Сенбі, 13 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Өткен күнде белгі бар

25.10.2025
- Мемлекет және дін, Таңдаулы
0
28
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

1990 жылы 25 қазанда қабылданған «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларация» – Қазақ елінің тәуелсіздікке ұмтылысының нақты көрінісі, азаттыққа бастар алғашқы заңды әрі саяси қадамы болды. Бұл құжат – мыңдаған жылдан бері жалғасқан мемлекеттіліктің қайта жаңғыруына, ұлттық сана мен рухтың оянуына жол ашқан тарихи белес.

Декларация еліміздің мем­лекеттік билігінің тәуел­сіз­дігін, жер мен табиғи байлықтың иесі – халық екенін заң жүзінде айқындады. Онда респуб­лика өз заңдарын қабылдау, ішкі және сыртқы саясатты дербес жүргізу құқығына ие екені атап көрсетілді. Яғни сарапшылар бұл құжаттың заң жүзіндегі тәуелсіздікке алып келгенін бірауыздан айтады. Ал оның ең басты құндылығы – іс жүзіндегі тәуелсіздікке жол ашқаны.

Шын мәнінде Қазақ елі үшін тағдыршешті қадам болған декларация республикамыздың саяси өміріне түбегейлі қозғау салып, тегеурінді реформалардың жүзеге асуына септігі тигені белгілі. 1991 жылғы 10 желтоқсанда Қазақ КСР-інің атауы Қазақстан Республикасы болып өзгертілсе, араға 6 күн салып «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заңы қабыл­дан­ды.

Арман Әсенов: Сарбаз бесаспап болуы керек

Арман Әсенов: Сарбаз бесаспап болуы керек

12.12.2025
Міржақып шығармашылығы талқыланды

Міржақып шығармашылығы талқыланды

11.12.2025

1992 жылдың 2 наурызында еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымына 168-мүше-мемлекет болып қосылды. Бұл – қазақты тәуелсіз мемлекет ретінде айдай әлемнің танығанының анық белгісі еді. Ал сол жылдың 7 мамырында Қарулы күштеріміз құрылып, еліміз бен жерімізді қасық қаны қал­ғанша қорғайтын айбарлы армия­мыз сап түзеді.

пр

Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның айрықша назар аударарлық бір тұсы бар. Ол – «Қазақ КСР-і Республикадан тыс жерлерде тұратын қазақтардың ұлттық-мәдени, рухани және тіл жөніндегі қажетін қанағаттандыруға қамқорлық жасайды» делінген 12-бабы. Таршылық жылдары тарыдай шашылып кеткен қандастар тағдырын тұңғыш рет қозғаған бұл құжат шеттегі қазақтардың атамекеніне оралуына да даңғыл жол ашты. Дәл осы кезден тарихи Отанға қарай қандастар көші түзеліп, демографиялық жағдайымыздың жақсаруына, ұлттық рухани тұтастығымыздың артуына үлес қосқан ұлы құбылыс басталды. Траптан түсе сала топырақ сүйген ағайын Қазақ елінің қанатын кеңге жаюына үлестерін қосып, кетігіне кірпіш болып қалана берді.

с

Егемендік декларациясы – тек сая­си құжат емес, ол – қа­зақ хал­қы­ның ғасырлар бойы арман­­даған азат­тығының заңды түрде бекітілуі еді. Өз тағдырын өзі айқындайтын, еркіндігін қор­ғауға дайын ел екенімізді дәлел­деді. Мемлекеттілігіміз қайта қалпына келді, мызғымас бірлігіміз баянды болашағымыздың өзегіне айналды.

Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ

Таңбалар: Мемлекеттік егемендік туралы декларацияреспублика күнітәуелсіздік
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаһандық ұйымдарға жол ашқан құтты қадам
Мемлекет және дін

Жаһандық ұйымдарға жол ашқан құтты қадам

01.11.2025
Бурдж-Халифа қазақ туының түсіне боялды
Жаңалықтар

Бурдж-Халифа қазақ туының түсіне боялды

26.10.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Дос КӨШІМ: Тәуелсіздік алуға қоғамдық ұйымдар айрықша үлес қосты

Дос КӨШІМ: Тәуелсіздік алуға қоғамдық ұйымдар айрықша үлес қосты

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Сұрақ-жауап

Қан алдыру туралы

12.12.2025
Арман Әсенов: Сарбаз бесаспап болуы керек
Сұхбат

Арман Әсенов: Сарбаз бесаспап болуы керек

12.12.2025
Мәдениет экономиканың драйверіне қалай айналады? Депутат Күлпаршын Айдархановамен сұхбат
Сұхбат

Мәдениет экономиканың драйверіне қалай айналады? Депутат Күлпаршын Айдархановамен сұхбат

12.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00