Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қоңыр МҰҚАТАЙҚЫЗЫ, библиограф-ғалым, филология ғылымының кандидаты: Кітап оқырманға жетсін десек…

19.11.2025
- Сұхбат
0
7
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қоңыр Мұқатайқызы – кітаптану және библиография, кітап стандарты саласын жетік білетін, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультеті, баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының оқытушысы, ғалым. Қырық жылдан аса тәжірибесінде кітап ісінің және стандартының бары мен жоғын түгел түгендеп жүрген маман. Бүгінгі сұқбатта кітап саласының қазіргі жай-күйі туралы аз-кем әңгіме өрбіттік. 

– Ұлттық библиографияны жасау­дағы ең күрделі де нәзік тұстар қандай?

– Дүниежүзі бойынша шығып жатқан баспа өнімдері туралы ақпарат беретін үш мекеме бар. ЮНЕСКО-ның статистикалық жинағы, Халықаралық Кітап қауымдастығы және ISSN, ISBN ақпараттары.

Ал ұлттық библиография – мемлекеттің рухани, ғылыми және мәдениет танымының айнасы. Ол ел аумағында жарық көрген барлық басылымдарды, соның ішінде кітаптарды, мерзімді басылымдарды, картаны, нотаны, электронды ресурстар мен бейнематериалдарды жүйелі түрде тіркейді, сипаттайды (библиографиялық жазбалар мен мәліметтер қорын жасайды). Бұл техникалық тұрғыдан да, ғылыми-әдістемелік тұрғыдан да өте күрделі үдеріс. Ұлттық библиографияның күрделі тұсы – біздің ел аумағындағы жарық көрген барлық басылымдардың міндетті даналарын толық тіркеуге алу мәселесі. Елімізде кейбір баспалар немесе баспа ісімен айналысатын мекемелерден міндетті дана түспей қалуы мүмкін. Осы орайда біздегі баспа және баспа ісімен айналысатын мекемелер туралы айтқым келеді. Баспа ісімен айналысатын мекемелермен қарым-қатынас күрделірек. Кітап ­палатасы берген есепте елімізде 270-тей баспа және баспа ісімен айналысатын мекемелер тіркелгені айтылады. Негізі, әрине, республикадан шығатын баспа өнімдерін 100 пайыз жинап алу мүмкін емес. Яғни бұл мәселе бізде ғана емес, әр мемлекетте кездесетін мәселе. ­Әсіресе 1990 жылдардың бас кезінде міндетті даналарды жинап алу қиын болды. Бұл ұлттық библиографияны жасақтауда кедергілерге кезіктірді. «БАҚ туралы» Заңда мерзімді басылымдардың тегін міндетті даналарын Кітап палатасына, кітапханаға таратылып тұру міндеттеледі. Кітап және баспа туралы заң жоқ болғандықтан, «Мәдениет туралы» Заңға қосымша енгізіп, кез келген баспа және баспа ісімен айналысатын орындар тегін міндетті даналарын Кітап палатасына, кітапханаларға, тіркеу жасайтын 3-4 мекемеге салып тұру керек. Осы міндетті даналардың арқасында ғана ұлттық библиографиялық қорымыз жасалады. Кітап толық түспесе, ұлттық библиографиялық базаны толық жасадық деп айта алмаймыз. Қайталап айтайын, бұл бізде ғана емес, әр мемлекетте кездесетін жағдай. Еш мемлекет өзінде шығып жатқан баспа өнімін 100 пайыз жинадық деп айта алмайды.

Расписание времени поста и намаза по городам Карагандинского региона

Ең ұлық амалдар

25.11.2025
Мейірім бар жерде береке болады

Мейірім бар жерде береке болады

25.11.2025

Екінші мәселе, библиографиялық жазбалардың бір ізге түспеуі. Барлық библиографиялық жазбаларды халық­аралық деңгейде реттейтін стандартымыз бар, ол: 2003 жылғы ГОСТ7.1. Осы стандарт деректер бойынша бірізге түсіріліп жазылуы керек. Стандарт бұзылса, базаны толықтыру, ақпарат алмасу жұмысына кедергі келтіреді.

Транслитерациялық қиындықтар да бар. Кітап, есімдер атауы, латын және кирил графикасына дұрыс транслитерециялау жүргізілмей қалатын тұстар да кездеседі.

Жалпы ұлттық библиография ғылыми және мәдени миссия. Кітаптың библиог­рафиялық жазбалары дұрыс болуы үшін библиографиялық жазбаларға түсетін элементтердің бәрі кітаптың титул бетінде тұруы керек. Сонда ғана баспа өнімдерінің бәрінен бірізділікке түскен ­библиографиялық сипаттама жазылады.

Сандық дәуірде басылымдардың көптүрлілігін бір жүйеге түсіру жұмысы да күрделі. Қалай дегенмен де Кітап палатасы мен кітапханалар үйлесімді жұмыс атқарып жүргенін атап өтуге тиіспіз.

– Библиографиялық деректер базамыздың кемшілігі қандай және оны қалай толықтыруға болады?

– Библиографиялық базамыздың кемшілігі – баспа және баспа шығаратын мекемелердің өз өнімдерімен толық қамтамасыз етпей жатқаны және стандарттың сақтала бермеуі. Барлық кітапханалар, сипаттау жұмысымен айналысатын мекемелер бір стандартпен жұмыс істеуі керек. Сонда ғана біріміздің базамызға біріміз кіріп, байланыс орната аламыз.

– ISBN, ӘОЖ, авторлық белгілер, баспа құжаттары сияқты стандарттарды тәуелсіз Қазақстанда енгізуде қандай қиындықтарды еңсердік?

– Бұл индекс ғасырға жуық уақыт бойы айналымда. Әзірге бұлардан асқан әмбебап жіктелім жоқ. Сондықтан әлемде осы жіктеуді пайдаланады. ISSN, ISBN, ISNN – халықаралық кітап жіктелімін тіркеу ұйымына КСРО ыдырағаннан кейін дербес республика болып бірінші енген Қазақстан. ISBN бергенде әр республикадан шығатын баспа өнімін білмей тұрып тіркемейді. Сондықтан соңғы бесжылдық статис­тикалық мәліметтерді алып, жалпы баспа өнімінің көлемін тексеріп алған соң ғана республиканы тіркейді. Яғни мемлекеттерді баспа өнімдерін көп шығаратын, орташа шығаратын, ортадан аз шығаратын топқа тіркейді. Бір кодты кітапты көп шығаратын елдерге, келесісін орташа шығаратын, тағы бірін орташадан аз шығаратын елге береді. Біз орташа шығаратын мемлекет болып тіркелдік. Қазір Қазақстан үш орталықпен тікелей жұмыс істейді. Олар: Кітап, мерзімді басылымдар және ­ноталық басылымдар. Осы күні кітаптарға штрих код қойылады. Оны да біз КСРО-дан бөлініп шыққан республикалардың алдыңғылары қатарында алдық.

– Қалай ойлайсыз, нарық экономикасына көшкелі баспа мәдениеті өзгерді ме? Қай бағытта?

– Әрине, өзгерді. 1991 жылдан бастап баспа мәдениеті, баспа құрылымы, мазмұны түбегейлі өзгерді. Баспалар біртіндеп жекешелене бастады. Қазір барлық баспа жекеменшік баспаға ауысты. Экономикалық еркіндік алды. Мазмұнын өздері қалыптастырды. Таралымын өздері есептейді. Сұранысқа ие кітап шығаруды қолға алды. Кітап сату ісін өздері де ұйымдастыра бастады. Зерттей келсеңіз, бүгінгі күнде баспа үш жолменен кітаптарын шығарып жатыр. Біріншісі, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу. Екінші, редакторлары маркетингілік талдаулар жасап, өтімді кітапты өздері іздеп табу. Үшіншісі, өздері іздеп келген авторлардың кітабын шығару.

– Қазір ұстазсыз. Тәжірибеңізді студенттерге жеткізуде қандай әдісті қолданасыз? Баспа ісі бойынша оқу бағдарламасын жаңартудағы негізгі басымдықтар қандай?

– Қырық жылдан аса жұмыс тәжірибемде кітап пен баспа саласына қатыс­ты ереже, жарғы, заң, стандарттарды дайын­дауға атсалыстым. Студенттерге теориялық жағынан қоса, өз тәжірибемді де айтамын. Дәрістерім де тікелей тәжірибеме байланысты. Баспа мәдение­ті, кітап сатылымның басты критерийі, сапа белгісі, стандарттар – бүгінгінің студенті қызығатын тақырып. Болашақ маман осы стандарттарды жетік біліп, сапа белгісін ажырата алса одан жақсы маман шығады. Студенттерге кітапты жақсы көру дағдысын қалыптастырғым келеді. Л.Толстой «Жақсы кітап оқу – ақылды адаммен сырласқанмен бірдей» десе, М.Горький «Мен өз бойымдағы барлық жақсылығым үшін кітапқа борыштымын» деген, ал М.Әуезов «Көп жасаған білмейді, көп оқыған біледі» деп баға берген. Кітаптың осындай сипатын ешкім жоққа шығара алмайды. Бұл кітаптың рухани атқаратын қызметі десек, оның экономикалық, әлеуметтік өмірінде алатын орны, кітап шығарудың жолдары да дәрістерімде қарастырылады.

– Коммерциялық ойлаудан баспаның мәдени миссиясы әлсіреп кетпей ме?

– Олай деп ойламаймын. Өз миссия­сы, жоспары, бағыты бар баспа мәдени-ғылыми танымын жоғарылатпаса, төмендетуге жол бермейді. Тек мәдени ойды да сатуды, оқырманға өткізуді қолға алса болғаны.

– Ол үшін не істеу керек. Қазіргі кітапты сату ісінде жаңа бір бағыт-бағдар бар ма?  

– Қазір кітаптың шығарылуы, оқылуы және таратылуында қол жеткізген табысымызбен бірге, шешуін тосып тұрған келелі мәселелері де бар. Соның бірі – қаржыландыру мәселесі. Баспа саласында кітап шығаруды қаржыландырудың бұрыннан келе жатқан модельдері бүгінгі күнде аздық етеді. Заманауи баспа саласы жаңа инновациялық қаржыландыру жолдарын қарастыруы керек. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, бүгінгі біздің қолданып жүрген қаржыландыру жолдарынан басқа да тәжірибелер бар. Соның бірі – краудфандинг, шетелдік кітап бизнесіндегі жаңа ағым. Оқыр­манның қаржыландыруымен шығып жатқан бұл жаңа ағым баспагерлер мен авторға жаңа жобаларды жасауға және қаржыландыруға мүмкіндік береді.

Краудфандинг термині – көпшіліктің қаржыландыруы деген ұғым береді, ол жалпы бизнес-әлемінде қолданылады. Ал кітап бизнес-әлемінде краудфандинг – кітапты басып шығару үшін оқырманды демеуші болуға тарту жолдары десек те болады.

Краудфандинг интернет арқылы арнайы краудфандингтік платформаларда іске асырылады. Жұмыс жүйесі мынадай жолмен басталады. Қолында басылымға дайын қолжазбасы бар баспагер немесе кітабы дайын не кітап жазуға идеясы бар автор осы жобаны іске асыру үшін жұмсалатын қаржының жобасын сайтқа жариялайды. Бірінші күннен бастап келіп түскен қаржы қорын кез келген адам сайтқа кіріп көріп отыруға мүмкіндігі болады, яғни ашық түрде жүргізіледі. Сайтқа кіргенде ол кітапты оқуға, алуға ниет білдірген оқырман болса, кез келген мөлшерде қаржы аударуға болады. Бір ескерте кететін жағдай, автор не баспагер шығатын кітаптың идеясы, мақсатымен, біздіңше айтқанда, толық аңдатпасын оқырманға алдын ала таныс­тырып қояды. Кітап шыққаннан кейін, осы кітаптың шығуын қаржыландырған кез келген оқырман сыйлықсыз қалмайды. Оны әртүрлі жолмен іске асырады. Аударған қаржыңызға қарай, кітаптың өзінің бірнеше данасы, не болмаса электронды нұсқасы сыйға тартылады. Болмаса қаржы жағынан қомақты сома аударған адамның аты-жөнін кітаптың титул бетінде көрсетіледі. Кітап шығаруда қаржылай көмек көрсеткендердің аты-жөні көрсетіледі. Бұл тәжірибе бізде де бар.

– Краудфандингпен айналысып отырған платформалар туралы нақтырақ айтып берсеңіз. 

– Краудфандинг баспагерге де жазушыға да бірдей керек. Шетел тәжірибесіне көз салсақ, мынандай краудфандингтік платформалар әлемге белгілі: Kickstarter,Unbound, Pubslush және Pentian.

Осының ішінде Kickstarter – әдеби жобаларды іске асыруда әлемдегі ең танымал қаржыландыру қоры. Оның негізі 2009 жылы АҚШ-та қаланып, баспа жобаларын қаржыландыруды бастаған. Дүниежүзі баспасөзінің айтуына сенсек, ол 2012 жылы 19,5 миллион доллар қаржымен бір жарым мың баспа жобаларын іске асырыпты. 2014 жылғы платформаның жинаған қаржысы 48,7 миллион доллар, алты мыңнан аса баспа жобаларын қаржыландырған. Оның ішінде бір жарым мыңнан астамы үлкендерге арналған көркем әдебиет, үлкендерге арналған әдебиеттің басқа да түрлері және мыңға тарта балалар әдебиеті. Сонымен бірге кітаптың комикс түріне 29 миллион доллармен екі мыңнан аса жоба жүзеге асқан. Британдық Unbound қызметі. Жазушы мен баспагер арасындағы бұрынғы қарым-қатынас бүгінгі күн талабына сай емес, баспагерлер жазушымен тікелей жұмыс істеу тәуекеліне бара бермейді, себебі баспагерлер шығарған басылымының қаншалықты тиімді болатынына көздері жетпейді, сол себепті нарықтың сұранысын ескермей кітап шығаруға бара бермейді. Жазушы Дэн Киранның пікірі бойынша, краудфандинг жобасының қаншалықты нәтижелі болуы, ол жазушының қаншалықты танымал болуына да байланысты. Жазушы ақпарат айдынында белгілі, өзінің бір блогы болса, не бір сайттарда жиі жарияланып жүрген заманауи жазушы болса, ол үшін қаржы жинап алу аса қиын болмайды деген пікір айтады. Unbound қызметі өзінің де шығармасын жиі жариялап, өзгеге де пікір айтып жүретін белсенді авторлармен жұмыс істейді. Бір қызығы, автор әуелі өзінің ой-жобасын ғана жариялайды, ол кімді қызықтырады, сол қаржы аудара бастайды. Бұл жобадан авторлар кітап басылып шыққан соң кірісінің 50 пайызын алады, бұл қаржы оларға дәстүрлі баспалармен жұмыс жасағаннан гөрі тиімді деп есептейді жоба иелері. Әрине, кітап нарығын зерттеп шетелдік баспагерлер мұндай жобаны бірден қабылдап, британдық Faber& Faber баспасы сол платформадағы өтімді деген кітапты басып шығаруды қолға алған. Олардың бұл жобасы аясында 55-60-тан аса кітап басылымы шыққан, оның қаржысы бір миллион фунт стерлинг құраған. Unbound платформасынан Pubslush платформасының айырмашылығы, ол танымал емес авторлармен жұмыс істейді. Баспагерлерге де көмектің әр түрін көрсетеді. Тапқан табысының жартысын әлемдегі сауатсыздықпен күресу жолына жұмсайды.

Pentian – испандық краудфандингтік платформа. Оның негізін үш баспагер құрайды. «Платформаны құрғандағы негізгі мақсатымыз – жазушылардың оқырманынан қаржылық қолдау алу» дейді Pentian негізін салушының бірі Энрике Парилла. Кітап шыққаннан кейінгі қаржы бөлу жағын олар былай түсіндіреді: 40 пайыз – авторға, 50 пайы­зы оқырман-демеушілерге, 10 ­пайызы – Pentian орталығына. Платформа Испанияда қызметін 2014 жылы ғана бастағанына қарамастан, сол жылдың өзінде-ақ АҚШ кітап нарығына шыққан.

Краудфандингпен кез келген адам, бизнестің бір түрі ретінде айналыса алады. Краудфандингтің бүгінгі күндегі концепциясы: автор (баспагер) – ­басылым идеясы – оқырман. Сарапшылар келешекте бұл консепция оқырман – жаңа кітаптың идеясы – автор ­болып өзгереді деген болжам айтылады. ­Демек, оқырман тек қана демеуші емес, кітап талғамын қалыптастырудағы да шешуші тұлға бола алмақ. Бұл әсіресе көркем әдебиеттер емес, анықтамалық басылымдар мен оқу құралдарын шығаруда белсенді рөл атқаруы мүмкін.

Әлемде болып жатқан кітап басуды қаржыландыруда, кітаптың оқылуы мен таралуындағы жаңа серпілістер қазақстандық баспа ісіне де ауадай қажет болып тұрғандай. Себебі өмір өзгереді, оқырман талғамы өседі. Қазақстанда баспа саласын дамытуда, баспа өнімдерін таратуда бүгінде оқырманның белсенділігі төмен. Қоғам белсенділігі артпаса, оқырман мәдениеті дамымаса тек қана мемлекет тарапынан жасалып жатқан іс-шаралармен кітап, баспа ісі әлемдік деңгейден қалыспай, даму ­жолына түседі деуге болмайды. ­Сонымен бірге алыс-жақын шет мемлекеттерде, ТМД елдерінде жазушылардың кітаптарын басып шығаруға атсалысып жүрген әдеби агенттердің қызметі де бұл күнде нәтиже беріп жүр. Жазушы мен баспа, оқырман арасында жұмыс атқаратын әдеби агенттердің де қызметін біздің нарыққа енгізу бүгінгі күнде кезек ­күттірмейтін іс дер едім.

– Сұқбатыңызға көп рақмет! 

Әңгімелескен 

Қарагөз Сімәділ

Қайнар көзі: anatili.kazgazeta.kz
Таңбалар: кітап оқукітаптануҚоңыр Мұқатайқызы
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Заманауи кітапхана
Сұхбат

Заманауи кітапхана

13.09.2025
Кітап оқудың пайдасы мен артықшылығы
Ислам

Кітап оқудың пайдасы мен артықшылығы

29.08.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Қазақстан – конфессияаралық келісім отаны

Қазақстан үшін конфессияаралық келісімнің маңызы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды
Жаңалықтар

Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

03.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00