Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жүрек ақауын емдеудің тың тәсілі

19.11.2025
- Жаңалықтар
0
12
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қарағанды облыстық №2 көпсалалы ауруханасында өңір медицинасы тарихындағы айтулы оқиға болды. Мұнда алғаш рет электродсыз кардиостимуляторды имплантациялау операциясы сәтті өтті. Бұл – жүрек ырғағының ауыр бұзылыстарын емдеудегі жаңа буын технологиясы, науқастардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған заманауи шешім.

Электродсыз кардиости­муля­тордың басты ерекшелігі – оның жүрек қуысындағы тінге тікелей енгізілуі. Операция кезінде құрылғы жамбас қан­тамырлары арқылы жеткізіледі. Енді ертеректегідей электродтарды тарту немесе тері астына арнайы «қалта» жасаудың қажеті жоқ. Озық тәсіл асқыну қаупін азайтып, науқастың тез оңалуына мүмкіндік береді.

Аурухананың аритмолог-хирургі Нұрлан Елемесовтің айтуынша, жаңа құрылғының көлемі небәрі екі сантиметр ғана, ол жүректің оң жақ қарын­шасына орнатылады.

– Құрылғы жүрек өткізгі­ш­тігін қалпына келтіріп, қалып­ты ырғақты сақтауға көмектеседі. Операциядан кейінгі келесі күні-ақ науқас өздігінен жүріп-тұра алады. Бұл бұрынғы әдістерге қарағанда әлдеқайда тиімді әрі қауіпсіз тәсіл, – дейді дәрігер.

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025

Облыста жыл сайын 200-ден астам науқасқа кардиостимулятор орнатылады екен. Қарағанды дәрігерлері алғаш рет электродсыз құрылғы арқылы жасаған операция әрі қарай да жалғасып, науқастардың оңалып кетуіне септігін тигізе береді. Операция еліміздің жетекші аритмологтерінің қатысуымен, сондай-ақ БАӘ мен АҚШ-тан шақырыл­ған мамандардың, «Abbott» компа­ния­сының клиника­лық серік­тестерімен бірлесе атқарылды.

– Мұндай құрылғы 20–25 жылға дейін қызмет ете алады. Әрине, бұл мерзім оның иесінің өмір салтына да байланысты. Қажет болған жағдайда құрылғыны жаңасына ауыстыру мүмкіндігі бар. Қарағанды дәрігерлерінің кәсібилігі жоға­ры деңгейде, барлық қажетті құ­рал-жабдық дер кезінде дайын ­болды, – дейді «Abbott» ком­паниясының клиникалық маманы Хадер Абу Халаф.

Денсаулық сақтау министр­лігінің штаттан тыс бас аритмологі, Қазақ аритмологтер қоғамының президенті Аян Абдрахманов жаңа техно­логияның еліміздің бірнеше қаласында енгізіліп жатқанын атап өтті.

– Электродсыз кардиости­муля­тор – әлемдік медицинадағы ең жаңа жетістіктердің бірі. Қазірде мұндай операциялар Астана, Алматы, Ақтау, Семей, Шымкент қаласында жасалып келеді. Енді осы қатарға Қарағанды да қосылды. Бұл әдіс бұрынғы үлгідегі кардиости­муляторлармен салыстырғанда анағұрлым тиімді. Ол теріасты қалталарына, электродтарға байланысты асқынулардың алдын алып, науқастардың өмір сапасын жақсартады. Ең бастысы – бұл технология елдегі барлық тұрғынға қолжетімді болуға тиіс, – деді ол.

Жаңа әдіспен операция жасалған алғашқы науқастардың бірі – Қарағанды қаласының тұрғыны Евгения Бондаренко. Ол операциядан кейінгі жағдайы туралы айтып, медицина қыз­мет­кер­леріне ризашылығын білдірді.

– Бастапқыда уайым болғаны рас, бірақ дәрігерлердің шебер­лігінің арқасында бәрі жақсы өтті. Қазір өзімді жеңіл әрі жақсы сезінемін. Дәрігерлер мен медбикелерге үлкен алғыс айтамын, – деді ем алушы.

Кейінгі жылдары Қарағанды өңірінде денсаулық сақтау саласы инфрақұрылымдары жаңар­тылып, медицина мекемелері цифрландырылып, жоғары технологиялы құрал-жабдықтар орнатылып, кадрлық әлеует артып келеді. Медицинаның даму қарқынына байланысты облыс­та телемедицина, цифрлық шешімдер, автоматтандырылған тіркеу, электронды денсаулық паспорты сияқты жаңашыл жоба  жүзеге асырылып жа­тыр. Мұның барлығы сапалы, қол­жетімді медициналық қызмет көрсетуге жол ашты.

Қарағанды дәрігерлерінің жетістігі – өңір медицинасының ғана емес, жалпы еліміздегі денсаулық сақтау жүйесінің қа­рышты қадамы. Электродсыз кар­­диостимуляторды орнату опе­рациясы елімізде жоғары техно­логиялы медициналық көмек­тің жаңа кезеңін бастап берді. Бұл жаңалық – отандық меди­цинаның мүмкіндігі артқа­нын, білікті мамандар мен зама­науи технологиялардың адам өмі­рін сақтауда шешуші рөл атқа­­ра­тынын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Қасымхан ҒАЛЫМ

Қарағанды облысы

Таңбалар: денсаулықжүрек емдеуҚарағанды
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Денсаулықтың қадірі
Ғибратты әңгімелер

Денсаулықтың қадірі

21.11.2025
Исламда денсаулық жайлы не айтылған?
Сұрақ-жауап

Исламда денсаулық жайлы не айтылған?

22.05.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Индонезия: Мешітте болған жарылыстың жаңа деректері

Индонезия: Мешітте болған жарылыстың жаңа деректері

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды
Жаңалықтар

Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

03.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00