Бейсенбі, 22 Қаңтар, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Миғраж мұғжизасы

15.01.2026
- Ислам, Таңдаулы
0
18
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қасиетті Ережеп айының 26-ынан 27-іне қараған түн (биыл 15 қаңтардан 16 қаңтарға қараған түн) Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбарымызға берілген ұлы мұғжиза – Исра және Миғраж оқиғасы деп айтылады. Бұл мұғжиза Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жеке өміріне ғана емес, жалпы мұсылман үмбеті үшін айтулы оқиға болды.

Исра және Миғраж түні Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Меккедегі әл-Харам мешітінен Құдыстағы (Иерусалим) әл-Ақса мешітіне исра, яғни түнгі сапар жасады. Одан миғражға жеті қат көкке көтеріліп, дүниеден өткен барлық пайғамбарлармен кездесті, үнемі құлшылықта жүретін періштелермен жолықты. Құдіретті Жаратушымыздың түрлі белгілеріне куә болды. Біздің күнделікті оқитын бес уақыт намазымыз осы түнде парыз етілді. Бұл оқиға Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Мәдина қаласына һижрат етуінен он сегіз ай бұрын болды.

Қасиетті Құран Кәрімде: «Пендесін бір түні оған белгілерімізді көрсету үшін Харам мешітінен біз айналасын мүбәрәк етіп қойған Ақса мешітіне (исра жасатып) апарған Алла Тағала түрлі кемшіліктен пәк. Шәксіз Ол естуші, білуші», – деп айтылған («Исра» сүресі, 1-аят). Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) исра жасағаны туралы қасиетті Құранда айтылғандықтан, бұған сену – әрбір мұсылманға парыз.

Миғраж түнінде Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үш сый жасалды:

Қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын 36 спортшы қорғайды

Қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын 36 спортшы қорғайды

22.01.2026
Террозимнің бастауы – теріс пәтуа

Террозимнің бастауы – теріс пәтуа

22.01.2026

1. «Бақара» сүресінің соңғы екі (Әмәнә-р-расулу) аяты уахи етілді.

2. Қиямет күні Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үмметін шапағат ету құқығы берілді.

3. Бес уақыт намаз парыз етілді.

Демек намаз жер бетінде емес, миғражда парыз етілді. Бұл намаздың қаншалықты үлкен маңызға ие екенін көрсетеді. Намаз – мүміннің рухани миғражы. Намаз арқылы мұсылман адам рухани ем алып, жаман әдеттерден арылады. Қасиетті Құранда Алла Тағала: «Намаз оқы. Күдіксіз намаз арсыздықтан, жамандықтан тыяды…» деп айтқан («Ғәнкабут» сүресі, 45-аят).

Хакім Абай өлеңінде «Руза, намаз, зекет, хаж – талассыз іс, Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс» деп мүміннің атқаруы тиіс парыз амалдарына тоқталған. Бұқар жырау өзінің «Тілек» толғауының бесіншісін бес уақыт намазға арнап:

«Бесінші тілек тілеңіз,

Бес уақытта бес намаз,

Біреуі қаза болмасқа» деп, намазды қаза қылмай оқуға шақырған.

Пайғамбарымыздың  (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) намаздың артықшылығы жайлы айтқан хадистері өте көп. Соның бірінде: «Қалай ойлайсыңдар, егер де сендердің біреуің есік алдында өзен ағып жатса әрі сол өзенге күн сайын бес рет жуынатын болса, ондай адамның бойында кір қала ма?» – деп сұрайды. Сонда сахабалар: «Жоқ, оның ешбір кірі қалмайды», –  деп жауап береді. Сонда Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бес уақыт намаз да тура сол секілді, адамның істеген қателігін жуып-шаяды», – дейді.

Расында мұсылман баласы миғраж оқиғасынан түрлі сабақ алуы керек. Ең бастысы біз бұған күдіксіз иман келтіріп, ол күннің болғанына сенуіміз қажет. Әрине мұндай қасиетті түндердің өз сауабы мен артықшылығы бар. Сол үшін біз мұндай түндерді құлшылықпен, Алла Тағалаға дұға жасаумен өткізгеніміз абзал.

Алла Тағала Өзінің ізгі құлдары қатарында болуымызды және қиямет күні Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шапағатына бөленуімізді нәсіп етіп, қасиетті Рамазан айына аман-есен жеткізгей! Әмин!

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти 

Таңбалар: исрамиғраж түнімұсылман күнтізбесі
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Сұрақ-жауап

Һижри жылды қалай есептейміз?

18.11.2025
Ислам

Миғражда қандай үкімдер берілді?

26.01.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Мүфтият: Діни рәсімдер бөлімі ашылады

Мүфтият: Діни рәсімдер бөлімі ашылады

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

О понятии и признаках религиозного экстремизма
Ағымдар ақиқаты

Экстремизм мен терроризмнің қоғамға тигізер зияны

22.01.2026
Қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын 36 спортшы қорғайды
Жаңалықтар

Қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын 36 спортшы қорғайды

22.01.2026
Террозимнің бастауы – теріс пәтуа
Видео

Террозимнің бастауы – теріс пәтуа

22.01.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00