Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ұлттық сананы қалыптастырудағы діннің рөлі

03.10.2025
- Ислам, Таңдаулы
0
33
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазақ халқының тарихи қалыптасуы мен рухани дүниетанымында Ислам дінінің алатын орны айрықша. VIII ғасырдан Ұлы Дала кеңістігіне тарала бастаған Ислам діні ұлттық сананың, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың, рухани құндылықтардың дамуына терең ықпал етті. Ислам дінінің таралуы барысында халқымыз бұл дінді шынайы құрметпен қабылдап, оны өмір сүру дағдысының, отбасылық тәрбиенің және қоғамдық қатынастардың ажырамас бөлігіне айналдырды.

Тарихи деректер мен жазба мұралар Ислам дінінің қазақ жерінде орнығуы мен даму үдерісін дәлелдейді. Қарахан мемлекеті тұсынан бастап Ислам мемлекеттік дін мәртебесіне ие болып, ел ішіндегі мәдени, рухани, діни өмірге жаңа серпін берді. Түркі даласының ұлы тұлғалары – Қожа Ахмет Ясауи, Бұқар жырау, Шал ақын сынды ойшылдар мен ақын-жыраулар өз шығармаларында имандылық пен тәрбиені үндестіріп, ұрпақ санасына діннің мәнін сіңіруге тырысты.

Қазақ үшін діннің орны әрқашанда биік болған. Тарихи деректерге жүгінсек, Ұлы Далаға таралғаннан бастап халқымыздың Исламға ерекше мән беріп, айрықша құрметпен қарағанын, VIII ғасырдың (705-715) екінші жартысынан асқан соң сахабалар мен табиғиндер Сырдария бойындағы шаһарларға Ислам дінін жеткізгенін көреміз.

ІХ-Х ғасырларда (960) Қарахан ханы Сатұқ Боғра хан мұсылман болуына орай Ислам діні Қараханидтер дәуірінде кеңінен етек жайды. Сол тұста Түркістан, Отырар, Сайрам, Тараз шаһарларынан тамыр тартқан бүкіл қазақ даласы Ислам негіздерімен өмір сүрді.

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

03.12.2025

XI-XII ғасырларда Ислам діні Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи ілімімен шалғайларға тарады. Оның сопылық жолы көшпелі қазақ арасында Ислам дінінің терең тамырлануына мүмкіндік берді.

XIII-XIV ғасырларда Алтын Орда билеушісі Өзбек хан (1312–1342) Исламды мемлекеттік дін ретінде қабылдағаны тарихтан белгілі. Соның нәтижесінде шариғат қазақ халқының салт-дәстүрімен біте қайнасып, ұлттың рухани негізіне, ұрпақ тәрбиесіне орасан зор үлес қосты. Қонақжай халқымыз дін таратып келген қожаларды ұлтымыздың бір руы ретінде қабылдап, қазақ арасына сіңіріп алды. Міне, бұл Аллаға және оның елшісіне деген зор құрметті көрсетсе керек.

Қазақ даласының ойшылдары мен зиялыларының барлығы алғашқы сауатын ауыл молдасынан ашқаны осындай ғибратқа толы имани ғұмырдың айғағы. Ал халқымыз бала тәрбиесіне «ұят болады, жаман болады, обал болады» деген сөздерді жиі қолданған. Мұның өзі Ислам ғылымының ықпалынан туғанын көрсетсе керек. Себебі дінімізде ұят – иманның бір бөлігі, жамандық – кез келген күнәнің бастауы, ал обал – адамның ақысына қиянат жасау деп қарастырылады. Осыған қарап, Ислам діні қазақ халқының рухани өмірінде, мәдениеті мен дәстүрінде, ұрпақ тәрбиесінде ерекше орын алып, ұлттық құндылығының қалыптасуына негіз болды деп айта аламыз.

Бала тәрбиесіне ежелден айрықша мән беріп, оны ұлттық құндылықтың негізі деп таныған қазақ ұрпағының болашағына алаңдап, жақсы тәрбие беру үшін барлық жағдайды жасауға ұмтылған. Бұл үрдіс халық даналығында сақталған мақал-мәтелдерден анық байқалады. Мысалы: «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер», «Тәрбие – тал бесіктен басталады» деген нақылдар отбасындағы тәрбиенің рөлін айшықтай түседі. Ислам діні де осы қағидаларды қуаттап, ата-ананың басты міндеті – балаға көркем мінез бен дұрыс тәрбие беру екенін баса айтады. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ата-ана баласына көркем тәрбиеден артық ештеңе қалдыра алмайды» – деп, ұрпаққа білім мен өнеге қалдырудың маңыздылығын көрсеткен. Бұл ой қазақтың халық даналығымен үндесіп жатыр.

Ақын-жыраулар да тәрбиенің негізін имандылықпен байланыстырып жырлаған. Мәселен, Бұқар жырау:

«Бірінші тілек тілеңіз –

Бір Аллаға жазбасқа.

Екінші тілек тілеңіз –

Әзәзіл, пасық шайтанның

Тіліне еріп азбасқа» – деп, елді бір Жаратқанға сенуге және азғындық жолдан аулақ болуға шақырады.

Кейінгі дәуірде өмір сүрген Шал ақын Құлекеұлы да имандылық пен құлшылықтың мәнін айрықша атап көрсетіп:

«Жігіттер, ғибадат қыл маған нансаң,

Намаз оқы, Алланы есіңе алсаң.

Қырық жыл қашқан Қорқыт та өлген дейді,

Сөз сенікі, түбінде өлмей қалсаң» – деп адам баласының өткінші өмірін еске салып, рухани тазалыққа үндейді.

«Балаларым барым!» деп ұл мен қызға мейіріммен қараған халқымыз бұл даналықты пайғамбардың сүннетіне негіздеген болса керек. Бірде немерелерін сүйіп отырған пайғамбарымызды (с.ғ.с) көрген бір сахаба: «Менің он балам бар, бірақ ешбірін сүйген емеспін», – деп қалады. Сонда Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Мейірім көрсетпегенге мейірім етілмейді», – деп жауап береді (Бұхари, Мүслім).

Біздің әрбір ұлттық салт-дәстүріміз Исламнан өзек алып жатуының өзі халқымыздың дінге деген құрметін көрсетеді. Қазақ ішіндегі діннің ұлт пен ұрпақ тәрбиесінде ерекше орын алғанын тарихи деректер мен әдеби мұралардан байқаймыз.

Расында балаға ұлттық тәрбие мен имандылыққа баулу қатар жүргенде ғана шынайы толыққанды тұлға қалыптасады. Сондықтан қазақы қалпымыз бен құндылығымызды сақтау үшін дінді қадірлеу керек. Ол әркімнің азаматтық әрі рухани міндеті.

Мұхамед ОРДЫБАЙ,

«Дін саласындағы мәселелерді зерттеу

 және оңалту орталығы» КММ

Оңалту жұмыстарын ұйымдастыру

 бөлімінің маман-теологы, исламтанушы

Жетісу мешітінің наиб имамы

Таңбалар: Ислам дініұлттық сана
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

«Абай және дін: рухани тәрбиенің қайнар көзі» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
Жаңалықтар

«Абай және дін: рухани тәрбиенің қайнар көзі» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

03.11.2025
Дұрыс діннен дән ізде
Видео

Дұрыс діннен дән ізде

26.02.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Білім іздегенге бағдар керек

Білім іздегенге бағдар керек

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды
Жаңалықтар

Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

03.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00