Сейсенбі, 10 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жануарға жасалған қаталдық – жүрекке түскен дақ

21.01.2026
- Таңдаулы
0
47
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Дініміз бізге тек адамдармен ғана емес, жаратылған барлық мақұлықпен мейіріммен қарым-қатынас жасауды бұйырады. Себебі әрбір тіршілік иесі -Алланың жаратылысы, Оның құдіретінің айғағы. Осы ақиқатты ұлы әулие Фаридуддин Аттар хазіреттері бізге ғибратты бір қисса жеткізеді.

Ол: Хазреті Әли (р.а.) бір күні асығыс жүріп бара жатып, байқамай бір құмырсқаны жарақаттап алады. Жараланған құмырсқа жерде тыпырлап, әлсіреп жатты. Мұны көрген Хазреті Әлидің жүрегі елжіреп, жаны күйзелді. Ол – Алланың арыстаны атанған айбынды сахаба еді. Соған қарамастан, бір ғана құмырсқаның хәлі оның жан дүниесін астаң-кестең етті.

Ол құмырсқаны қайта жүріп кетсін деп, барынша тырысты. Бірақ тағдырға қарсы шара табылмады. Сол түні Хазреті Әли түсінде Алла Елшісін (с.ғ.с.) көреді. Пайғамбарымыз оған былай деп ескертеді:

«Ей, Әли! Асығыстық жасама! Бір құмырсқаның жарақатынан көктер қайғыға батты. Ол – Алланы зікір етумен айналысатын нәзік мақұлық еді».

Харам деген не?

Харам деген не?

10.03.2026
Аида Балаева: Жаңа Конституция сөз бостандығына кепілдік береді

Аида Балаева: Жаңа Конституция сөз бостандығына кепілдік береді

10.03.2026

Осы сөздер Хазреті Әлидің жүрегіне найзадай қадалды. Айбарлы батырдың өзі Алланың алдында бір әлсіз жаратылыс үшін есеп беруден қатты қорықты.

Алайда Алла Елшісі (с.ғ.с.) үміт отын да сөндірмеді:

«Уайымдама! Сол құмырсқаның өзі қиямет күні сен үшін шапағатшы болады. Ол:

«Уа, Раббым! Әли мұны әдейі істеген жоқ. Ол – Сенің сүйікті құлың. Оны кешіре гөр!” – деп жалбарынады» – деді.

Міне, ғибрат! Хазреті Әлидей ұлы сахабаның өзі бір құмырсқаның алдында осылайша жауапкершілік сезінді. Ендеше біз кімбіз? Қалайша жануарды ұрып-соғып, әлсізге зәбір көрсетуге дәтіміз барады?

Ұмытпайық! Әрбір жаратылыс Алланы зікір етеді. Біз естімесек те, олар Раббысын мадақтайды. Әлсізді қорғау – иманның белгісі. Мейірім -мұсылманның көркем сипаты.

Алла Тағаланың әмірін жүрекпен сезініп, жаратылғанға рақыммен қараған жан неткен бақытты!

Алла баршамызды жүрегі жұмсақ, қолы мейірімді, амалы көркем құлдарынан етсін. Әмин.

Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

 

Таңбалар: ізгілікмейірім
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Мейіріммен түзелген тағдыр
Ғибратты әңгімелер

Мейіріммен түзелген тағдыр

04.02.2026
Бес жүз жылдық амал (ғибрат)
Ғибратты әңгімелер

Бес жүз жылдық амал (ғибрат)

26.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
«Religions for Peace» халықаралық ұйымымен онлайн келіссөздер

«Religions for Peace» халықаралық ұйымымен онлайн келіссөздер

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120554 бөлісті
    Бөлісу 48222 Твитерге 30139

Соңғы жарияланымдар

Харам деген не?
Сұрақ-жауап

Харам деген не?

10.03.2026
Аида Балаева: Жаңа Конституция сөз бостандығына кепілдік береді
Жаңалықтар

Аида Балаева: Жаңа Конституция сөз бостандығына кепілдік береді

10.03.2026
Рамазан: 8261 мұқтаж жанға көмек көрсетілді
Жаңалықтар

Рамазан: 8261 мұқтаж жанға көмек көрсетілді

10.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00