Дүйсенбі, 2 Ақпан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Денсаулық қадірін білгенге бір нығмет

31.01.2026
- Қоғам
0
0
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бүгін таңертең, күнделікті оқып жүрген кітаптарымның ішінен бір қызық хадис оқыдым. Алдымен хадистің мәтінін айтайын, содан кейін бұл хадистен оқыған мұсылмандар не ойландырады соған біраз тоқталайық:

Бір бәдәуи Алла Елшісіне (с.ғ.с.) келді. Алла Елшісі одан: «Сіз бұрын соңды безгекпен ауырдыңыз ба?» деп сұрады. Бәдәуи: «Безгек дегеніміз не?» деп сұрады. Алла Елшісі: «Бұл тері мен ет арасында пайда болатын қызба (ыстықтың көтерілуі)», – деп жауап берді. Бәдәуи: «Мен мұндайды ешқашан бастан кешірген емеспін», – деді. Алла Елшісі тағы да: «Сіз бұрын соңдыбас ауруымен ауырдыңыз ба?» деп сұрады. Бәдәуи: «Бас ауруы дегеніміз не?» деп сұрады. Алла Елшісі: «Бұл бастағы тамырдың қатты соғуы», – деп жауап берді. Бәдәуи: «Мен де мұндайды ешқашан бастан кешірген емеспін», – деді. Бәдәуи кеткеннен кейін, Алла Елшісі: «Кім тозақ тұрғындарынан біреуді көргісі келсе, осыған қарасын», – деді. (Ахмад ибн Ханбал, Муснад, 8395)

Бұл хадисті көптеген ғалымдар дәлел ретінде жарамды деп санайды. Дегенмен, бұл хадисті жорамалсыз оқығандар дұрыс түсінбей қалуы әбден мүмкін. Сондықтан хадистің жорамалына қарап, дұрыс түсіну өте маңызды. Бұл хадистен біз қандай сабақ аламыз? Не айтқысы келді деген сынды маңызды деген тұстарына тоқталайық:

Бұл дүниелік сынақта қиындықтарға тап болу – ең табиғи нәрселердің бірі. Бұл қиындықтар денемізге әсер ететін аурулар, мүлкіміздің зақымдануы мен жоғалуы, отбасымыз бен балаларымызға байланысты қиындықтар болуы әбден мүмкін. Бұның ішінде физикалық аурулардың ішінде бас ауруы мен безгек ең көп таралғандарынан деу мүмкін. Адамның денесіндегі пайда болған ауруларға, шыдамдылық танытқан кезде, мүміннің күнәлары төгіледі. Екінші жағынан, бұндай аурулар алдында құл ретіндегі дәрменсіздігін, бұл дүниеде өлім бар екенін және оның Құдайға қаншалықты тәуелді екенін еске салады. Ауырғанда қажетті сабақ алған адам менмендікке бой алдырмайды, мақтанбайды немесе өзін басқалардан жоғары санамайды. Сіз сау дененің бас ауруы немесе тіс ауруы салдарынан мүлдем басқа адамғаайналатынын көресіз. Кеше сау болған адам екінші күні кезкелген бір ауруға шалдыққандамүлдем басқа адамға айналуы мүмкін. Сонымен қатар, ауырған адам өз басынан кешкендерін сіңіре отырып, ауырып жатқан басқа адамдарға жанашырлық танытып, қамқорлық жасауды үйренеді. Ауруханада бірнеше түн ауырсынуды бастан кешірген адам, егер ол да ауырған болса, сауығып, үйіндегі төсегінде жайлы жатқанда, ауруханалардағы мыңдаған, тіпті миллиондаған науқастарды еске алады. Олар денсаулығын қалпына келтіргені үшін Құдайға алғыс айта отырып, сауығып кетулері үшін дұға етеді. Ешқашан ауырмаған адамның жоғарыда айтылған нығметтерге қол жеткізуі екіталай. Ата-бабаларымыз «тоқ адам аштың жағдайын түсінбейді» деп бекер айтпаған. Сондықтан, ешқашан ауруды бастан кешірмеген адам денсаулық нығметіне қаншалықты ризашылық білдіретінін түсіне алмайды. Ауырып жатқандарға жанашырлық таныта алмайды. Сонымен қатар, олар ауру салдарынан күнәларын жуу нығметінен айырылады. Тіпті, олар өздерінің мінсіз сау денелерінің арқасында менмен және мақтаншақ болып кетуіде әбден мүмкін.

«Ақмола» атауы қайдан шыққан?

«Ақмола» атауы қайдан шыққан?

24.01.2026
Африкадан Аралға дейін

Африкадан Аралға дейін

23.01.2026

Бұл хадистен мынадай нәтиже шығару мүмкін емес: «Ешқашан ауырмаған дені сау адам тозаққа кетеді» деген қорытындыға әкелмейді. Әрине, жоқ! Біздің дініміз бізді денсаулығымызды қорғау үшін барлық мүмкіндікті пайдалануға шақырады. Ислам діні ауырып қалғандарға емделуді бұйырады. Сонымен қатар, күшті мүмін әлсіз адамнан жақсырақ делінген. Соған қарамастан, аурулар да біздің сынақтарымыздың бір бөлігі. Денсаулығымызды қаншалықты қорғасақ та, өз бақылауымыздан тыс жағдайларға байланысты ауырып қалуымыз мүмкін. Пайғамбарлар да ауырған, соның ішінде Әйүп пайғамбар бұған мысал бола алады.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) бұл адамның сау болуын емес, басқа себептернегізінде тозаққа түсетінін айтқан болуы мүмкін.

Біріншісі, бұл жағдай пайғамбарымызға Алла тарапынан жіберілген уахи арқылы аян етілген. Егер бұлай болса, бұл адам бұл дүниеде ешқашан ауруға шалдықпайды, жер бетінде оған жұмақ беріледі және оның ақыретте ешқандай үлесі болмайды дегенді білдіреді. Шын мәнінде, пайғамбарымыз: «Дүние – мүміннің түрмесі», – деген. Аяттарда да былай делінген:«Егер Шайтан адамдардың күпірлікте біріккен біртұтас ұлтқа айналу қаупі болмағанда, біз олардың үйлерінің шатырларын, шығатын баспалдақтарын күмістен, есіктерін және сүйенетін орындықтарын күмістен жасап, оларды әшекейлермен безендірер едік. Бірақ мұның бәрі тек осы дүниенің ризығы ғана. Ақырет болса Алладан қорқып, Раббыларының мейіріміне сиынатындар үшін» (Зухруф 43/33-35).

Екіншісі болса мынада: Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өзінің ақылдылығы мен парасаттылығымен бұл адамның тәкаппарланып, осы күшке алданып, өзінің әлсіздігін білмей, күнә жасаудан бас тартпайтын, науқастарға жанашырлық танытпайтын және сондықтан тозаққа түсетінін алдын ала білдірген болыда әбден мүмкін. Қандай жағдай болса да, Пайғамбарымыз айтқан бұл  хадистің мақсаты мен мағынасынан «Денсаулығы мықты адам, тозаққа баруының негізгі себебі» деу мүмкін емес. Керісінше, «ауру тозақ өмірін сүру дегенді білдіреді» деген ойдан да аулақ болуға шақырады. Бұл жердегі негізі бақытсыздықтарымыздың сынақ ретіндегі аспектісіне назар аудару, жамандық деп санайтын нәрселеріміздің артында жақсылық бар екенін көру және сынақтарға шыдамдылық пен төзімділікпен қарауға тырысу дегенге саяды. Раббымыз бізге денсаулық пен амандық берсін. Ал егер ауырып қалсақ, бізге сабыр мен төзімділік берсін. Ауруларымызды күнәларымыздың кешірілуіне, әлсіздіктерімізді түсінуге, Алладан пана іздеуге және дәрежемізді көтеруге себеп етсін.

PhD, Исатай Бердалиев

Таңбалар: денсаулық
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Денсаулықтың қадірі
Ғибратты әңгімелер

Денсаулықтың қадірі

21.11.2025
Жүрек ақауын емдеудің тың тәсілі
Жаңалықтар

Жүрек ақауын емдеудің тың тәсілі

19.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Жемқорлық – азабы ауыр күнә

Жемқорлық – азабы ауыр күнә

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Ұлттық басылым күнімен құттықтады
Жаңалықтар

Ұлттық басылым күнімен құттықтады

02.02.2026
Ислам

Дұға мен тілек тілеудің әдебі

02.02.2026
Чикагода қазақ диаспорасымен рухани кездесу өтті
Жаңалықтар

Чикагода қазақ диаспорасымен рухани кездесу өтті

01.02.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00