Сұрақ: Періштелер деген кімдер?
Жауап: Періштелер де біз секілді Алла Тағаланың жаратқан құлдары. Олар әрдайым Алла Тағалаға ғибадат етіп, бұйырылған қызметтерін атқарып тұрады. Олар күнә істерді жасамайды. Біз секілді ішіп-жемейді, ұйықтамайды және еркек-әйел болып жынысқа бөлінбейді. Денелері нұрдан жаратылған, олардың әрбірі самал желдей жұмсақ, көзге көрінбейді. Егер олар көзімізге көрінуді қаласа, әртүрлі бейнеде көріне алады.
Сұрақ: Періштелер қайда өмір сүреді?
Жауап: Періштелер көкте көбірек болады. Алла Тағала бұйырған қызметтерді орындау үшін жер бетіне де түседі. Жерде әр пенденің істеген амалдарын жазып тұратын періштелер де бар. Олар пенделердің жақсылықтары мен жамандықтарын өз амал дәптерлеріне жазып, қиямет күнінде есеп үшін сол амал дәптерлер ұсынылады. Сонымен қатар, жер жүзінде әрбір пендені зияндардан, апаттардан сақтап жүретін періштелер де бар.
Сұрақ: Қандай атақты періштелер бар?
Жауап: Атақты періштелер: Жәбірейіл, Микаил, Әзірейіл, Исрафил. Хазіреті Жәбірейіл – Алла Тағаладан пайғамбарларға уахи әкелетін періште. Әрбір пайғамбарға Алла Тағаланың сөздерін және кітаптарын сол періште алып келген. Хазіреті Микаил – адамдардың ризықтарын жеткізу үшін бұлтқа және жаңбырға әмір беруге тағайындалған періште. Хазіреті Әзірейіл – адамдардың жандарын алушы періште. Хазіреті Исрафил – адамдардың жаны тұратын сүр үрлеуге жауапты періште.
Сұрақ: Исрафил (ғ.с) ол сүрді не істейді?
Жауап: Ол сүрді екі рет үрлейді. Бірінші рет ақырзаман болғанда барлық жандарды жансыз ету үшін үрлейді, екінші рет үрлегенде Қиямет күнінен бұрын, барлық жандар осы сүрдің ішіне жиналады. Исрафил (ғ.с) екінші рет үрлегеннен кейін, әркімнің жаны сүрден шығып, өз денесін тауып, сол денеге кіреді. Содан кейін әрбір кісі қабірден тіріліп, жер бетіне шығады.










