Сенбі, 25 Сәуір, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Қолмен өрілген қолғап сыры»: Ұлттық музейінде бірлескен көрме ашылды

18.11.2025
- Жаңалықтар
0
13
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Астана қаласындағы ҚР Ұлттық музейінде Эстония Ұлттық музейімен бірлесіп ұйымдастырылған «Қолмен өрілген қолғап сыры» атты көрме ашылды. Іс-шара Эстония Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында өтті. Көрме эстон қолғап тоқу дәстүріне арналды. Қолғап Эстонияның ұлттық мәдениетінің маңызды бөлігі саналады.

Салтанатты іс-шараға Эстония Президенті Алар Карис пен оның жұбайы Сирье Карис, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, эстон делегациясы, дипломатиялық корпус пен екі елдің зиялы қауым өкілдері қатысты. Карис мырза құттықтау сөзінде көрменің ұйымдастырушыларына алғыс білдірді.

«Солтүстік халықтары үшін қолғап – тұрмыстық өмірде ең қажет дүние. Бұл нәрсені Қазақстанға қатысты айтуға да болады деп ойлаймын. Эстон Ұлттық музейінің көшпелі көрмесінде эстон халқының тарихы мен мәдениеті көрсетіледі. Біздің өрнектеріміз, символдар, халқымыз, ана немесе әже бейнесі ұсынылған. Иә, мәдениетіміздің маңызды бөлігі әйелдер арқылы берілді. Олар – отбасы мен ошағын, халық даналығын, салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты және мәдениетті сақтаған жандар. Мәдениетіміз, рухымыз әрдайым осы әйелдердің аялы алақанында болды. Біз оны жоғары бағалаймыз әрі құрметтейміз. Осы көрмені мейлінше көп адам тамашаласа деген тілек бар. Себебі бір-біріміздің мәдениетіміз бен өмірге деген көзқарасымызға қызығушылық таныту арқылы біз даналыққа және адамгершілікке бір табан жақындаймыз», – деді Эстония Республикасының Президенті.📌

Іс-шара барысында Аида Балаева бірлескен көрме мәдени ынтымақтастықты нығайтуға, қолөнер, музей ісі саласында жаңа бірлескен жобаларға жол ашатынына сенім білдірді.

«Қазақстан үшін Эстонияның мәдени мұрасымен танысу ерекше маңызды. Осындай көрмелер ұлттық бірегейліктің жаңа қырларын ашып, шығармашылық диалогқа мүмкіндік береді. «Қолмен өрілген қолғап сыры» атты көрменің атауы терең мағынаға толы. Ол тек қолөнер мен шеберлікті ғана емес, екі ел халқына тән жылы да сенімді қарым-қатынасты білдіреді. Қол мен қолғаптың бірін-бірі толықтырғаны сияқты, біздің мәдениеттер де өз болмысын сақтай отырып, дәстүрді қорғау мен оны заманауи тұрғыдан дамыту жолындағы ортақ ұмтылыста үйлесім табады», – деді министр.

Экспозицияда Орта ғасырлардағы үлгілерден бастап, бүгінгі заманауи бұйымдар көшірмелері қойылған. Олардағы әрбір өрнек пен қолданылған түс өз дәуірі мен аймақтық ерекшеліктерінен сыр шертеді. Көрмеде Эстон ұлттық музейінің түпнұсқа коллекцияларына сүйене отырып, Тарту университетінің Вильянди мәдениет академиясымен бірлесіп жасалған жұмыстар қойылған.

Зейнеткерлер жалпықалалық сенбілікке қатысты

Зейнеткерлер жалпықалалық сенбілікке қатысты

25.04.2026
Медресе-колледж студенттері арасында республикалық олимпиада басталды

Медресе-колледж студенттері арасында республикалық олимпиада басталды

24.04.2026

Көшпелі көрме бұған дейін бірнеше Еуропа елінде өткен. Атап айтсақ, Мажарстан, Нидерланды, Франция, Бельгия, Болгария, Грекия және Эстонияда көрсетіліп, ал бүгін Қазақстанда ұсынылды.

Жоба аясында Эстон ұлттық музейі әзірлеген білім беру бағдарламасы да қарастырылған.

Қатысушылар қолғап өрнектерінің мән-мағынасымен танысып, дәстүрлі ою-өрнекке шығармашылық тұрғыдан интерпретация жасау мүмкіндігіне ие болады.

Көрме 2025 жылғы 28 желтоқсанға дейін жалғасады.

Таңбалар: көрмеЭстония
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды
Жаңалықтар

Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды

14.03.2026
Ұлттық орталық музейде сирек киножәдігерлер көрмесі ашылды
Жаңалықтар

Ұлттық орталық музейде сирек киножәдігерлер көрмесі ашылды

24.02.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Исламиада-2025: Ислам Евлоев күміс медаль иеленді

Исламиада-2025: Ислам Евлоев күміс медаль иеленді

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    123147 бөлісті
    Бөлісу 49259 Твитерге 30787
  • Духа намазы қалай оқылады?

    5252 бөлісті
    Бөлісу 2100 Твитерге 1313
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    3073 бөлісті
    Бөлісу 1229 Твитерге 768
  • Шәууәл айының ораза кестесі (қалалар бойынша)

    456 бөлісті
    Бөлісу 182 Твитерге 114

Соңғы жарияланымдар

Дінтанушы: Қазақстандағы діни бірлестіктер – қоғам тұрақтылығының маңызды бөлігі
Сұхбат

Дінтанушы: Қазақстандағы діни бірлестіктер – қоғам тұрақтылығының маңызды бөлігі

25.04.2026
Зейнеткерлер жалпықалалық сенбілікке қатысты
Жаңалықтар

Зейнеткерлер жалпықалалық сенбілікке қатысты

25.04.2026
Толеранттылығы жоқ елдің түтіні түзу шықпайды
Мемлекет және дін

Өзге дін өкілін құрметтеу – толеранттылықтың белгісі

24.04.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00