Бейсенбі, 22 Қаңтар, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ұлттық құрылтайдың секция отырысында әлеуметтік-мәдени дамудың өзекті мәселелері талқыланды

19.01.2026
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
8
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қызылордада V Ұлттық құрылтай аясында «Әлеуметтік-мәдени даму» секциясының отырысы өтті. Отырыс жұмысына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева төрағалық етті. Талқылауға Парламент депутаттары, шығармашылық зиялы қауым өкілдері және қоғам қайраткерлері қатысты. Жиынды ашқан Аида Балаева Ұлттық құрылтайдың қоғам үшін маңызы зор, тұрақты әрі жүйелі диалог алаңына айналғанын атап өтіп, онда ел дамуының ұзақмерзімді бағыт-бағдары айқындалып, өзекті әлеуметтік мәселелер кеңінен талқыланатынын жеткізді.

«Ұлттық құрылтай аясында айтылған барлық ұсыныс пен пікір Мемлекет басшысы мен мемлекеттік органдардың ерекше бақылауында. Мәдениет және ақпарат министрлігі құрылтай мүшелері ұсынған бастамаларды іске асыру жоспарының орындалуына тұрақты түрде мониторинг жүргізіп келеді. Алдыңғы төрт отырыста аса маңызды мәселелер көтеріліп, ауқымды жұмыс атқарылды. Атап айтқанда, заңнаманы жетілдіру мақсатында 26 заң қабылданды. Сонымен қатар 10 заң жобасына, сондай-ақ Президент жарлықтары мен кешенді даму жоспарларына өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде», – деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Секция отырысына қатысушылар өз ұсыныстары мен бастамаларын ортаға салды. Талқылаудың негізгі өзегін мәдениетті дамыту, креативті индустрияларды дамыту, әлеуметтік саланы жақсарту және отбасы құндылықтарын нығайту мәселелері құрады. Сондай-ақ балалар контентін дамыту және анимация индустриясын өркендету тақырыбы көтерілді. Осыған байланысты Аида Балаева мультфильм өндірісіне арнайы тоқталып, бұл бағыттың маңыздылығын ерекше атап өтті.

«Президент Жолдауында берілген тапсырмаға сәйкес, министрлік жанынан Креативті индустрияларды қолдау қоры құрылды. Қазіргі уақытта оның материалдық-техникалық базасы қалыптастырылуда, әрі Қор құрылымында анимацияға арналған жеке бағыт қарастырылады. Менің ойымша, мұнда саннан бұрын сапаға мән беру маңызды. Контенттің бала психологиясына ықпалын, жас ерекшеліктерін және тәрбиелік әсерін міндетті түрде ескеру қажет. Қордың толыққанды жұмысы басталғаннан кейін анимация индустриясы тың серпін алып, қарқынды дами түседі деп сенемін», – деп атап өтті Мәдениет және ақпарат министрі.

Басқа да мәселелерді талқылау барысында қатысушылар мен сарапшылар ұлттық дәстүрді сақтау және «кітап оқитын ұлт» қалыптастыру – қазақстандық қоғамды жаңғыртудың маңызды құрамдас бөлігі екенін баса айтты. Осыған орай Аида Балаева аударуға және басып шығаруға ұсынылатын кітаптар тізбесін айқындайтын арнайы комиссия құруды ұсынды. Сонымен бірге заманауи жас авторлардың шығармаларын ел кітапханаларының қорына жүйелі түрде енгізу қажеттігіне назар аударды. Бүгін Қызылордада «Білім және ғылым», «Азаматтық қоғам» және «Экономикалық даму» бағыттары бойынша тағы үш секцияда талқылаулар өтіп жатыр. Екі күн бойы мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері талқыланатын болады. Ертең, 20 қаңтарда, Мемлекет басшысының қатысуымен V Ұлттық құрылтайдың пленарлық отырысы өтеді. Іс-шараға Қазақстанның барлық өңірінен делегат ретінде келген Ұлттық құрылтайдың 110 мүшесі қатысады.

Қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын 36 спортшы қорғайды

Қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын 36 спортшы қорғайды

22.01.2026
Террозимнің бастауы – теріс пәтуа

Террозимнің бастауы – теріс пәтуа

22.01.2026
Таңбалар: Аида БалаеваҰлттық құрылтай
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Конституция преамбуласында қазақ мемлекеттілігінің терең тарихы көрініс табады
Жаңалықтар

Конституция преамбуласында қазақ мемлекеттілігінің терең тарихы көрініс табады

20.01.2026
Тоқаев: Қазақстан – Ислам әлеміндегі аса ірі мемлекет
Жаңалықтар

Тоқаев: Қазақстан – Ислам әлеміндегі аса ірі мемлекет

20.01.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Ислам істері жөніндегі халықаралық конференция өтті

Ислам істері жөніндегі халықаралық конференция өтті

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын 36 спортшы қорғайды
Жаңалықтар

Қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын 36 спортшы қорғайды

22.01.2026
Террозимнің бастауы – теріс пәтуа
Видео

Террозимнің бастауы – теріс пәтуа

22.01.2026
Қазақ ырымдарының жақсысы мен жаманы бар
Сұрақ-жауап

Ырымға сенуге бола ма?

22.01.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00