Сұрақ: Исламның басты құндылықтары қандай?
Жауап: Ислам – бейбітшілігімен халықтың рухани өмірінен орын тапқан дін. Қазіргі таңда радикалды діни топтар жағымсыз іс-әрекеттерін Ислам деп көрсеткісі келіп жүр. Мәселе Исламның құндылықтарын білмей, дінге күйе жағып, қаралағысы келетін адамдарда болып тұр.
Ислам құндылықтары Құран Кәрім мен хадистерге негізделіп, халықтың рухани, адамгершілік және әлеуметтік өмірінен орын тапқан. Негізгі құндылықтар Алланы жағыз деп білуі, Аллаға, періштелерге, кітаптарға, пайғамбарларға, ақырет күніне, тағдырға сенуі, адам баласына зұлымдық етпеу мен әділ болуы, өтірікке бой алдырмай аманатқа қиянат жасамауы, мұқтаждарға қол ұшын беріп, жанашыр болуы, ата-анаға құрмет көрсетуі, білімге құштар болуы, сабырлылық пен шүкіршілік етуі, қоғамдағы теңдікті сақтауы, рухани және тәндік таза болуы т.б. сынды дүниелер.
Демек, дәстүрлі исламның тағылымын білген адам жағымсыз іс-әрекеттерден аулақ болмақ.
Икрам АЙТАЕВ









