ағзам Әбу Ханифаның он екі өсиеті

Исламның басты құндылықтары қандай?

07.02.2026

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің хадисінде:

يَتْبَعُ المَيِّتَ ثَلاثَةٌ، فَيَرْجِعُ اثْنانِ ويَبْقَى معهُ واحِدٌ: يَتْبَعُهُ أهْلُهُ ومالُهُ وعَمَلُهُ، فَيَرْجِعُ أهْلُهُ ومالُهُ، ويَبْقَى عَمَلُهُ

«Мәйіттің соңынан үш нәрсе ереді. (Соның) екеуі кері қайтады да, біреуі онымен бірге қалады. Оған еретіндер: отбасы, мал-мүлкі және амалы. Оның отбасы мен мал-мүлкі кері қайтады, ал амалы онымен бірге (қабірде) қалады» – деген (имам Бұхари).

Қасиетті Құран аяттары мен ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде Алла Тағалаға ұнамды деп танылған ізгі амалдың түрлері жөнінде айтылған. Олардың негізгілері мынадай:

Бірінші: уақытында оқылған намаз

Исламның бес шартының әуелгісі иман болса, екіншісі – намаз. Алла Тағала қасиетті Құранның 87 жерінде намаз оқуды бұйырып, оның адам баласы үшін маңыздылығына ерекше назар аударған. Ибн Масғуд (Алла оған разы болсын):

سَأَلْتُ رَسُولَ اللهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: أيُّ الأَعْمَالِ أَحَبُّ إلَى اللهِ؟ قَالَ: الصَّلَاةُ عَلَى وَقْتِهَا

«Мен Алла Елшісінен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Амалдардың қайсы бірі Алла Тағалаға ұнамдырақ», – деп сұрадым. Сонда Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Уақытында оқылған намаз», – деп жауап берді…», – деген (имам Бұхари, Муслим).

Алла Тағала қасиетті Құранда:

رِجَالٌ لَّا تُلْهِيهِمْ تِجَارَةٌ وَلَا بَيْعٌ عَن ذِكْرِ اللَّهِ وَإِقَامِ الصَّلَاةِ وَإِيتَاءِ الزَّكَاةِ يَخَافُونَ يَوْمًا تَتَقَلَّبُ فِيهِ الْقُلُوبُ وَالْأَبْصَارُ

«Сондай ер жігіттер бар, олардың күн-көріс көзіне айналған саудалары да, (күнделікті) алу-сату істері де оларға Алланы еске алуына, намазды (кемеліне жеткізіп, үзбей әрі уақытында) оқуына және зекетті (толық) беруге бөгет болмайды…», – деген («Нұр» сүресі, 37-аят).

Дін мен дәстүрін ұштастыра білген бабаларымыз да қилы да қиын замандардың өзінде бес уақыт намазына берік болған. Сол себепті де ақын-жырауларымыздың насихаттарында бес уақыт намаз жайында көбірек тілге тиек етілген. Бұқар жырау өзінің атақты он бір тілегінде:

Бесінші тілек тілеңіз,

Бес уақытта бес намаз,

Бірі қаза болмасқа, – десе,

Шортанбай Қанайұлы бабамыз:

Құбылаға бас қоймақ,

Мұсылманның тарығы.

Ораза, намаз қаза қылмасаң,

Көңіліңде Құдай барлығы, – деп айтқан.

Хакім Абай атамыз: «Руза, намаз, зекет, хаж – талассыз іс, Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс», – деп, исламның бес тірегі саналатын ғибадат-құлшылықтарды түгелімен орындауды өсиет еткен.

Қисса

Бірде ардақты сахаба Абдулла ибн Масғұд (Алла оған разы болсын) базар аралап жүреді. Қайнаған тіршілік, қызған сауда… Кенет азан дауысы естіліп, намазға шақырған үн қалаға жайылады.

Сол сәтте Ибн Масғұд (Алла оған разы болсын)  ерекше бір көрініске куә болады. Жаңа ғана саудамен айналысып, алу мен сатудың қызығына батып жатқан саудагерлер азанды естіген бойда, қолдарындағы дүниелерін тастай салып, жаппай орындарынан атылып тұрады. Олардың ешқайсысы саудасын аяқтауды күтпестен, барлығы бір кісідей мешітке, намазға қарай асығады.

Олардың мына ғибратты әрекетіне сүйсіне қараған Абдулла ибн Масғұд (Алла оған разы болсын): «Міне, дәл осылар – Алла Тағаланың Өз Кітабында арнайы мақтап, еске алған адамдары!» – деп, «Нұр» сүресінің 37 аятын меңзеп, олардың шынайы тақуалығына куәлік берген екен.

Екінші: ата-анаға жақсылық жасау

Кез-келген адам үшін дүниеде ең қымбат жандар – оның ата-анасы. Сондықтан да асыл дініміз адам баласына ата-анасын құрметтеп, сыйлауға, қолынан келер жақсылықты жасауға, оларды риза етіп, ақ батасын алуға бұйырған. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

رِضَى اللَّهِ في رِضَى الوَالِدَينِ ، وسَخَطُ اللَّهِ فِي سَخَطِ الوَالِدَيْنِ

«Алланың разылығы ата-ананың разылығында, Алланың ашуы ата-ананың ашуында», – деген (имам Тирмизи).

Сахабалардың ата-анаға деген құрметі қандай еді? Ізгілердің ата-анаға жақсылығы қандай болған? Расында, бұл өте ұлы нәрсе еді. Мысалы, әйгілі табиғин Уруа ибн әз-Зубәйр сәждеде жатқан сәтінде ата-анасы үшін: «Уа, Алла! Әз-Зубәйр ибн әл-Аууам мен Әсмә бинт Әбу Бәкірді жарылқай көр (кешіре гөр)!» – деп дұға жасайтын.

Қисса

Әйгілі ғалым Хайуа ибн Шурайхтың (Алла оны рақымына алсын) дәріс алқасы өтіп жатқан сәт.

Ілім мәжілісі адамдарға лық толы. Алыс-жақыннан жиналған жүздеген, тіпті мыңдаған шәкірт ұстаздың аузынан шыққан әрбір сөзді інжу-маржандай теріп, қағазға түсіруге ынтық. Ұлы ғалым дәрістерінде ең маңызды, ең нәзік мәселелер қозғалады. Мәжілісте шыбынның ызыңы естілетіндей тыныштық орнайтын еді.

Кенет… Осы тыныштықты бұзып, ілім мәжілісіне бір қарт ананың дауысы естіледі. Бұл – ұлы ғалым Ибн Шурайхтің анасы еді. Ол кісі көпшіліктің алдында отырған ұлына қарап:

  • Уа, Ұлым! Тұр орныңнан! Барып тауықтарға жем шашып кел!– деп дауыстайды.

Сонда бүкіл шәкірт сілтідей тынып, демдерін ішіне тартады. Бәрінің ойында бір сұрақ: «ұстаз қазір не істер екен? Осыншама жамағаттың алдында, отырып, тауыққа жем шашуға бара ма? Әлде «Анашым, сәл күте тұрыңыз, дәріс бітсін» дей ме деген ой көкейлерінде тұр.

Алайда, Ибн Шурайх еш кідірмеді. Жүзінен реніштің немесе ұялудың ешбір белгісі байқалмады. Ол сөзін кілт тыйып, алдындағы кітабын жапты да: – Құп болады, анашым! – деп, орнынан атып тұрды.

Ол өзінің ғалымдық сәлдесімен, иығындағы шапанымен жүгіріп барып, тауықтарға жем шашты. Анасының разылығын алды. Содан кейін ғана асықпай қайтып келіп, орнына жайғасты да:

  • Ал, енді сабағымызды жалғастырайық – деді.

Нағыз ғалымдық, нағыз тектілік – мінбердегі сөзбен емес, ата-анаға жасаған жақсылықпен өлшенбек!

Үшінші: үзілмей, жалғасатын жақсы іс

Аз да болса үзілмей, әрдайым жасалып тұратын ізгі амалдар – Алла Тағалаға ең ұнамды амалдар қатарына жатады. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

أَحَبُّ الأَعْمَالِ إِلى اللهِ أَدْوَمُها وَ إِنْ قَلَّ

«Алла Тағалаға ең ұнамды амалдар – аз болса да үздіксіз (тұрақты түрде) жалғасатыны», – деген (имам Бұхари, имам Мүслим).

Имам Нәуәуи (Алла оны рақымына алсын) осы хадиске түсініктеме бере отырып: «Бұл хадис амалдарда тұрақты болуға шақырады, сонымен қатар бұл жерде кішігірім, бірақ тұрақты іс, үлкен, бірақ тұрақты емес істен гөрі абзал екені айтылады. Үнемі жасалынатын кішігірім амал, үлкен әрі тұрақсыз амалға қарағанда әлдеқайда көп пайда әкеледі» – деген.

Демек, күнделікті әр түні оқылған екі рәкағат нәпіл намаз, бір мәрте ғана көп оқылған нәпіл намаздан әлде қайда артық. Бір мәрте ғана берілген үлкен садақадан, аз да болса, әрдайым, үзілмей беріліп тұратын садақа артық. Ендеше, мұсылман адам қандай да бір жақсы амалды аз мөлшерінде үзбей жасауға тырысуы қажет.

Төртінші: адамдарға пайдалы іс жасау

Мұсылман адамның басты сипаттарының бірі – қоғамға пайдалы болу. Асыл дінімізде Алланың ризалығын көздеп, өзгелерге жәрдемдесу, адамдардың қажеттілігін өтеу үлкен құлшылық деп саналады. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде:

خَيْرُ النَّاسِ أَنْفَعُهُمْ لِلنَّاسِ

«Адамдардың жақсысы (өзге) адамдарға көбірек пайда тигізгендері», – деп айтқан (имам Табарани).

Қасиетті Құранның «Мәриям» сүресінің аяттарында Иса пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) сәби күнінде Алла Тағаланың құдіретімен тіл қатып: «Мен Алланың құлымын», – деп бастай келе:

وَجَعَلَنِي مُبَارَكًا أَيْنَ مَا كُنت

«Мені қайда болсам да берекелі етті», – дейді (Мәриям» сүресі, 31-аят). Осы аяттағы «берекелі болу» дегенді ғалымдарымыз: «өзгелерге пайдалы болу» деп түсіндірген.

Қисса

Ертеде, мүміндердің әмірі Харун әр-Рашидтің жары парасатты Зубайда ханым қасиетті Меккеге қажылыққа баруға ниет етеді.

Қажылық маусымы. Күннің аптап ыстығы. Зубайда ханым қажылардың жағдайын көріп, жүрегі қарс айырыла жаздайды. Қажылар шөл қысып, бір жұтым суға зар болып жатқан еді. Судың жоқтығынан қаншама адам шөлден қиналып жатты. Бұл көрініске шыдай алмаған жомарт ана: «Меккеге су келеді! Тауды тесіп болса да, қажыларға арнап бұлақ көзін ашамыз!» – деген шешім қабылдайды.

Ол заманның ең білікті құрылысшылары мен сәулетшілерін жинады. Жоба басталады. Бірақ суды тау мен тастың арасынан, қия жартастарды тесіп алып келу, адам айтқысыз қыруар қаражатты талап ететін еді. Қазына басшысы (қаржыгер) Зубайда ханымға жақындап, сыбырлап қана:

  • Уа, ханым! Бұл жоба тым қымбатқа түседі. Қазына ортайып қалуы мүмкін, – деп ескерту жасайды. Сонда Зубайда ханым еш кідірместен:
  • Жұмысты бастаңдар! Тіпті жұмысшының қолындағы балтаның тасқа тиген әрбір соққысы бір «алтын динар» тұрса да, мен бұған разымын! Менен кейінгі үмбет шөлдемесін! – деп, тарих парақтарында алтын әріптермен жазылған осы сөзді айтады.

Осылайша құрылыс басталады. Зубайда ханым бар жиған-тергенін, алтын-күмісін, қымбат жауһарларын осы жолға сарп етеді.

Айлар өтіп, жылдар жылжып, жұмыс аяқталады. Меккеге сылдырлап су жетеді. Қажылар мәз-мейрам болады. Ең соңында, барлық мердігерлер, ұсталар мен құрылысшылар есеп беру үшін Зубайда ханымның алдына жиналады. Олар «қанша қаражат алдық, қаншасын жұмсадық» деп, қалың есеп-қисап дәптерлерін арқалап келген еді. Әрқайсысы «есебіміз дұрыс шықпай қалса, жазаланамыз ба» деп қорқып тұрған.

Сол сәтте Зубайда ханым қызметкерлердің қолындағы қалың дәптерлерді сұратып алады. Жұрт «қазір тексереді» деп күтіп тұрғанда, ол кісі дәптерлердің ешқайсысын ашпастан, барлығын лақтырып жіберіп:

  • Біз есепті ұлы Есеп күніне (ақыретке) қалдырдық! Кімнің қолында артылған қаражат қалса өзінікі болсын, адал еттік! Ал кімге біз берешек болып қалсақ, айтсын, ақысын еселеп береміз! – деді.

Сөйтіп, ол барлық жұмысшыларға құрмет шапандарын кигізіп, риза етіп қайтарды. Міне, нағыз «садақа жәрия»! Ол дүниенің есебін емес, ақыреттің сыйын қалады.

Бесінші: жасырын істелген ізгі амалдың берекесі

Имам Әбу Нуайм әл-Асбахани өзінің «Хильятул әулия уә табақатул асфия» еңбегінде Әбу Хамза Сумәлидің: «Әли ибн Хусейн (Зәйнул-Абидин) түнде арқасына нан салынған қапты көтеріп, оны (кедейлерге) садақа етіп тарататын және: «Расында, жасырын садақа – Ұлы әрі Құдіретті Раббының ашуын басады», – деп айтатын», – деген сөзін келтірген.

Амр ибн Сәбиттен жеткен деректе: «Әли ибн Хусейн қайтыс болып, оны (ғұсылға алып) жуған кезде, адамдар оның арқасындағы қарайған іздерге көздері түсіп: «Бұл не (қылған іздер)?» – деп сұрасты. Сонда (мұның мәнісін білетіндер): «Ол түнде ұн салынған қаптарды арқалап, Мәдина қаласының кедейлеріне тарататын еді (бұл содан қалған іздер)», – деп жауап берді» – делінген.

Құрметті жамағат!

Уақыт – зымырап өте шығатын керуен. Кешегі күн – тарих, ертеңгі күн – жұмбақ, ал бүгінгі күн – бізге берілген мүмкіндік. Сондықтан, «Ертең істеймін» деген алдамшы үмітпен өзімізді алдамайық. Өйткені, қабірстан – ертең тәубе етемін, ертең намаз бастаймын, ертең жақсылық жасаймын деген жандарға толы. Бірақ оларға сол «ертең» ешқашан келген жоқ. Хазіреті Әли (Алла оған разы болсын): «Расында, дүние бізден теріс айналып, алыстап барады. Ал Ақырет болса, бізге құшағын ашып, жақындап келеді. Бұл екеуінің де өз перзенттері бар. Сендер фәни дүниенің емес, мәңгі болған Ақыреттің перзенті болыңдар! Себебі, бүгін – амал ету бар, бірақ сұрақ-жауап жоқ. Ал ертең – сұрақ-жауап бар, бірақ амал ету жоқ!» – деген екен.

Уа, Раббымыз! Баршамызға салиқалы ғұмыр, қайырлы амал нәсіп еткейсің! Бүгінгі айтылған насихаттарды жүрегімізге енгізіп, амал етуді жеңілдет. Жасаған азды-көпті ғибадаттарымыз бен ізгіліктерімізді өз құзырыңда қабыл алып, Ақыретте таразымызды ауыр басатын сауаптардан жазғай! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Қайнар көзі: muftyat.kz
Таңбалар: ізгі амалқайырлы амалСауапты іс
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Қайырымдылық жасаудан қалыс қалма
Видео

Қайырымдылық жасаудан қалыс қалма

27.03.2025
Салауат айтудың сауабы
Ислам

Салауат айтудың сауабы

14.10.2024
Тағы жүктеу
Келесі жазба
«Жошы» ансамблі Қатардағы Қазақстан мәдениеті күндерінде өнер көрсетті

«Жошы» ансамблі Қатардағы Қазақстан мәдениеті күндерінде өнер көрсетті

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

«Жошы» ансамблі Қатардағы Қазақстан мәдениеті күндерінде өнер көрсетті
Жаңалықтар

«Жошы» ансамблі Қатардағы Қазақстан мәдениеті күндерінде өнер көрсетті

08.02.2026
Сәлемдесіп сауап ал!
Ислам

Қайырлы амал – мұсылманның ең үлкен қазынасы

07.02.2026
Имам Ағзам Әбу Ханифаның он екі өсиеті
Сұрақ-жауап

Исламның басты құндылықтары қандай?

07.02.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00