Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жаһандық ұйымдарға жол ашқан құтты қадам

01.11.2025
- Мемлекет және дін
0
8
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

1990 жылдың қоңыр күзі. Кеңес одағы әлі ресми түрде таратылмаған, бірақ идеологиялық пәрмені әлсіреп, одақтас республикалар саяси дербестікке қарай қадамдай бастаған шақ. Ал сол тұста қабылданған «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларация» еліміздің тәуелсіз сыртқы саясат жүргізу ниетін алғаш рет құқықтық деңгейде жариялаған тарихи құжат еді.

Декларация қабылданған сәтте елі­міз әлі тәуелсіздік алмаған, бірақ алып империя шатқаяқтап тұрған алма­ғайып шақ-тын. Алайда мұнда рес­публика өз аумағында халықаралық қатынастар жөнінде дербес шешім қабыл­дау құқығын сақтайтыны анық атап көрсетілді. Яғни тәуелсіздік жария­ланбай тұрып-ақ сыртқы саясаттың институционалдық негізі дайындалды. Атап айтсақ, егемендік жария етілген соң еліміз БҰҰ-ға мүшелікке өтуде, ядролық қарусыздану жөніндегі бастамаларының халықаралық қолдау табуында, көпвекторлы дипломатия моделін қалыптастыруда нормативтік-саяси база ретінде осы құжатқа сүйенуі – соның айқын дәлелі.

Президент жанындағы Қазақ­стан Стратегиялық зерттеулер инсти­тутының бас ғылыми қызметкері, заң ғы­лымдарының докторы Марат Жұмағұлов бұл декларацияны мемлекеттің тұғырын бекіткен құжат екенін айтты. Оның ай­туынша, тіпті декларацияның кон­цеп­туалдық құрылымы бүгінгі консти­туциялық нормалардың негізін құрайды.

– Аталған құжат тек құқықтық акт емес, жаңа ұрпақ үшін де терең мағы­налы нышанға айналды. Бұл – ұлттың тарихи сабақтастығы мен азаматтық жауапкершілігін еске салып тұратын рухани бағдар. Себебі декларация әр азаматқа өз мемлекетін құру ісіне тікелей қатысы барын сезіндірді. Дәл осы сезім – халықтың тарихи жадын, ұлттық біре­гейлікті және мемлекетшілдік сана-се­зімді қалыптастырды. Сондықтан декла­рацияның мәні уақытпен шектел­мейді, – дейді ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі қашан өтеді?

Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съездерінің маңызы

25.11.2025
Дінаралық диалог – ислам сеніміне қайшы келмейді

Ортақ құндылықтарды жақындататын көпір

25.11.2025

Сондай-ақ ол егемендіктің қолымызға тиюі ел ішіндегі тұрақтылықты сақтауға сеп болғанын да атап өтті.

– Әлемде бірқатар ел егемендікке төңкеріс пен түрлі әлеуметтік күйзеліс арқылы жетті. Ал сол бір өтпелі кезеңде Қазақстан саяси тұрғыдан байыптылық пен парасаттылық танытты. Тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу үдерісі кезең-кезеңімен жүзеге асты. Алдымен Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданып, артынша жалпы­халықтық Президент сайлауы өтті. Одан кейін «Тәуелсіздік туралы» Конс­ти­туциялық заң, содан соң жаңа Конституция әзірленіп, қабылданды. Мұндай жүйелі әрі стратегиялық ойлас­тырылған қадам ел ішіндегі тұрақ­тылықты сақтауға және шынайы билік революцияда емес, заңда екенін дәлел­дей түсті, – деп ойын түйіндеді заң ғылымдарының докторы М.Жұмағұлов.

Егемендік декларациясында алғаш рет еліміздің халықаралық қатынастар саласында өз мүддесін жеке-дара қорғай алатыны саяси-құқықтық тілмен бекітілді. Құжатта республиканың Конституция мен заңдарына қайшы келетін КСРО актілерінің күші жүрмейтіндігі, табиғи ресурстар мен қаржы жүйесіне үстем иелік құқығы өз қолына өтетіні, ең маңыздысы – сыртқы экономикалық және дипломатиялық байланыстарды өз бетімен қалыптастыру ниеті көрсетілді. Осы арқылы мемлекетіміз кеңестік орталықтың сыртқы саяси бағытын еріксіз қайталаушы субъект емес, жеке пікірі, жеке мүддесі бар саяси бірлік ретінде болашақ халықаралық жүйеде өз орнын алдын ала белгілеп қойды.

Сыртқы істер министрлігі жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институтының сарапшысы Нұржан Өмірбек бұл декларацияны еліміздің сыртқы саясаттағы жаңа саяси философиясының бастауы ретінде қарастыру орынды екенін алға тартты. Оның ойынша, бұл құжат елімізге тек мемлекеттілікті жариялауға ғана емес, ең алдымен, өз бетінше шешім қабылдау мәдениетін қалыптастыруға жол ашты.

– Кеңес дәуірінде сыртқы саясат толықтай Мәскеудің құзырында бол­са, декларация қабылданғаннан кейін еліміз халықаралық үдерістерге өзінің көзқарасын білдіре алатын дербес субъект ретінде қалыптаса бастады. Еге­мен­дік алғашқы күндерінен бастап респуб­ликаға сыртқы саясатта жаңа деңгейдегі жауапкершілікті жүктеді. Әрбір ше­шімнің салдарын өз бетінше есептеу, геосаяси тепе-теңдікті сақтау және ішкі даму мен сыртқы орта арасындағы байланыстарды үйлестіру қажеттілігі туындады. Әрбір келісім мен бастама – өз мүддемізді өзіміз қорғауға үйренудің маңызды сатысы еді, – дейді Н.Өмірбек.

Сарапшы егемендік сондай-ақ сыртқы саясат пен ішкі даму арасындағы өзара байланысты терең түсінуге мүмкіндік бергеніне де тоқталды.

– Қазақстан халықаралық аренадағы әрбір қадамды тек сыртқы фактор ретін­де емес, ел ішіндегі тұрақтылық, экономикалық даму және әлеуметтік прогресс үшін тікелей әсер ететін құрал ретінде қабылдай бастады. Осы түсінік кейін мемлекетіміздің сыртқы саясатының ерекшелігін айқындаған басты факторға айналды. Яғни сыртқы саясат ұлттық дамудың стратегиялық тетігі ретінде қарастырылды, – дейді Н.Өмірбек.

Декларация қабылданған соң-ақ ресми Алматы Мәскеуден тәуелсіз формат­тағы сыртқы диалог арналарының алғашқы элементтерін қалыптастыра бастады. Бұл толыққанды елшілік желі немесе келісімдер жүйесі емес еді. Бірақ халықаралық байланысқа даярлықтың институционалдық формалары көріне бастады. Атап айтсақ, шетелдік миссиялармен тікелей консультациялар, халықаралық форумдарға дербес сарапшылық қатысу, ядролық қару мен қауіпсіздік мәселелерінің болашақ күн тәртібін алдын ала айқындау сынды бағыттарда дербестік алды. Кейін әлем назарына ұсынылған Семей полигонын жабу бастамасының моралдық-саяси негізі де дәл сол кезеңнің контекстінде пісіп жетілді. Яғни дипломатия тәуел­сіздік алған соң басталған жоқ, ол тәуел­сіздік жарияланбай тұрып «көлеңкелі режімде» қалыптасып үлгерді.

Бұл туралы Сыртқы саяси зерттеулер институтының сарапшысы Нұржан Өмірбектің төмендегі тұжырымы көңілге қонымды-ақ.

– Еліміз ешқашан бір орталыққа тәуелді болмауды, ешқандай блоктың сателлиті болмауды мақсат етті. Бұл – көпвекторлы саясаттың техникалық жағы ғана емес, сыртқы саясаттың түпкі идео­логиялық негізі. Ядролық арсе­нал­дан өз еркімен бас тарту, шекара мәсе­лелерін бейбіт жолмен шешу және әлемнің барлық ірі державаларымен тең құқықты қатынастар орнату – осы қағидаттың нақты көрінісі. Егемендік туралы декларацияны қазіргі ұлттық дипломатиямыздың бастауы деп атауға толық негіз бар. Ол елге тек саяси тәуелсіздік емес, халықаралық саясатта өз ойы мен ұстанымы бар мемлекет болудың жауапкершілігін де берді. Бұл Республикамызға күрделі геосаяси жағдайда да тепе-теңдікті сақтауға, белсенді болуға және ұлттық мүддені тиімді қорғауға мүмкіндік беріп отыр. Сондықтан Егемендік туралы декларацияның ең үлкен тарихи рөлі – Қазақстанға өз тағдырын өзі айқындайтын саяси ерік пен дипломатиялық дербестік мәдениетін қалыптастыруы. Бұл – кез келген тәуелсіз мемлекеттің ең құнды капиталы және еліміз бұл құндылықты уақыт өткен сайын тек нығайтып келеді, – дейді Н.Өмірбек.

1991 жылдың соңында еліміз тәуелсіз­дігін ресми жариялаған кезде, мемлекет сыртқы саясат пен халықаралық қатынас саласындағы алғашқы қадамдарын нөлден бастаған жоқ. Себебі құқықтық ниет пен саяси бағдар – 1990 жылғы декларацияда алдын ала бекітіліп қойған еді. Сол дайындықтың арқасында 1992 жылы еліміз БҰҰ-ға толыққанды мүше болып кірді. Бұл қадам бір сәттік саяси акт емес, дәл декларациядан бастау алған ұзын желінің заңды жалғасы болды. Кеңес жүйесінен тыс халықаралық ұйымдарға жол ашқан «құтты қадам» деген тұжырымның мәні де осында – декларация болмаса, Қазақстанның әлемдік дипломатиялық инфрақұрылымға бейім­делу үдерісі әлдеқайда ауыр және өз уақытынан кешеуілдеуі әбден ықтимал еді.

1990 жылғы Мемлекеттік егемендік туралы декларацияға тек тәуелсіздікке дайындық кезеңіндегі ішкі-саяси акт ретінде қарау оның тарихи салмағын кеміту болар еді. Бұл құжат еліміздің болашақ тәуелсіздігін әлемдік тәртіпке «жариялау» емес, оны халықаралық құқық логикасына алдын ала енгізу әрекеті болды. Дәл осы декларацияның арқасында 1991 жылы жарияланған тәуелсіздік сыртқы әлем үшін тосын сая­си оқиға емес, нормативтік негізі бар, алдын ала құлақтандырылған және ішкі заңдық базамен қамтамасыз етілген үдеріс ретінде қабылданды. Соның нәтижесінде 1992 жылы еліміздің БҰҰ-ға қабылдануы саяси-дипломатиялық декларациядан бастау алған халықаралық легитимацияның қай қисынға салсаң да қиыс кетпейтін заңды жалғасы саналды.

Осылайша, Қазақстан жаһандық ұйымдарға «жаңа туған аумақтық құрылым» ретінде емес, егемендік ниетін уақытынан бұрын құқықтық бекітіп қойған мемлекет ретінде енді. Бұл кез келген жаңадан пайда болған ел үшін ең ауыр сынақ саналатын халықаралық тану мәселесін жеңілдеткен басты фактор болды.

Жасұлан БАҚЫТБЕК

Таңбалар: Мемлекеттік егемендік туралы декларацияреспублика күні
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Бурдж-Халифа қазақ туының түсіне боялды
Жаңалықтар

Бурдж-Халифа қазақ туының түсіне боялды

26.10.2025
Дос КӨШІМ: Тәуелсіздік алуға қоғамдық ұйымдар айрықша үлес қосты
Сұхбат

Дос КӨШІМ: Тәуелсіздік алуға қоғамдық ұйымдар айрықша үлес қосты

25.10.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Тақуалық тек құлшылықта болуы тиіс пе?

Тақуалық туралы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00