Жұма, 23 Қаңтар, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Эстон әдебиеті бұрышы ашылды

18.11.2025
- Жаңалықтар
0
8
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Эстония Президенті Алар Каристің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында эстон әдебиеті бұрышының салтанатты ашылуы өтті.

Салтанатты рәсімге Эстония Президенті Алар Карис, Эстонияның Бірінші ханымы Сирье Карис, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, дипломатиялық корпус өкілдері, отандық және эстондық әдебиет пен өнер қайраткерлері және басқа да ресми тұлғалар қатысты.

«Қазақстан да, Эстония да өз әдебиетінің негізін бай ауыз әдебиетінен алатыны — көңіл аудартатын ортақ қасиет. Айтыс секілді дәстүрлі халық өнері әдебиет пен жазба тілдің дамуына берік негіз болды. Бір кезде баспа ісінің пайда болуы әлемді түбегейлі өзгерткен еді, бүгінде жасанды интеллект те сондай ауқымды өзгерістер әкелуде. Алайда даму жолында өткеннің құндылықтарын сақтау да маңызды. Айтыс та, кітап та — соның жарқын мысалы. Эстон әдебиетінің бұрышы достық пен жаңа ашылулар мекеніне айналсын деп тілеймін», – деді Эстония басшысы құттықтау сөзінде.

Іс-шара барысында Аида Балаева Алар Карис пен оның жұбайы Сирье Каристі қарсы алып, қатысушыларды маңызды мәдени оқиғамен құттықтады.

«Бүгін біз Қазақстан мен Эстония арасындағы терең символдық мәнге ие маңызды оқиғаның куәсі болып отырмыз. Баршаңызды Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Эстон әдебиеті бұрышының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – сөздің, руханияттың күші арқылы елдер мен халықтарды жақындастыратын ұзақ мерзімді әрі маңызды бастаманың бір бөлігі. Өздеріңіз табалдырығын аттап отырған ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Эстония әдебиеті мен эстон қаламгерлері туралы 100-ден астам құнды басылым сақталған. Олардың қатарында эстон әдебиетінің көрнекті өкілдері – Юхан Смуул, Пауль Куусберг, Яан Кросс сынды қаламгерлердің шығармалары да бар. Біз бүгін Эстонияның бай әдеби дәстүрімен жақынырақ танысу мүмкіндігі туып отырғанына қуаныштымыз», – деді Аида Балаева.

Министрдің айтуынша, эстон әдебиеті бұрышының ашылуы Қазақстан мен Эстония арасындағы мәдени байланысты нығайту жолындағы жаңа қадам болып, екі ел халқы арасындағы достық диалогты дамытуға ықпал етеді. Бұрышта Эстонияның классиктері мен заманауи авторларының шығармалары, балаларға арналған иллюстрацияланған басылымдар, қазақ шығармаларының эстон тіліне аудармалары, сондай-ақ эстон жазушыларының қазақ тіліне тәржімаланған еңбектері қойылған.

Қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын 36 спортшы қорғайды

Қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын 36 спортшы қорғайды

22.01.2026
Көрнекті тұлғалар мұрасына арналған көрме

Көрнекті тұлғалар мұрасына арналған көрме

22.01.2026

Көрмеде шамамен 320 басылым ұсынылды, оның 200-ден астамын эстон тарапы сыйға берген. Қалған кітап қоры – ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының эстон, орыс және ағылшын тілдеріндегі эстон әдебиеті мен оның авторларына арналған басылымдары. Олардың ішінде Мұхтар Әуезовтің әлемге әйгілі «Абай жолы» роман-эпопеясының эстон тіліндегі аудармасы, сондай-ақ Антон Хансен Таммсааре, Янн Каплинский, Андрус Кивиряхк және басқа да белгілі эстон жазушыларының шығармалары бар.

Аталмыш жоба Эстонияның Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен жүзеге асты және эстон тілінде басылып шыққан алғашқы кітаптың 500 жылдығына арналды. Бастаманың мақсаты – эстон мәдениетін, тілін және әдеби мұрасын кеңінен насихаттау. Әдебиет бұрышының ашылуымен қатар комикстер көрмесі де өтті.

Экспозиция 12 негізгі сюжеттен тұрады, олардың әрқайсысы Эстонияның әдеби дәстүріндегі маңызды кезеңді көрсетеді. Көрме 2025 жылдың 30 қарашасына дейін өтеді. Іс-шара аясында Аида Балаева мен Эстонияның Бірінші ханымы Сирье Карис Өнер музейін аралап, ұлттық музыкалық аспаптар коллекциясымен, қазақтың ұлттық киімдері, бас киімдерінің үлгілерімен танысты. Сирье Кариске «Joshy Qazaq National Group» музыкалық тобының концерт-лекциясы ерекше әсер қалдырды. Топ мүшелері ұлттық аспаптарды өздері жасап, дәстүрлі музыкалық шығармалар жазып, орындайды. Одан кейін Сирье Карис пен Аида Балаева К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде белгілі дирижер Рамус Пура жетекшілік ететін Таллин Ескі қала колледжінің (Tallinna vanalinn) ішекті аспаптар оркестрінің концертіне қатысты.

Таңбалар: Аида БалаеваҚазақ әдебиетіэстон әдебиеті
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Ұлттық құрылтайдың секция отырысында әлеуметтік-мәдени дамудың өзекті мәселелері талқыланды
Жаңалықтар

Ұлттық құрылтайдың секция отырысында әлеуметтік-мәдени дамудың өзекті мәселелері талқыланды

19.01.2026
Жаңалықтар

Әуезов театрын 100 жылдық мерейтойымен құттықтады

13.01.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
«Шығыс пен Батыс тоғысқан Сарайшық: Ұлы даладағы тарих және мәдениет» атты симпозиум өтіп жатыр

«Шығыс пен Батыс тоғысқан Сарайшық: Ұлы даладағы тарих және мәдениет» атты симпозиум өтіп жатыр

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Орынсыз сөз сөйлеудің салдары қандай?
Сұрақ-жауап

Орынсыз сөз сөйлеудің салдары қандай?

22.01.2026
О понятии и признаках религиозного экстремизма
Ағымдар ақиқаты

Экстремизм мен терроризмнің қоғамға тигізер зияны

22.01.2026
Қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын 36 спортшы қорғайды
Жаңалықтар

Қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын 36 спортшы қорғайды

22.01.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00