Бейсенбі, 5 Ақпан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Діндер съезінің маңызын атап өтті

05.02.2026
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
3
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Парламент Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасында өткен дәстүрлі шейх Заид атындағы «Адамзат бауырластығы» сыйлығын салтанатты тапсыру рәсімі аясындағы іс-шараларға қатысты.

Биыл аталған сыйлыққа әйелдер мен қыздардың білім алу құқықтарын қорғау саласында еңбек етіп жүрген ауғанстандық құқық қорғаушы Зарка Яфтали, Палестинаның Taawon гуманитарлық ұйымы және Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбіт келісім ие болды. Осыған байланысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыйлық иелеріне бейнеүндеу жолдады. Мемлекет басшысы Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев пен Армения Республикасының Премьер-Министрі Никол Пашинянды құттықтап, екі елдің бейбіт келісімге қол жеткізу жолындағы белсенді іс-қимылы тарихи маңызға ие бетбұрыс екенін атап өтті.

«Әзербайжан мен Арменияның бейбіт келісім жолында қол жеткізген жетістігі тарихтың бетбұрыс кезеңі саналады. Бұл қадам диалог жүргізіп, жауапкершілік пен ұстамдылық таныта білсек, ұзақ жылдарға созылған қақтығыстың да түйінін тарқатуға болатынын дәлелдейді. Мемлекеттердің жік-жікке бөлінуі ұлғайып, өзара қарым-қатынастарға көптеп сызат түсе бастаған заманда бұл тәжірибе татуласудың әлсіздік емес, мықтылықтың белгісі екенін көрсетеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Қазақстан тарапы мемлекетімізге артылған сенімді, соның ішінде бейбіт келісімдердің негізгі бір кезеңін Алматыда өткізу туралы шешімді жоғары бағалайтыны айтылды.

Шымкент: «Жасөспірімдерге кеңес беру орталығы» ашылды

Шымкент: «Жасөспірімдерге кеңес беру орталығы» ашылды

05.02.2026
Ең маңызды куәлік

Ең маңызды куәлік

05.02.2026

«Бұл жағдай «сындарлы диалог – орнықты дамудың кепілі» деген ортақ көзқарасымызды айғақтайды. Қазақстан Еуразия кеңістігіндегі және одан тысқары жерлердегі бейбітшілікті, сенім мен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бастамаларды дәйекті түрде қолдап келеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сапар аясында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев шейх Заид атындағы «Адамзат бауырластығы» сыйлығы аясында өткен «Болашақ ұрпақ алдындағы уәде» тақырыбына арналған дөңгелек үстелге қатысып, сөз сөйледі. Іс-шараға сыйлық лауреаттары, қазылар алқасының мүшелері, халықаралық ұйымдардың өкілдері мен жас көшбасшылар қатысты.

Мәулен Әшімбаев өз сөзінде Қазақстанның бейбітшілік пен конфессияаралық диалог құндылықтарын ілгерілету жолындағы тәжірибесіне тоқталды. Сондай-ақ еліміздің бастамасымен жүзеге асырылып келе жатқан, философиялық тұрғыдан адамзаттың бауырластығы идеясымен үндес Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің қызметіне назар аударды.

«Қазақстан адамзаттың бауырластығын нығайтуға арналған бастамаларды және диалог, өзара құрмет пен бейбіт қатар өмір сүру құндылықтарын дәріптеуді толық қолдайды. Былтыр қыркүйек айында Астана қаласында «Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия» тақырыбымен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі өтті. Оның маңызды нәтижелерінің бірі конфессияаралық диалогты одан әрі нығайтуды көздейтін бірқатар халықаралық бастаманы қамтыған «Астана бейбітшілік декларациясы-2025» құжатының қабылдануы болды. Рухани көшбасшылар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жаңа жаһандық бейбітшілік қозғалысын қалыптастыру жөніндегі үндеуіне қолдау білдірді. Алдағы уақытта бұл бағытта нәтижелі ынтымақтастық орнатуға зор мүмкіндік бар. Сондықтан жалпыадамзаттық құндылықтарды және өзара түсіністік пен ынтымақтастық мәдениетін ілгерілету жолында барлық елмен, институттармен, ізгі ниетті жандармен бірлесіп, белсенді жұмыс істеуге дайынбыз», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар Сенат Төрағасы БАӘ Федералды Ұлттық Кеңесінің Төрағасы Сакр Әл-Гобашпен кездесті. Онда тараптар Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің стратегиялық серіктестігін кеңейту және парламентаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері жөнінде сөз қозғады. Екі елдің заң шығарушы органдарының бірлескен жобаларды ілгерілетудегі рөліне де ерекші көңіл бөлінді. Нақты айтқанда, инвестициялық байланысты және цифрландыру саласындағы өзара іс-қимылды арттыруға баса мән берілді. Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің бейбітшілік, сенім және халықаралық тұрақтылық мәселелеріне қатысты ұстанымдарының үндес екеніне де назар аударды

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерімен қарым-қатынасты жүйелі түрде нығайтуға айрықша мән беріп отыр. Ол Әмірліктер еліміздің сенімді стратегиялық серіктестерінің бірі екенін үнемі айтып келеді. Қазақстан мен БАӘ-ні даму жолындағы ортақ ұстанымдар біріктіреді. Бұл – дәстүр мен мәдени бірегейлікті сақтай отырып, оны жарқын болашақ жолындағы батыл қадамдармен, инновациямен және әлемге ашықтықпен үйлестіре білу», – деді Мәулен Әшімбаев.

Бұдан басқа, Мәулен Әшімбаев Мұсылман ақсақалдары кеңесінің Бас хатшысы Мұхаммед Әбделсаламмен, Өзбекстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Саида Мирзиёевамен, Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы, Шейх-уль-ислам Аллашүкір Пашазадемен, Қасиетті Тақ жанындағы Мәдениет және білім жөніндегі дикастерияның префектісі Хосе Толентино де Мендонсамен, Дикастерияның дінаралық диалог жөніндегі префектісі кардинал Джордж Кувакадпен, Жапониядағы «Сока Гаккай» ірі зайырлы буддистік ұйымының вице-президенті Хироцугу Тэрасакимен және ЮНЕСКО-ның бұрынғы Бас директоры Ирина Боковамен кездесті.

Таңбалар: Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіДіндер съезіМәулен Әшімбаев
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі қашан өтеді?
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі

Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съездерінің маңызы

25.11.2025
БҰҰ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі қорытындыларын жоғары бағалады
Жаңалықтар

БҰҰ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі қорытындыларын жоғары бағалады

21.11.2025
Тағы жүктеу

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Діндер съезінің маңызын атап өтті
Жаңалықтар

Діндер съезінің маңызын атап өтті

05.02.2026
Шымкент: «Жасөспірімдерге кеңес беру орталығы» ашылды
Жаңалықтар

Шымкент: «Жасөспірімдерге кеңес беру орталығы» ашылды

05.02.2026
Ең маңызды куәлік
Қоғам

Ең маңызды куәлік

05.02.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00