Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025
- Қоғам, Таңдаулы
0
Сурет atamuraweb.kz сайтынан алынды

Сурет atamuraweb.kz сайтынан алынды

11
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Шын текті адам Тұлға болмай тұра алмайды. Қанында бар қасиет пен ата-анасының дұрыс тәрбиесі өзінің талабына қосылса – нәтижесінде: елін ойлаған Ер, абыройы асқақтаған азамат қалыптасады.

Тұлға дегеніміз кім? Тұлға – парасаты толысқан, ерік-жігері жетілген, жауапкершілік арқалай алатын, қызметі арқылы қоғамда өз орнын тапқан, өзіндік көзқарасы мен өмірлік ұстанымы қалыптасқан саналы азамат.

Тұлғаның негізгі сипаттары:

  1. Саналылық – өмір мен өзін түсіну, ойлану, талдау, шешім қабылдауды сезіне алуы.
  2. Жауапкершілік – өз іс-әрекетінің салдарын түсініп, мойынына ала білуі.
  3. Мақсаткерлік – өмірде мақсат қойып, соған ұмтылуы.
  4. Өзін-өзі басқару – ішкі ерік-жігер, өзін-өзі тәрбиелеу мен бақылауы.
  5. Құндылыққа адалдық – жақсылық, әділдік, ар-ождан, адалдық сияқты ішкі өлшемдерге сүйене білуі.
  6. Әлеуметтік белсенділік – қоғам өміріне қатысу, өзін қоғам мүшесі ретінде сезінуі.
  7. Даралық – өзінің қайталанбас ерекшеліктері мен қабілеттерінің болуы.

Қысқаша айтқанда, тұлға – өз мінезі, ұстанымы, мақсаты бар, саналы және қоғам өміріне белсене араласатын, құндылық таратушы адам.

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

03.12.2025

Тұлға – өз қадірін білуші адам. Өйткені өз қадірін білмейтін, өзін жақсы көрмейтін адам – өзгеге де қадірсіз болады. Сондықтан тұлға болудың басты шартының бірі – Өзіңді тану!  Өзіңді болғанда: өзегіңді, шын «меніңді» тану. Бабалардан қалған асыл сөз: «Өзін таныған – Жаратушысын таниды» – дейді! Міне, мәселе қайда?! Хадисте де: «Өзінің қадірін таныған адамға – Алла рақым етсін!» – делінеді…

Тұлға – өзінен (өз нәпсісінен) үстем тұра аламтын адам, өзін тәрбиелей алатын адам. Иә, өзіңді тәрбиелеу дегеніміз – нәпсіңді тәрбиелеу. Яғни жануарлық инстинктеріңді және өзімшіл кеудеңді (эгоны) тізгіндеу, жаныңды ізілендіру. Өзіңді тәрбиелеу – жан-жүрегіңдегі сүйіспеншілік сезімін (тәңірлік махаббатты) сезініп, сол ұлы сезімге бағыну. Жаратылысты – «Алланың мүлкі» деп сезініп, құрметпен-қамқорлықпен қарауды үйрену – жан қасиетіңнің іске қосылғанының белгісі. Осы Махаббаттан адамгершілік, адамгершіліктен мораль туындайды. (Мораль – қоғамдағы адамдардың іс-әрекетін, қарым-қатынасын реттейтін жалпы нормалар мен қағидалар жүйесі. Сыртқы ортаға бағытталған, қоғам бекіткен ережелер. Мысалы: әділетті болу, үлкенге құрмет көрсету, ұрлық жасамау. Ал адамгершілік – жеке адамның ішкі ұстанымы, ар-ұятына сүйенген құндылықтары. Ішкі дүниеге бағытталған. Моральды адам қабылдауы мүмкін, бірақ адамгершілік – оның жүрекпен сезінген шынайы таңдауы. Мысалы: Егер адам «ұрлық жасамау керек» дегенді тек заңнан немесе қоғамнан үйренсе – бұл мораль. Ал егер ол «ұрлық жасау – ар-ұятқа қарсы» деп жүрекпен түсінсе – бұл адамгершілік.) Махаббатты ескермеген мораль – қысымға айналады…

Тұлға – басқа адамдармен достық көңілмен қарым-қатынас жасайтын адам. Ол – жау емес, дос іздейтін адам!

Тұлға – өз ісінің, кәсібінің, жұмысының мықты маманы, шебері. Ол – Жаратқан Иеміздің өз кәсібін жақсы меңгерген адамды жақсы көретінін жақсы білетін адам. Ол сол жұмысы арқылы – қоғамға үлес қосады, өз орнын ойып тұрып алады. Негізі: қандай жұмыс істеп жүргенің емес, оны қалай істеп жүргенің – маңызды! Не мақсатпен, қандай ниетпен істеп жүргенің – маңызды!..

Тұлға болу – мына қабілет-қасиеттерді саналы түрде, жоспарлы түрде дамыту арқылы жүзеге асады:

  1. Дене тәрбиесі – адамның денсаулығын жақсарту, дене күш-қуатын арттыру; физикалық даму.
  2. Ақыл-ой тәрбиесі – адамның білім алу, ойлау қабілетін дамыту; интелектуалдық даму.
  3. Сезім тәрбиесі – эмоцияларды тану және басқара білу; сұлулықты сезіну, көңіл бағу қасиеттерін жетілдіру; эмоционалды даму.
  4. Рухани тәрбие – адамның ішкі жан дүниесін, сенімін, құндылықтарын ізгілендіру, адамгершілік қасиеттерді дамыту; рухани даму.

 Алғадай ӘБІЛҒАЗЫҰЛЫ

Таңбалар: тектіліктұлға
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Қоғам

Жарқайыңдық дін қайраткерлері ізімен

01.07.2020
Қоғам

Пайғамбар отбасында тәрбие алған тұлғалар кімдер?

20.06.2019
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Қайырымдылық шараларына қатысты

Қайырымдылық шараларына қатысты

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды
Жаңалықтар

Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

03.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00