Сенбі, 13 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздарын марапаттады

23.10.2025
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
19
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Республика күні қарсаңында Астанада «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы қорытындыланды. Шешуші кезеңге еліміздің әр өңірінде өткен аймақтық турлардың жеңімпаздары қатысты. Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев үздік шыққан отбасыларын құттықтап, лауреаттарды марапаттады.

Мәулен Әшімбаев қатысушыларға ілтипат білдіріп, байқаудың Республика күнімен тұспа-тұс келгеніне назар аударды. Ол биыл Егемендік туралы декларацияның қабылданғанына 35 жыл толып отырғанын айтып, дәстүрлі бірегей конкурстың осындай мерейлі дата қарсаңында өткізілуі символикалық мәнге ие екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ Палата Спикері «Мерейлі отбасы» жобасы ұрпақтар сабақтастығын сақтауға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге ықпал ететінін атап өтті.

Сенат Төрағасы өз сөзінде ұлтымыздың жаңа сапасын қалыптастыруда отбасы институты маңызды рөл атқаратынына және бұл мәселе Мемлекет басшысының үнемі басты назарында екеніне де тоқталды.

«Қазақ – қашанда отбасын қасиетті ұғым санаған халық. Отбасының беріктігі мен ынтымағы – ұлттың бірлігі мен тұрақтылығының кепілі. Сондықтан ата-ананы ардақтау, туыстық қатынастарды нығайту сияқты құндылықтар ұлт мәдениетінің өзегіне айналды. Қазіргі таңда Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен осы сабақтастықты әрі қарай сақтау үшін ауқымды жұмыс атқарылып келеді. Бұл ретте отбасы институтын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға және қоғамда дұрыс құндылықтар жүйесін насихаттауға баса мән беріліп отыр. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында да отбасыларды қолдауға, ана мен баланың құқықтарын қорғауға арналған маңызды міндеттер жүктеді. Бұл әлеуметтік бастамалардың бәрі елімізде отбасы құндылықтарының нығаюына және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді деп сенеміз», – деді Мәулен Әшімбаев.

Арман Әсенов: Сарбаз бесаспап болуы керек

Арман Әсенов: Сарбаз бесаспап болуы керек

12.12.2025
Міржақып шығармашылығы талқыланды

Міржақып шығармашылығы талқыланды

11.12.2025

Сонымен қатар Сенат Төрағасы Палатаның Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясындағы заң шығару қызметі жөнінде айтты. Бұл ретте «Ұлттық қор – балаларға», «Келешек мектептері» сияқты кешенді жобалар және білім беру процесіне цифрлық технологияларды енгізу жолындағы іргелі істер туралы сөз болды.

Мәулен Әшімбаев «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздарын құттықтай келе, қатысушыларға азаматтық жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетіп, адамгершілік және отбасылық құндылықтарды дәріптеуге үлкен үлес қосқаны үшін ризашылық білдірді.

«Мерейлі отбасы-2025» байқауында 20 отбасы жеңімпаз атанды. Олардың қатарында Ақмола облысынан келген шығармашылық отбасы – Мекебаевтар, Алматы облысынан келген қолөнершілер әулеті – Бекдайырлар, Ақтөбе облысынан келген Төремұратовтар, Абай облысынан Сыдықбаевтар бар. Республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жеңімпаздары сәйкесінше, Айтқожиндер, Дүйсебаевтар және Нұртаевтар отбасылары. Ал, Батыс Қазақстан облысынан Сүйінғаровтар отбасы үздік деп танылды. Қарағанды облысының үлгілі отбасы болып кеншілер әулеті – Ключниковтар атанды. Солтүстік Қазақстаннан механизаторлар отбасы – Өзбековтер, Атырау облысынан теміржолшылар отбасы – Өтеповтер, Қостанайдан жұмысшылар отбасы – Егембердиевтер, Жамбылдан теміржолшылар әулеті – Бектасовтар жеңімпаз деп танылды. Сонымен бірге Жетісу облысынан мәдени және спорттық мұраны насихаттауға үлес қосып жүрген Бектеновтер отбасы, Павлодар облысынан шахтерлер әулеті – Тұрсынбаевтар, Ұлытау облысынан аграршылар отбасы – Қапбасовтар, Қызылорда облысынан еңбек сіңірген жұмысшылар отбасы – Әбсадықовтар, Маңғыстау облысынан қоғам қайраткерлері және шаруалар әулеті – Шолтамановтар, Түркістан облысынан агрономдар отбасы – Молдабековтер және Шығыс Қазақстан облысынан ғұмыр жолын табиғатты қорғауға арнаған Жақыповтар отбасылары үздік шықты.

Таңбалар: Мәулен ӘшімбаевМерейлі отбасы
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Сенат төрағасы Халықаралық Құран байқауының ашылуымен құттықтады
Жаңалықтар

Сенат төрағасы Халықаралық Құран байқауының ашылуымен құттықтады

15.10.2025
Съезд секциялық отырыстармен жалғасын тапты
Жаңалықтар

Съезд секциялық отырыстармен жалғасын тапты

18.09.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Аида Балаева: «Капитан Байтасовтың ерлігі – нағыз патриотизмнің үлгісі»

Аида Балаева: «Капитан Байтасовтың ерлігі – нағыз патриотизмнің үлгісі»

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Сұрақ-жауап

Қан алдыру туралы

12.12.2025
Арман Әсенов: Сарбаз бесаспап болуы керек
Сұхбат

Арман Әсенов: Сарбаз бесаспап болуы керек

12.12.2025
Мәдениет экономиканың драйверіне қалай айналады? Депутат Күлпаршын Айдархановамен сұхбат
Сұхбат

Мәдениет экономиканың драйверіне қалай айналады? Депутат Күлпаршын Айдархановамен сұхбат

12.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00