Сенбі, 31 Қаңтар, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: Архив үні» жобасы таныстырады

10.01.2026
- Жаңалықтар
0
8
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 2026 жылы өтетін 61-ші Венеция биенналесінде  ҚР Ұлттық павильонына арналған кураторлық ұсыныстар конкурсының қорытындысын жариялады.

Дауыс беру нәтижесі бойынша «ҚОҢЫР: Архив үні» тұжырымдамасы жеңімпаз атанды. Жобаның кураторы – Сырлыбек Бекботаев.

61-ші Венеция биенналесі 2026 жылғы 9 мамыр мен 22 қараша аралығында өтеді. Осы мерзімде Қазақстанның Ұлттық павильоны Биеннале бағдарламасы аясында ұсынылатын болады.

Конкурс ұлттық павильонды дайындауда ашық әрі тұрақты тәжірибені қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Өтінімдер бір ай бойы қабылданды. Іріктеу екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде ұсынылған материалдарға сараптамалық бағалау жасалды, ал екіншісінде финалистермен онлайн-сұхбат жүргізілді.

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы қорытындыланды

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы қорытындыланды

30.01.2026
АҚШ-тағы Қазақстан елшісімен кездесті

АҚШ-тағы Қазақстан елшісімен кездесті

28.01.2026

Бағалау үшін жобаның тұжырымдамалық тұтастығына (25 баллға дейін), менеджменті мен іске асырылуы (20 баллға дейін), тәжірибе, этика және орнығуына (20 баллға дейін) мән берілді. Әр сұрақ бойынша 1-ден 5 балға дейін қойылып, қорытынды нәтиже ұпай арқылы анықталды.✔️

Бірінші кезеңнің финалына үш жоба өтті. Екінші кезеңде қазылар алқасы әрбір финалиспен онлайн-сұхбат өткізіп, талқылау қорытындысы бойынша ақтық дауыс беру парақтарын толтырды.

Іріктеу комиссиясы пәнаралық сараптама қағидаты бойынша құрылып, оның құрамында заманауи өнер, өнертану, тәуелсіз театр мен музыка салаларындағы жергілікті және халықаралық мамандар, сондай-ақ академиялық қауымдастық пен мемлекеттік музейлер өкілдері болды.

Еске сала кетейік, конкурс 2025 жылдың қараша айында жарияланған болатын. Оның мақсаты – 2026 жылы Биенналеде «In Minor Keys» тақырыбын ашатын, тұжырымдамалық және көркемдік тұрғыдан біртұтас жобаны іріктеу және Қазақстанның заманауи өнерін халықаралық деңгейде таныстыру.

Конкурсқа кураторлар мен кураторлық топтарға Қазақстан Республикасының азаматтары, кураторлық қызмет тәжірибесі бар мамандар шақырылды. Қазақстанда тұратын және жұмыс істейтін үміткерлерге басымдық берілді.

Сырлыбек Бекботаев – суретші әрі куратор, Астана қаласында тұрып, жұмыс істейді. Оның шығармашылығы мен мол тәжірибесі көшпенділер өмірі мен мәдени мұра тақырыбына арналған. 2025 жылы ол Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Мәдениеттану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Таңбалар: архивВенеция биенналесіҚоңыр жобасы
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Мақала жоқ
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Мүфтият биылғы жұмыс жоспарын бекітті

Мүфтият биылғы жұмыс жоспарын бекітті

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Сұрақ-жауап

Исламда отан туралы түсінік бар ма?

30.01.2026
«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы қорытындыланды
Жаңалықтар

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы қорытындыланды

30.01.2026
Ағым түбі – алауыздық
Видео

Ағым түбі – алауыздық

28.01.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00