Сенбі, 13 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Татулық – ұлт тірегі

22.10.2025
- Мемлекет және дін, Таңдаулы
0
37
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қоғамдық келісім, азаматтық бірлік және этносаралық қатынастарды дамыту – Мәдениет және ақпарат министрлігі қызметінің басым бағыты. Бүгінде елімізде жүзден астам этнос өкілдері татулық пен келісім аясында өмір сүріп жатыр. Оларды тең мүмкіндіктерге негізделген әрі тұрақты дамуға бағытталған Әділетті Қазақстанды құру жөніндегі ортақ мақсат біріктіреді.

Ұлтаралық ынтымақты нығайту бағытында ұзақ жылдар бойы қалыптасқан тәжірибенің арқасында елімізде этносаралық келісім жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырудың тиімді институционалдық жүйесі қалыптасты. Бұл жүйе орталық мемлекеттік органдардан бастап өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеяларына дейін барлық деңгейде жұмыс істейді.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, этносаралық қатынастардың даму деңгейін зерделеу мен тәжірибелік ұсынымдар әзірлеу мақсатында өңірлерде тұрақты түрде әлеуметтік зерттеулер мен мониторингтік сапарлар ұйымдастырылып келеді. Соның арқасында биылғы дерек бойынша тұрғындардың 95 пайыздан астамы елдегі этносаралық ахуалды тұрақты әрі қолайлы деп бағалайтыны анықталып отыр.

«2022 жылғы сәуірден бастап кәсіби этномедиаторларды даярлау және медиация институтын дамыту мақсатында Этномедиация орталығы жұмыс істейді. Этносаралық салада түсіндіру жұмыстарын күшейту үшін республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы құрылды. Қазіргі уақытта елімізде 80 ақпараттық-түсіндіру тобы белсенді қызмет атқарып жатыр. Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен 1000-нан астам этномәдени бірлестік пен 4000-ға жуық қоғамдық құрылым біріктірілген. Олардың қызметіне 50 мыңнан астам азамат тартылған. Қоғамдық өмірге халықты кеңінен жұмылдыруда «Ақсақалдар кеңесі» мен «Аналар кеңесі» маңызды рөл атқарып келеді. Отбасылық құндылықтарды нығайту және жастарды рухани-адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеуге бағытталған «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт», «Адал азамат» және «Салауатты сана» жобалары табысты жүзеге асырылып келеді» делінген министрлік мәліметінде.

Арман Әсенов: Сарбаз бесаспап болуы керек

Арман Әсенов: Сарбаз бесаспап болуы керек

12.12.2025
Міржақып шығармашылығы талқыланды

Міржақып шығармашылығы талқыланды

11.12.2025

Айта кетейік, биыл алғаш рет Алматы, Жамбыл, Түркістан және Жетісу облыстарында аудандық деңгейдегі ассамблеялар құрылған болатын. Ал «Ассамблея жастары» жастар қанаты 10 мыңнан астам жас өкілін біріктіріп, мәдениеттер арасындағы диалогты дамытуға бағытталған бастамаларды іске асырып келеді. Жастар ұйымының «Жаңа толқын», «Школа лидеров АНК» және «50 жас көшбасшы» сияқты жобалары табысты жүзеге асып жатыр. Сонымен қатар еліміздің жоғары оқу орындарында түрлі этнос өкілдерімен жұмыс жүргізетін Студенттік ассамблея құрылған. Ол этносаралық келісім мен азаматтық бірегейлікті нығайтуға, сондай-ақ волонтерлік қозғалыс пен этномедиация бағытын дамытуға өз үлесін қосып жүр.

Бүгінде елімізде 32 Достық үйі бар. Биыл Қызылорда, Атырау және Абай облыстарында жаңа Достық үйлерінің құрылысы басталды. Бұған қоса, «Жомарт жан» қайырымдылық орталығы, «Жеңіс бірлікте» спорттық алаңы және «Елтану» жобасы белсенді түрде дамып келеді. Жыл басынан бері «Жомарт жан» орталығының меценаттары 35 мың азаматқа 305 миллион теңге көлемінде көмек көрсетті.

Ғылым мен білімді дамыту мақсатында жоғары оқу орындарында Ассамблеяның 42 кафедрасы жұмыс істейді. 360 сарапшыны біріктіретін Ғылыми-сараптамалық кеңес пен Жас ғалымдар клубы зерттеу қызметін жандандырып жатыр.

Медиа саласында 11 тілде 50-ден астам газет пен журнал жарық көреді. Алғаш рет еліміздің 14 жоғары оқу орнында оқу бағдарламасына «Этносаяси сауаттылық» курсы енгізілді. ҚХА журналистер клубы 500-ге жуық БАҚ өкілдері мен медиа саласының мамандарын біріктіреді.

Ассамблеяның 170-тен астам ансамбльді қамтитын шығармашылық ұжымдары қауымдастығы құрылды. Сонымен қатар 4 этноконфессиялық театр жұмыс істейді, мәдени іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесі жүзеге асырылып жатыр.

2023 жылы әдебиет, журналистика, мәдениет және өнер саласындағы жетістіктер үшін арнайы сыйлықтар тағайындалды. Сондай-ақ жалпыұлттық бірлікті нығайтуға қосқан айрықша үлесі үшін «Ел бірлігі» орденімен марапаттау тәртібі бекітілді.

Еліміздің этносаралық келісім тәжірибесі халықаралық аренада жоғары бағаланатынын айта кетейік. ҚХА жанында еліміздің бейбітшілік моделін шетелде ілгерілетуге бағытталған Халық дипломатиясы орталығы және Достық елшілер корпусы жұмыс істейді. Ал «Ассамблея жастары» ұйымы ЮНЕСКО мен Еуропа Кеңесінің халықаралық жастар құрылымдарына мүше болып, өз бастамаларын Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінде таныстырды.

Биыл атап өтілген Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы ең маңызды оқиғалардың бірі болғаны белгілі. Мерейтой аясында 10 мыңнан астам әлеуметтік маңызы бар іс-шара ұйымдастырылып, оған миллионнан астам адам қатысты.

Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ

Таңбалар: Толеранттылықұлтаралық татулықэтносаралық қатынастар
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Сұрақ-жауап

Дінаралық татулықтың маңызы неде?

01.12.2025
Толеранттылық туы биікте желбіресін
Видео

Толеранттылық туы биікте желбіресін

26.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Рухани келісім – тұрақтылық кепілі

Рухани келісім – тұрақтылық кепілі

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Сұрақ-жауап

Қан алдыру туралы

12.12.2025
Арман Әсенов: Сарбаз бесаспап болуы керек
Сұхбат

Арман Әсенов: Сарбаз бесаспап болуы керек

12.12.2025
Мәдениет экономиканың драйверіне қалай айналады? Депутат Күлпаршын Айдархановамен сұхбат
Сұхбат

Мәдениет экономиканың драйверіне қалай айналады? Депутат Күлпаршын Айдархановамен сұхбат

12.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00