Шымкент қаласында Қожамжар ата атындағы жаңа мешіт ашылып, жамағат игілігіне пайдалануға берілді.
Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы арнайы қатысып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, жүрекжарды тілегін білдірді.
Айта кетейік, Қожамжар ата атындағы мешітті Ержан Қожамжаров бастаған отбасы ел игілігі үшін салып берді. Алла Тағала разы болсын. Жаңа мешіт құтты болғай!








