Дүйсенбі, 12 Қаңтар, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Фолловер санын ақыға арттырудың үкімі

10.01.2026
- Ислам
0
5
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Барша мадақ атаулы әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың ардақтысы пайғамбарымыз Мұхаммедке оның отбасы мен сахабаларына салауат пен сәлем болғай! 

Фолловер (follower) – бұл әлеуметтік желіде белгілі бір парақшаға жазылып, жариялаған жазбаларды, фото-видео контентті бақылап отыратын қолданушылар.

Қазіргі таңда көптеген адамдар мен компаниялар өз парақшаларын насихаттау мақсатында түрлі ұсыныстарға жүгінеді. Бұл ұсыныстар тіркелушілер, оқырмандар, лайктар, пікірлер және тағы басқа нәрселердің санын арттыру жолымен жүзеге асады. Парақша иелері фолловер санын арттыру үшін арнайы қызмет көрсетушілермен келісімшарт жасап, оған белгілі бір ақы төлейді.

Дипфейк (deepfake) үкімі

Дипфейк (deepfake) үкімі

10.01.2026
Биотокпен емдеу үкімі

Биотокпен емдеу үкімі

10.01.2026

Әлеуметтік желідегі парақшаларда фолловер санын арттыру негізгі екі көріністе жүзеге асады:

  • Фолловер санын шынайы жазылушылар арқылы жүзеге асырады. Яғни қызмет көрсетуші тарап белгілі бір аккаунтты, парақшаны, жазбаны немесе соған ұқсас нәрсені жарнамалап, оны кеңінен таратуды өз мойнына алады. Бұл жарнаманы бірнеше рет жариялау арқылы ол мүмкіндігінше көп қолданушыға қол жеткізіп, олардың қаралымын, лайк басу ықтималдығын арттырады. Осылайша ол компания, яғни тапсырыс беруші тараптың көздеген мақсатына қол жеткізуге көмектеседі.

Бұл жағдайда көрсетілген қызметке ақы төлеу жұмысқа жалдау келісіміне ұқсайды. Ал шариғатта біреуді белгілі бір қызмет көрсетуге жалдауға рұқсат етілген [1].

  • Фолловер саны жалған (бот) аккаунттар арқылы жасалады. Бұл – нақты адамдардың тіркеліп, лайк басуы емес, қолдан жасалған шындыққа жанаспайтын әрекет. Шариғатта бұған тыйым салынады. Себебі ол іс-әрекет алдамшылық әрі оған төлемақы алу кісі ақысын жеу болып саналады[2]. Алла Тағала Құранда былай дейді:

وَلَا تَأْكُلُوا أَمْوَالَكُم بَيْنَكُم بِالْبَاطِلِ

«… және өз араларыңда мал-мүліктеріңді әділетсіз түрде жемеңдер»[3].

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді:

من غشَّنا فليس منَّا

«Кім бізді алдаса, ол бізден емес»[4].

Егер тапсырыс беруші бұл жалған әрекетті өзі біле тұра тапсырыс берсе, мұндай жағдайда күнәнің ауырлығы арта түседі. Өйткені ол өз парақшасын қолданушылардың алдында шын мәнінде жоқ сипаттармен көрсеткісі келеді. Бұл музәууир «өтірікші, жалған құжат жасаушы, бұрмалаушы» болып есептелгендіктен шариғатта оған тыйым салынған[5]. Ал мұсылман адам адалдық пен шынайылықты ұстанып, еңбегін таза жолмен табуы тиіс.

Шешім:

  1. Әлеуметтік желідегі парақшаларда фолловер санын шынайы қолданушылар арқылы (шариғатқа қайшы келмейтін жолдармен) арттыруға және мұндай жағдайда көрсетілген қызметке ақы төлеуге рұқсат етіледі.
  2. Фолловер санын жалған, бот аккаунттар арқылы арттыруға әрі оған ақы төлеуге тыйым салынады.

[1] Шауқи Ибраһим Әлләм, «Хукму бәйғи әл-ләйкәт», Мысыр пәтуа комитетінің ресми сайты, №4296 пәтуа, 2018 ж.  

[2] https://www.dar-alifta.org/ar/fatwa/details/14282/%D8%AD%D9%83%D9%85-

[3] «Бақара» сүресі, 188-аят.

[4] Ибн Хиббан, №5559. Табарани, №10234.

[5] Нәуауи, «Шарху сахихи Муслим», 14/110.

Таңбалар: әлеуметтік желіжазылушыфолловер
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Ауғанстанда бірқатар әлеуметтік желілерге кіруге шектеу қойылды
Жаңалықтар

Ауғанстанда бірқатар әлеуметтік желілерге кіруге шектеу қойылды

09.10.2025
Әлеуметтік желіден діни мәліметтер алуға бола ма?
Сұрақ-жауап

Әлеуметтік желіден діни мәліметтер алуға бола ма?

23.08.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Дипфейк (deepfake) үкімі

Дипфейк (deepfake) үкімі

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Шымкентте жаңа мешіт ашылды
Жаңалықтар

Шымкентте жаңа мешіт ашылды

11.01.2026
АҚШ Сирияда Ислам мемлекеті содырларының нысандарына ауқымды соққы жасады
Жаңалықтар

АҚШ Сирияда Ислам мемлекеті содырларының нысандарына ауқымды соққы жасады

11.01.2026
Мүфтият биылғы жұмыс жоспарын бекітті
Жаңалықтар

Мүфтият биылғы жұмыс жоспарын бекітті

10.01.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00