Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Деструктивті діни ағымдардың зардабы

18.11.2025
- Ағымдар ақиқаты
0
18
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазіргі жаһандану дәуірінде ақпараттық технологиялар мен әлеуметтік желілердің дамуы адамдардың ой-санасына әртүрлі идеялар мен көзқарастардың тез таралуына жол ашты. Өкінішке қарай, осы мүмкіндікті өз пайдасына қолданатын, қоғамға қауіп төндіретін деструктивті діни ағымдар да көбейді. Бұл ағымдар сырттай діни сипатта көрінгенімен, шын мәнінде олардың мақсаты – халықтың бірлігін бұзу, дәстүрлі рухани құндылықтарды жою және өз идеологиясын күштеп таңу.

Деструктивті діни ағымдардың ең басты нысанасының бірі – отбасы. Себебі отбасы – қоғамның ең кішкентай, бірақ ең маңызды ұясы. Отбасында қалыптасқан құндылықтар, әдет-ғұрыптар мен өзара сыйластық – біртұтас мемлекеттің тұрақтылығының кепілі. Алайда деструктивті ағымдар осы бірлікті бұзу үшін алдымен отбасының ішіне іріткі салады. Олар дәстүрлі салт-дәстүрді жоққа шығарып, ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты әлсіретеді. Мысалы, «Ата-анаң намаз оқымаса кәпір», «Намаз оқымайтын ата- ананың асын ішуге болмайды» деген түсінікке шақыру, ата-ананың насихатын «дінге қайшы» деп қабылдату немесе туысқандық байланысты «маңызсыз» деп түсіндіру – олардың жиі қолданатын әдістері.

Нәтижесінде, ата-анаға қарсы шыққан жастар, бауырмалдық қасиетін жоғалтқан ұрпақ пайда болады. Деструктивті діни ағымдардың отбасындағы тағы бір зияны бір-біріне деген сенімді жоғалтады. Бұл отбасылық үйлесімділікті сақтауда маңызды рөл атқаратын шайқалмайтын іргетас. Сенімділік отбасының әрбір мүшесі басқа мүшелердің қолдауымен оны ешқашан жолда тастамайтынына сене алатынын білдіреді. Сенім бар жерде, тыныштық, қауіпсіздік бар. Сенімнің арқасында отбасы мүшелері өз ойы мен сезімін ашық білдіре алады. Сонымен қатар сенім эмоционалды байланыстың дамуына ықпал етеді әрі кикілжіңдерді бейбіт түрде ақылға салып шешуге көмектеседі.

Қоғам үшін де мұндай ағымдардың зияны орасан. Біртұтас ұлтты алауыздыққа бөлетін, «өзіміз» және «өзгелер» деп жікке бөлетін түсінік сенімсіздік тудырады. Бұл – әлеуметтік тұрақтылыққа және мемлекеттің қауіпсіздігіне тікелей қатер. Тіпті мұндай идеологияның соңында діни экстремизм мен терроризм сияқты аса қауіпті құбылыстар тұруы мүмкін.

Жат діни ағымдардың қоғамға қаупі

Жат ағымның зардабы – қоғамға төнген қатер

24.11.2025

Исламофобия мен діни фанатизм – қауіпті құбылыс

02.11.2025

Деструктивті ағымдар мемлекеттің заңдары мен ережелерін мойындамай, өздерінің тар шеңберлі ережелерін алға тартады, бұл құқықтық тәртіпке де нұқсан келтіреді. Дәстүрлі дін мен деструктивті ағымның айырмашылығы – мақсатында. Дәстүрлі дін адамдарды ізгілікке, сабырлылыққа, бір-біріне көмектесуге және бейбіт өмір сүруге шақырады. Ал деструктивті ағымдар керісінше, адамдардың бойында күдік, дұшпандық сезімін оятады және қоғамнан оқшаулануына ықпал етеді.

Осындай қауіптің алдын алу үшін бірнеше маңызды шаралар қажет:

  1. Діни сауаттылықты арттыру – әр азамат өз діні туралы сенімді, дұрыс ақпаратты мешіттерден, діни басқармалардан, ресми діни әдебиеттерден алуы тиіс.
  2. Отбасындағы тәрбиені күшейту – балаға жастайынан ата-баба салт-дәстүрін, ұлттық құндылықтарды және сыйластық қағидаттарын үйрету қажет.
  3. Ақпараттық қауіпсіздік – интернет кеңістігінде радикалды контенттің таралуын шектеу, жалған діни үгіт-насихатқа қарсы түсіндіру жұмыстарын күшейту.
  4. Қоғамдық бірлікті нығайту – түрлі ұлт пен дінді ұстанатын азаматтар арасындағы сыйластықты дәріптеу, ортақ мақсатқа жұмылдыру.

Қорытындылай келе, деструктивті діни ағымдар – отбасы мен қоғамның ең басты жауы. Олардың мақсаты – бірлікті бұзу, ал бірлігі жоқ елдің болашағы да бұлыңғыр. Сондықтан әр азамат бұл қауіпке бейжай қарамауы керек. Бірлігімізді, тұрақтылығымызды және рухани құндылықтарымызды сақтау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз.

С. ТАНЫСБАЕВ,

Оңалту жұмыстарын ұйымдастыру

бөлімінің басшысы

Таңбалар: діни ағымсекта
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

ҰҚК: Деструктивті діни ағым өкілдері ұсталды
Жаңалықтар

ҰҚК: Деструктивті діни ағым өкілдері ұсталды

24.11.2025
Жат ағымның мақсаты – жүйені бұзу
Видео

Жат ағымның мақсаты – жүйені бұзу

18.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Жетісайда өрттен 12 адам қаза тапты, оның 9-ы – балалар

Жетісайда өрттен 12 адам қаза тапты, оның 9-ы – балалар

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды
Жаңалықтар

Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

03.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00