Сұрақ: Құранда қандай жемістердің аты аталған?
Жауап: Құранда түрлі тақырыптарда көптеген ақпараттар қамтылған. Сондай-ақ, жемістердің де аттары бірнеше рет кездеседі. Аяттарда аталған жемістердің көбі Алланың нығметі мен жәннаттағы сый ретінде сипатталады.
Құранда негізгі аталған жемістер: жүзім, құрма, анар, зәйтүн, банан, інжір, т.б. Мынадай жемістер жайлы келген аяттарға тоқталуға болады: «Мариям» сүресінің 25-26 аяттары: «Құрманың діңін өзіңе қарай сілкі. Саған жаңа піскен құрма түседі. (Құрмадан) же, су іш әрі тыныштыққа бөлен!»;
«Тин» сүресі, 1-аяты: «Ант етемін інжір және зәйтүнмен»;
«Әнғам» сүресінің 99-аяты: «…Сондай-ақ жүзімнен бақтар және бір-біріне ұқсайтын, ұқсамайтын зәйтүн мен анар шығарамыз. Олардың жеміс салған және жемісі пісіп жетілген кезіне назар салыңдар…»;
«Уақиға» сүресінің 29-аяты: «…Және жемістері шоғырланған банан ағаштары арасында»;
«Рахман» сүресінің 68-аяты: «Ол екеуінде жемістер, құрма және анар бар»;
«Ясин» сүресінің 34-аяты: «…Құрма бақтары және жүзімдіктер жасадық және ол жерден бастаулар ағыздық» деп, жемістер Алланың берген нығметі екендігі жайлы Құранда кең баяндалған.
Икрам АЙТАЕВ










